Мектептің іс - әрекетін басқару әдістерін үйлесімді етіп шеберлікпен пайдалану жұмысты басқарудың СТИЛІН анықтайды. Басқару стилі- бұл жеке адамдарға және ұжымға әсер ететін әдістер мен тәсілдердің жиынтығы.
СТИЛЬ обьективтік және субьективті факторлардың әсер етуі арқылы қалыптасады.
Обьективтік фактор – ұжымның ұйымшылдығы , іс –қабілеті, басты міндеттерді шеше білуі, ұжым мүшелерінің сауаттылығы және сапалық деңгейі.
Субьективтік фактор – басшының жеке басының қасиеттері.
Мысалы: іскерлік, мінез, бедел т.б. Демек, педагогикалық және басқару ісін жете білушілік.
Басқару стилінің үш түрі бар: Өктемдік стиль, Демократиялық стиль, Ымырашылдық стиль.
Өктемдік стиль – бұл әкімдікке құмар, құрғақ беделге ие болу оқушылардың мүмкіншіліктерін бағаламау.
Демократиялық стиль – оқу - тәрбие процесін жетілдірудің негізгі жолдарын іздестіруді, жұмысты нақты жоспар бойынша істеп оқушылар ұжымымен мүшелерімен мәселелерді шешу үшін дәлелді шешімдер қабылдайды.
Ымырашылдық стиль - бұл оқу – тәрбие процесінің мәніне жете түсіне бермейді, жұмыстағы кемшілікті байқамайды кейді болып жатқан іске де біле тұрып жол береді.