қатынасы туралы ақпарат;
Философия – таным принцптерінің комплексі, таным іс –
әрекетінің жалпы әдісі.
Осыдан барып философияның көптеген қызметі екі топқа бөлінеді:
Дүниетанымдық
әдіснамалық.
Философияның адам мәселесінің маңыздылығына орай бірінші орында гуманистік қызметі тұр. Гумандылық (лат. humanus- адамгершілігі бар ) – адамгершілік деген мағынаны білдіреді, ол –гуманизмнің түрлі бағыттарының арман – мұраты. Оның басты мақсаты: адамға тән құндылық қабілеттілігінің, сезім мен парасаттың үйлесімді дамуы, адами мәдениеттің, өнегелік пен оған лайық адамдар мен тұтастай жаратылысқа қатысты мінез – құлықтың жоғары деңгейде дамуы.
Философияның келесі дүниетанымдық қызметі - әлеуметтік– аксиология. Оның өзі де бірнешеге бөлінеді, олардың ішіндегі ең маңыздылары: құрылымдық – құндылықтың, интерпретаторлық және сыншылдық қызметтері.
Жеке тұлғаның дүниетанымы, сондай-ақ, дүниетанымдық білімдер мен сенімдер, дүниетанымдық көзқарастың кеңеюі мен тереңдеуі қажеттігінен тұрады. Қажаттілік дүниетаным сапасы ретінде: жеке тұлғаның дүниетанымы тек заттық – мазмұндық категория емес, ол, сондай-ақ психологиялық категория, соның ішінде эмоционалды – жігерлік категория. Білім мен білікке негізделген қажеттілік пен сенімділік дүниетаным табиғатына сай, яғни тиісті, жетілген, сонымен қатар, шынайы мүмкін және қол жетерлік туралы түсінік болатын жалпы әлеуметтік, адамгершілік және эстетикалық арман-мұраттардың қалыптасуын қамтамасыз етеді.
Сенім мен арман-мұрат жеке тұлғаның дүниетанымының тағы бір элементінің негізін салады, ол – қызмет - әрекетінің бағыты мен дүниеге деген қатынасты айқындайтын жалпы принциптер. Ең соңғы дүниетаным элементі – дүниетанымдық сенім, принциптер мен арман – мұраттарға сәйкес қызмет - әрекет етуге деген эмоционалды – жігерлі әзірлік.
Философиялық теориялар көптеген педагогикалық тұжырымдар мен тәрбиелік жүйелердің негізін құрайды.