Тек миометрия тонусын жоғарылататын дәрілер
(Утеротониялық дәрілер)
Бұл препараттар миометрияның жиырылуын сергітетін заттар, ол кезде қан тамырлары қысылып, қан кету тоқтайды. Утеротониялық дәрілер босанғаннан кейінгі гипо – және атониялық қан кетуді тоқтату үшін, босанғаннан кейінгі және түсіктен кейінгі жатырдың инволюциясын (қайтадан дамуы) тездету үшін, жатырдан гинекологиялық қан кетуде қолданылады. Жүктілікте және босануда (жатыр бұлшықет тонустық жиырылуы іштегі баланың тұншығуына алып келуі мүмкін) қолдануға болмайды.
Қара күйе алкалоидтары: эргометрин, метилэргометрин (метилэргобревин), эрготамин, эрготал.
Қара күйе – дәнді өсімдіктердегі паразитті саңырауқұлақ. Эргометриннің белсенділігі жоғары болып келеді. Эрготамин ми қан айналым жүйесіне әсер етіп, мигренде (ми қабықшаларының артерияларының пульсын төмендетеді) қолданылады. Қара күйе алкалоидтары ОЖЖ – не тыныштандырғыш әсер көрсетіп, климакстық неврозда, вегатативті дистонияда, неврогенді және т.б. бұзылыстарда қолданылады. «Беллатаминал», «Белласпон» (эрготамин), «Беллоид» (эрготоксин) препараттарының
құрамына кіреді. Жанама әсері: көбінесе эрготаминде байқалады: лоқсу, құсу, іш өту, әлсіздік, бұлшық ет ауырсынулары. Эрготаминді стенокардияда, гипертониялық ауруларда, атеросклерозда, тромбофлебитте, сепсисте, бауыр және бүйрек қызметінің бұзылуында қолдануға болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |