8. Лекция сабақтарының жоспары, мазмұны


Мұғалімнің кәсіптік қызметі



бет22/186
Дата27.04.2022
өлшемі467,89 Kb.
#141042
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   186
Байланысты:
8. Лекция саба тарыны жоспары, мазм ны

2. Мұғалімнің кәсіптік қызметі.
Өмірдің әр салалары секілді педагогикалық істе де талантар сирек кездеседі. Әрине әр мұғалімге талантты болмауына да болады. Алайда ол өз ісінің шебері болады және болуға да тиіс.
Адам бойында мұғалім мамандығына деген бейімділіктің болуы педагогикалық шеберлікті меңгеруге көбіне көп нәрсе әсер етеді.
Бейімділік балалармен жұмыс істеуге айқын бейнеленген ыңғайы мен қабілеттен көрінеді.
Бүгінгі талапқа байланысты мұғалім өз елінің белсенді идеялық сенімді жақтаушысы, өз мемлекетінің аяғынан тік тұрып кетуіне, оның саяси және экономикалық бостандығына, Отанын сүйе білетін жастарды тәрбиелеу қолынан келетін мамандарды айтады.
Шеберлікіті көтерудің жолы озат – мұғалімдердің, іс – тәжірибелерін, олардың ойларын – оқыту мен тәрбиені жетілдірудің басты көздерінің бірі. (Ш.А. Амонашвили, И.П Иванов, В.Ф. Шаталов, И.П. Волков, Е.Н. Ильин, В.А. Краковский т.б.)
Мұғалім сөзі – тәрбие беру ісіндегі ең басты құралдардың бірі. Тәрбие беру ісіндегі аса маңызды жайттардың бірі – педагогикалық такты.
Педагогикалық такты деп мұғалім бойындағы мақсатқа сай жоғары адамгершілік сезімді айтады. Мұғалім оқушыларға педагогикалық ықпал жасайды.
Ықпал – оқушылар арасындағы мұғалімнің беделі мен өнегесі.
Талант – дарындылықтың жоғары дәрежесі, онеы зерттеу, анықтау күрделі мәселелердің біріне жатады.
Мұғалім оқушының жеке басының дамуын, қалыптасуын, білім беру мен тәрбие және оқуту процесін басқарады.Мұғалім – бала жанын сезе білуге, түсінуге бейім, онымен үнемі бірге болудан, араласудан жалықпайтын және одан өзіне зор ләззат алатын адам.
Мұғалімнің ғылыми білімдер жүйесін меңгеруде жоғары болуы тиіс. Өз бетінше ойлай білу, қиын динамикалық жағдайларда жол таба білу – мұғалімге тән кәсіби бейне. Ойлау процесінің әрдайым педагогикалық міндеттерлі шешуге бағытталуы, білімдер комплексінің маңызды болуы, мұғалімнің кәсіби мінез – құлқы мен әрекетіне өзіндік сипат береді.


5- ТАҚЫРЫП


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   186




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет