2. Экономикалық тәрбиенің зерттейтін проблемалары. Халыққа білім беру біздің елімізде мемлекет тарапынан қамқорлыққа алынап келеді. Мемлекетіміздің экономикалық саясатына өзгеріс енуіне байланысты білім беруді қаржыландыру табиғаты да өзгеруде. Білім берудің мемлекеттік стандартына сай оның белгілі бір мөлшерде қаржылануы сақталады. Оқу орындарының роліне өзгеріс енуде. Шешілетін мәселенің бәрі оқу орындарының өзінде шоғырлануда. Мысалы, мұғалімдедің еңбек ақысы және оларды ынталандыру, оқу - материалдық жабдықтарды ұстау және оны байыту т.с.
Қаржыландыру кезі мемлекет тарапынан және оқығаны үшін оқушылардың төлемімен құрылады. Халыққа білім беруді қаржыландыру рыноктық экономика ықпалының өзіндік ерекшелігі бар. Олар:
- қосқан үлес еңбегіне сай мұғалімдердің еңбек ақысын елеулі жекелендіру;
- оқу орындарының тек өзіне лайықты оқушыларды таңдап алудағы өзара бәсекенің пайда болуы, ал мұның өзінің оқытуды ұйымдастырудың жаңа жолдарын іздеу оны тәжірибеге өндіруді жандандыру;
- оқушылардың және олдардың ата – аналарының оқыту процесіне ықпал етуіне мүмкіндік алуы, ал мұнының өзі барлық оқушыларға бірдей деңгейлікте қарамай, олардың дербес қабілеттерін айқындауға және дамытуға жағдай туғызу;
- оқу орнының материалдық - техникалық базасын осы заманғы ғылыми – техникалық талаптар деңгейіне жеткізу жағдайының жасалуы;
- әкімшілік басқаруға жұмсалатын қаржының үнемделіп, оның білім беру мұқтажына бағытталуы;
- педагогикалық – ғылыми зерттеу мекемелерінің оқу орындарымен тікелей келісім шарттар арқылы қаржылануы т.с.с.
Мұның бәрі елімізде халыққа білім берудің деңгейін көтуге қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.
Дегенімен, халық ағарту ісііне осы тұрғыдан қараудың көмескі жақтары боатынын алдын ала біліп отырған жөн.
Олар:
- халықтың белгілі бір бөлігінің білім алуға қаражатының жетпеуі мүмкін, сондықтан елімізде суатыздықтың өсуіне кездесуі;
- оқу орындарының жіктеуі пайда болып, төлем ақысы жоғры мәртебелі оқу орындарының өмірге келуі;
- білім алудың төлем ақысының үнемі өсе түсуі т.о.с.
Рыноктық экономикалық саясаттың бұл салаларын түбегейлі жою мүмкін емес, бірақ мемлекет тарапынан белгілі бір деңгейде реттекуге болады. Мемлекет білім алғысы келетіндердің бәріне көмектесуі қажет. Мұны жүзеге асырудың ең тиімді жолы білім алуға ынталы адамдарға мемлекет тарапынан белгілі мерзімге кредит (қарыз) беру.
Оқушыларға экономикалық білім беру қазіргі қайта құру кезеңінде өте көкейтесті мәселелердің бірі. Оларды халық шаруашылығының әр түрлі салаларында жұмыс істей білуге үйрету үшін экономикалық, ғылыми – техникалық, гуманитарлық білімдермен қаруландыру қажет.