8. Лекция сабақтарының жоспары, мазмұны


Экология жєне экологиялыќ тєрбие жайлы ±ѓым



бет87/186
Дата27.04.2022
өлшемі467,89 Kb.
#141042
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   186
Байланысты:
8. Лекция саба тарыны жоспары, мазм ны

1. Экология жєне экологиялыќ тєрбие жайлы ±ѓым.

Экология жас ғылым. Ол 200 жылдан аса ғана пайда болды. “Экология сөзін Естественная история происхождения” (Natural History of Creation) атты өзінің кітабында ең бірінші қолданған неміс биологы Эрнст Геккель (1968). Экология «ойкос» деген грек сөзі, «үй баспана» ұғымын білдіреді. Экологияны жасаған органикалық эволюция туралы оқудың негізің, салушы англия ғалымы Чарльз Дарвин.


Экологияның зерттейтін мәселелері жанды мақұлықтардың ортаға қатынасы, олардың ортамен өзара байланысы, өмір сүруі және ортаның оларға ықпалы.
Экология-тірі организмдердің ортада тіршілік әрекетін және өзара қатынасын зерттейтін биологиялық ғылым.
Экологиялық зерттеу ХХ ғасырдың бас кезінде пайда бола бастады, ал соңғы 10-15 жылдардың ішінде кең өріс алды. Бұл зерттеу адамның табиғатқа көзкарасының тікелей өзгеруімен байланысын көрсетеді. Адам табиғатты оның байлығын көп уақыттан бері аяусыз керегінше пайдаланып келді. Міне, осыған байланысты табиғат қоры таусылуда, биологиялық орта азғындап ластануда. Жер бетінде өсімдіктер, жануарлар, өзен-көлдер, теңіздер адамның жабайы, рахымсыз іс-әрекетінің нәтижесінде өздерінің бұрынғы табиғи біраз аймақтарда өнеркәсіптері (химия, мұнай, көмір, АЭС т.б) және цемент заводтары өндіретін пайдалы заттардан бөлінетін түрлі газдар, булар, жергілікті өндіріс орындары шығаратын заттардың, өнімнің, яғни азық-түлік, ет-сүт тағамдарының қалдық-қоқыстары іріп-шіріп бұзылуынан түрлі бактериялардың пайда болуы тұрғындардың денсаулықтарына зиян келтіреді, аурудың жаңа түрлері шыға бастайды.
Қоршаған ортаға зарарлы әсер ететін екі факторды атауға болады. Жер бетіндегі халықтың өсуі және адамның өндірістік іс-әрекеті.
Жер бетіндегі халықтың саны үздіксіз өсіп көбеюде. 1990 жылы біздің планетамызда 5,3 млрд. адам болса, ал 2000-ші жылы жер бетінде тұрушылардың саны 6 млрд. шамада болады. М. Пантелеевтің болжамы бойынша халықтың өсіп көбеюі онан әрі жалғасады, ХХI ғасырдың орта кезінде 10 млрд. деңгейінде жетіп тұрақтана бастайды.
Соңғы жылдары Қазақстан және Өзбекстан аймақтарында 3 млн. гектар жерде өсірілетін мақта және күріш дақылдарын Арал теңізін пайдаланып суландырып апаттық жағдайға соқтырды. Осының нәтижесінде суат бетіндегі су азайып тартылды, айналадағы жер құрғады. Сыр-Дарья өзенінің топырағы сортаңданды, мал жайылым өрісі тарылып кетті. Экологиялық жағдайдың азуы тұрғындардың денсаулығына, күнделікті тұрмысына үлкен әсер етті. Сондықтан халық қоныс аударуға мәжбүр болды.
Адамның өндірістік іс-әрекеті. Қазіргі кезенде ең көкейтесті мәселелердің бірі-бұл адамның өндірістік іс-әрекетінің негізінде қоршаған ортаның ыластануы, бұзылуы. Жер бетінде зиянды, әсіресе улағыш заттардың қалдықтары өте көп. Олар ауада да, су орталығында да таралған. Осының бәрі қоршаған ортаға әсер ететін өндірістік қалдықтар.
Атомдық өнеркәсіптің қалдығы және атомдық копарылыстың радиоактивтік тұнбасы бірте-бірте адам организмінде жиналып, қатері ісік ауруына (рак) ұшыратады.
26 сәуір 1986 ж. Украинадағы Чернобыль АЭС-ның ядролық реакторы жарылуынан бүкіл тұрғын халықтар үлкен экологиялық апатқа ұшырады. Украина және Белоруссия тұрғындары туған мекенін тастап, сол мемлекеттердің басқа аудандарына орналасты. Чернобыль 30 жыл бойында жабық зона болып қалды. Тағы да еске түсіретін нәрсе, ол тсшздер жонс мухиттар тубінде көп жылдардан бері жаткан ядролық реакторлар, снарядтар, миналар, октар бір кезеңдерде су астынлағы жер сілкінуініц әсерінен қоларылып су ішіндегі жер бетінлегі букіл тіршіліктің радиоактивті көзі болуы мүмкін.
Біз бәрімізде табиғатты корғауда, сақтауда және оны дұрыс пайдалануда ұрпақтың алдында, тарих алдында жауаптымыз




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   186




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет