Мұғалімнің жеке басын сипаттайтын қасиеттер мыналар: кәсіби бағыттылығы, ғылыми көзқарасы, идеялық сенімі, саяси – қоғамдық, азаматтық белсенділігі, адамгершілік – гуманистік қатынасы. Педагогикалық – кәсіптік қасиеттері мыналар: балаға деген ынта – ықылас, махаббат, педагогикалық байқағыштық, әділдік, талап қоя білушілік, табандылық, ұстамдылық, өзін - өзі басқара білу, қайырымдылық, мамандығын сүйе білу.
Мұғалімге қойылатын негізгі талаптар:
А) Қоғамның алдыңғы қатарлы идеяларын игеру;
Ә) Жан игеру;
Ә) Жан лық, өмірдің әр түрлі саласынан хабардар болуы;
Б) Педагогикамен байланысты пәндерден психологияны, физиология, анатомия, мектеп гигиенасын, мектеп тану пәнін жақсы білу керек;
В) Оқытатын пәнін, соған байланысты ғылымдарды, олардың жетістіктерін жақсы білу;
Г) Оқыту, тәрбиелеу әдісін білу;
Д) Жұмысына шығармашылық көзқарас;
Е) Баланы жете білу, олардың жан – дүниесін түсіну педагогикалық сенім;
Ж) Педагогтік техниканы меігеру (мәнерлі, қисынды сөйлей білу).
З) Педагогтік әдептілікті меңгеру
И) Балаға деген сүйіспеншілік пен әділдік.
Педагогикалық мамандықтың ерекшеліктері деп әсіре педагогтың ізденпаздығын, білуге деген құмарлығын, артық білуге ұмтылуын айтады. Басқа мамандық иелерінен мұғалімнің айырмашылығы оның өз жұмысында білімін ұлғайтып, тереңдетудегі айрықша педагогикалық бағыттаушылық қабілеті болып тыбылады.
6- тақырып