Сабақтың түрі: құқықтық сауаттандыру Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі ІІ. Кіріспе



бет1/2
Дата06.05.2024
өлшемі20,26 Kb.
#201806
түріСабақ
  1   2
Байланысты:
Сынып сағат Құқығыңды қорғай біл (5-сынып)


Мақсаты: оқушылардың құқықтық білімін жетілдіру, құқықтық білім әр адамның ісі екенін ұғындыру; 
-ой-өрісін дамыту,белгілі бір пікір айтуға,тұжырым жасауға үйрету,есте сақтау қабілетін жетілдіріп,сөздік қорын молайту; 
-оқушылардың бойына құқықтық,патриоттық,адамгершілік тәрбиені сіңіру; 
Көрнекілік: нақыл сөздер, Бала құқығы туралы конвенция,слайд 
Сабақтың түрі: құқықтық сауаттандыру 
Сабақтың барысы: 
І. Ұйымдастыру кезеңі 
ІІ. Кіріспе
 
Мұғалімнің Заң туралы кіріспе сөзі 
ІІІ. Негізгі бөлім 
1. «Бала құқығы туралы халықаралық конвенция» 
2. Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы Заңы 
3. «Менің құқығым» әр оқушы өз құқығын айтады. 
4. Тренинг «Мен» 
5. «Сен білесің бе?» сұрақ-жауап. 
6. Құқық сөзінің кілті 
ІV. Қорытынды 
Мұғалімнің Заң туралы кіріспе сөзі 
Қазіргі уақытта құқықтық тәрбие беру өте қажет.Ол оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп,ойлау қабілеттерін дамытады,өз пікірін айтуға,тұжырым жасауға үйретіп,патриоттық тәрбие береді. Әрбір адам өзінің құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын заңдарды білуі қажет.Сондай-ақ заң адамға міндеттер жүктейді.Адам басқалардың құқықтарын бұзбауы,олардың өміріне,денсаулығына,ар-намысына қол сұқпауы керек.Адам түрлі жағдайда өмірсүреді:отбасында,жұмыста, мектепте,көпшілік жерде. 
Жас жеткіншек! Сен өзіңді құрметтеуге тиіссің. Бойындағы бар қабілетіңді тек жақсылыққа бағыттай біл. Зиянды әдеттерден, ішімдіктен, шылымнан, есірткіден аулақ бол. 
Ар-намысыңды биік ұста. Өз тағдырың-өз қолыңда. Өзіңе сен. Өзіне сенімді адам ғана өзгелердің теріс әсеріне бағындай өзін сақтай алады. 
Тәртіпті бол, өз құқығыңды дұрыс пайдалан. Сен ел үшін керексің, өйткені сен- тәуелсіз еліміздің болашағысың. 
Әнұран орындалады. (сынып ұжымы) 
1. «Бала құқығы туралы халықаралық конвенция» 
Заң дегеніміз- қоғамның негізгі тірегі. Қоғам деп отырғанымыз-мына біздер. Ата Заңымыз- еліміздің рәміздерінің бірі. Сондықтан негізгі Заңды елдің Туы, Әнұраны, және Елтаңбасы секілді қадірлеу, құрметтеу-біздің парызымыз» деген. Сондықтан әрбір адамның заң талабына бағынып жат қылықтар, өрескел тәртіп бұзушылыққа бармауы, өзіне жүктелген міндетті уақытылы орындаудың өзін еліміздің Ата Заңын, халықты құрметтеуі деп білуімізге болады. 


Конституция- елдің барлық ережелері жинақталған мемлекеттің негізгі құжаты. Сондықтан да біз оны Ата Заң деп құрметтейміз. Әрбір адам өзінің де, өзге елдің заңына бағынуға міндетті. Әр мемлекеттің өзіне тән заңы бар. Олой болмағанда дүние астаң-кестеңі шығып, небір жан түршігерлік нәрселер болар еді. Сан мыңдаған жылдар бұрын адамзат пайда болды. Міне, сонымен қатар түрлі мәселелер де туындай бастады. «Адамдар не істеуге болады, не істей алады?» деген сұрақтар туындай бастады. Міне, осы кезде әр елдің заңы, ережелері шыға бастады. 
Міне, балалар, адамның шыр етіп жерге түскен минутынан бастап оның өмірін, денсаулығын, тыныштығын қорғап отырған заң бар. Бұл заң- 1948 жылы 10-желтоқсанда қабылданған «Адам құқығының жалпыға бірдей декларациясы», сонымен қатар 1959 жылы қабылданған «Бала құқықтары декларациясы». Міне осы декларациядан кейін 61 ел қол қойған 1989 жылы 20-қарашада «Бала құқығы туралы конвенция» қабылданды. Қазірде бұған 91 мемлекет кірген. 
«Бала құқығы туралы халықаралық конвенциядан» 
- Мемлекет әрбір баланың аман-сау өсіп, жан-жақты дамуын қамтамасыз етеді. 
- Бала өмірге келе салысымен тіркеуге алынады және өзіне есім мен азаматтық алуға құқылы. 
- Әрбір бала өз отбасында ата-анасымен бірге өмір сүруге құқылы. 
- Бала мектепте кінәлі болғанда да оны ешкім ұрып жазалауға, кемсітіп қорлауға құқығы жоқ. 
- Бала тынығуға және мәдени демалуға құқылы. 
- Әрбір баланың ой-пікір, ар-ождан және дін еркіндігіне құқығы бар. 
- Бала өзі қалаған спорт түрімен шұғылдануға құқылы. 
- Бала денсаулығын сақтауға, емделуге құқылы. 
- Бала өз ойын еркін айтуға құқылы. 
Балалар адамға қатысты барлық құқықтарға ие, бірақ ересектерге қарағанда өз құқықтарын қорғау мүмкіндіктері аз болғандықтан ерекше құқықтық қорғауды қажет етеді. Қазақстанда балалардың құқығын қорғау үшін арнайы күндер берілген. 
Конвенция дегеніміз- арнаулы мәселелер жөніндегі келесім шарт. 
Осы Конвенция негізінде 2002 жылы тамызда Қазақстанда «Бала құқығы туралы» Заң қабылданды. Бұл Заң 10 тарау, 53 баптан тұрады. 2002 жылы 2-қыркүйекте Қазақстан «Бала құқығы туралы конвенцияға» қол қояды, сөйтіп қазақстанның «Бала құқығы туралы заңы» енгізілген. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет