8 Миометрияға Әсер Ететін Дәрілер


Cotarnini chloridum – котарнин хлориді



бет6/8
Дата09.02.2022
өлшемі57 Kb.
#131148
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
8 Миометрияға Әсер Ететін Дәрілер

Cotarnini chloridum – котарнин хлориді (Б): 0,005 таб. шығарылып, 1 таб. тәулігіне
3 рет белгіленеді.
Өсімдіктегі дәрілері («әлсіз» жатыр дәрілері): қалақай (крапива) жапырағының тұнбасы, жұмыршақ (пастушья сумка) тұнбасы мен сығындысы, бұрыш таран (горец перечный) тұнбасы мен сығындысы, мыңжапырақ (тысячелистник) шөбінің тұнбасы мен сығындысы, бөріқарақат (барбарис) тұндырмасы, тоққұдыс (чистец) сығындысы, шәңгіш (калина) қабығының қайнатпасы, арника тұндырмасы – босанғаннан кейінгі кезеңдегі қан кетуде, жатырдың субинволюциясында және меноррагияда қоданылады. Жүктілікте қолдануға болмайды.
Миометрияның тонусы мен жиырылуын төмендететін дәрілер
(Токолитикалық дәрілер)
Жүктілікті көтере алмаушылықта және мезгілінен бұрын босану қаупінде (стационарда), босану кезінде операцияға дайындау алдында қолданылады.
β2 адерномиметиктер: фенотерол (партусистен), сальбутамол (сальбупарт), гексопреналин (гинипрал), ритодрин (пре – пар), тербуталин (бриканил).
β2 адренорецепторларды қуаттандыру нәтижесінде миометрияның тонусы мен жиырылу қызметі төмендейді. β2 - адреномиметиктер айрықша токолитикалық әсері бар бірден бір дәрілік заттар тобы болып табылады. Жақсы қабылданады және ұрық пен жаңа туған балаға кері әсер көрсетпейді. Күре тамырға енгізуден бастайды (минутына 10 – 20 тамшыдан баяу, тамшылатып), сонан соң бұлшық етке және пероральды енгізумен жалғастырады. Жанама әсері: тахикардия, қолдың дірілдеуі, бұлшық ет әлсіздігі, АҚ – ң төмендеуі, терлеу, тынышсыздық және лоқсу байқалады. Жүрек ақауында, жүрек ырғағының бұзылысында, тиреотоксикозда және глаукомада қолдануға болмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет