8. Лекция сабақтарының жоспары, мазмұны


Дене шынықтыру және спорт мамандығы мұғалімінің тіл мәдениеті



бет29/186
Дата27.04.2022
өлшемі467,89 Kb.
#141042
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   186
Байланысты:
8. Лекция саба тарыны жоспары, мазм ны

Дене шынықтыру және спорт мамандығы мұғалімінің тіл мәдениеті

Оқушылар алдында сөйлеу өте жауапты, әрі қиын жұмыс. «Сөйлей – сөйлей шешен болған» кісілерде кейде үлкенді кішілі аудиторияға келіп көпшілікке қарап ә деп тіл қатқанда, жүрегі алып – ұшып тұрады. Оның себебі айтайын деген ойымды қатесіз, дұрыс айта аламын ба, тыңдаушыларды менің сөзім қанағаттандырады ма деген уайым қыстайды оның үстіне аузына қадала қарап жәудіреген көп көздердің, әр сөзінді сынай қабылдайтыны белгілі. Ондай мәдениетті аудиторияның үнсіз сұсы сөйлеушіге әсер етпей қоймайды. Оқушылар алдында сөйлеп ысылмаған мұғалімдер ондайда асып – сасып, булығып, айтайын деген сөзінен жаңылысып қалады. Мұндай сәтсіздікке ұшырамау үшін оқушылар алдында өзіңе - өзін берік бол, қандайда бір қиыншылыққа кез болсаң да, сасқаламақтауға тырыс.
Аудиторияда ұстамдылықтың қамы – ерте бастан жүргізілген даярлық.
Оқушыларды еліктіре білу, олардың назарын сөйлеп тұрған сөзіне аудара білу – мұғалімге жүктелген міндеттің нәтижелі болуының басты шарты.
Халқымыздың ғасырлар бойы келе жатқан жақсы дәстүрлерін сақтап оны әрі қарай дамытып сөз этикетін байытып, толықтырып, оны оқушылардың сөйлеу дағдысына айналдыру – оларды адамгершілікке, инабаттылыққа, сыпайыылылыққа баулуда септігін тигізері сөзсіз.

7 – тақырып




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   186




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет