1. Тәрбиенің әдістері, тәсілдері және құралдары туралы ұғым. Қазіргі педагогикалық теорияда “Тәрбие әдісі” ұғымы әліде жете зерттелмеген мәселелердің бірі. Өйткені бұл жөнінде әр түрлі көзқарастардыі бар екені байқалуда. Бұған көптеген авторлардың тәрбие әдісіне берген анықтамаларының өзі – ақ дәлел бола алады. Т. Е. Конникованың анықтамасы бойынша – бұл педагогикалық жұмыстың тәсілдері мен жолдары арқылы тәрбие мақсатына жету. И. С. Марьенконың анықтамасы бойынша, тәрбие әдісі – бұл жеке адамға тікелей және жанама түрде ықпал жасау. В. А. Сластенин тәрбие әдісін тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің іс - әрекетінің өзара байланыс тәсілдері деп тұжырымдайды.
Тәрбие әдіс ұғымы туралы мұнан басқа да бір сыпыра анықтамалар бар. Осы анықтамаларға қарағанда шамасы, әрбір автор тәрбие әдісі туралы ұғымды өзінің зерттеу жұмысының нәтижесіне сүйеніп түсіндіретін сияқты. Бірақ, біздің байқауымызша, әртүрлі анықтамалар бір мақсаты көздейді, демек бұл сананың дамуына, баланың мінез – құлық тәжірибесінің қалыптасуына әдістің тәрбиелік ықпал жасауы.
Сонымен, әр түрлі авторлардың анықтамаларына сүйеніп, мынадай қортынды жасауға болады. Тәрбие әдісі – тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара байланыс іс - әрекетінде оқушылардың тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуына бағытталған педагогикалық жұмыс тәсілдері. Мұндай анықма ынтымақтастық педагогика талабына сәйкес келеді. Ынтымақтастық педагогика мұғалім мен балалардың бірлесу еңбегіне сүйеніп, оларды қуаныш сезіміне бөлейді, табысқа жеткізеді.
Тәрбие жұмыстарының әдістері тәрбиенің мақсатына, принсиптеріне және мазмұнына , балалардың жас және дербес ерекшеліктеріне , олардың тәрбиелік дәрежесіне байланысты. Тәрбие әдістері тәрбие жұмысының мақсаттары және мазмұнымен анықталады, ал мақсат әдістің бас критерийі.
Барлық әдістер тәрбие мақсаттарын іске асыруға, оқушыларды мінез-құлықтың қоғамдық нормасына үйретуге, адамдармен қарым-қатынас жасауға және олардың іс -әрекеттеріндегі құнды тәжірбиелерін пайдалануға бағытталуы қажет.
Әдістерді іске асыру барысында тәрбиеші оқушыларға педагогикалық ықпал жасайтын тәрбиенің тәсілдері мен құралдарын да қолданады.
Тәсіл әдістің құрамы бөліктері, әрбір әдістің тәсілдері болады. Мысалы, үйрету мен жаттықтыру әдістерінің тәсілдері нұсқау, көрсету, машықтандыру,тапсырма т.б. Нақты тәрбие барысында әдістер мен тәсілдер арасында нақты шекара жоқ, ол құбылмалы (өзгергіш), жылжымалыболады.
Тәрбие құралдарына іс-әрекеттерінің түрлері көрнекі, құралдар, көптеген комуникация құралдары, педагогикалық ықпал жасау құралдары (мұғалім, ата-ана, ересек адамдардың сөзі, олардың өнегесі т.б.) жатады. Тәрбие мақсаты жемісті болу үшін осы құралдарды тиімді пайдалану қажет.
Оқушы тұлғасы қалыптасудың басқарылуын қамтамасыз ету-тәрбиенің негізгі құралдарын толық және тиімді пайдалана білу. А.С.Макаренко өз тәжірбиесінде тәрбиедегі шешуші роль атқаратын нәрсе оқшауланған құралдар емес, керісінше, олардың үйлесімді құрылған жүйесі екенін дұрыс көрсеткен-ді.
Адам еңбектің, танымның, қарым-қатынастың субъектісі ретінде іс-әрекет барысында қалыптасады. Педагогикалық тұрғыдан дұрыс ұйымдастырылса, тұлғасы қалыптасып келе жатқан адамның негізгі іс-әрекет түрлері құралдары болып табылады.