8-практикалық жұмыс. Геомәліметтер базасы. Кеңістіктік нысандар кластары


Шейп-файл форматындағы шығыс мәліметтерді геоөңдеу ерекшеліктері



бет2/7
Дата08.11.2022
өлшемі314,5 Kb.
#157220
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Практика ShapeFile FeatureClass

Шейп-файл форматындағы шығыс мәліметтерді геоөңдеу ерекшеліктері.
  • Осы жылдар ішінде Esri компаниясы географиялық ақпаратты сақтауға арналған үш негізгі форматты жасады – жабындар (покрытия), шэйп-файлдар және геомәліметтер базалары. Шэйп-файлдар географиялық және атрибуттық ақпаратты сақтауға арналған топологиялық емес қарапайым формат ретінде жасалған. Қарапайымдылығының арқасында шэйп-файлдар мәліметтер алмасудың танымал форматына айналды. Шэйпфайлдар қарапайым және қолдануға ыңғайлы болғанымен, олардың геомәліметтер базасында жоқ шектеулері бар. Шейпфайлдарды пайдалану кезінде бұл шектеулерді ескеру қажет.
  • Жалпы,
  • - Географиялық мәліметтер – шэйпфайлда сақталынатын тек қана кеңістіктік нысандар мен атрибуттарға қарағанда неғұрлым үлкен мәнге ие. Мысалы, аннотациялар, атрибуттық байланыстар, топологиялық байланыстар, атрибуттардың домендері мен подтиптер, координаттардың дәлдігі мен мүмкіншілік және көптеген басқа қасиеттер бар, олар геомәліметтер базасында қолдау табады, бірақ шэйп-файлдарда емес.
  • - Шэйпфайлдар - бұл мәліметтер алмасу үшін жиі қолданылатын ашық формат. Esri-дан бөлек басқа компаниялардың көптеген бағдарламалық жасақтамалары мәліметтерді осы форматта жазады. (Shapefile форматының сипаттамасын http://www.esri.com/library/whitepapers/pdfs/shapefile.pdf мекен-жайы бойынша табуға болады.) Өкінішке орай, бұл бағдарламалық жасақтамалар әрдайым дұрыс форматталған шэйп-файлдарды жаза алмайды. Сізде қандай-да бір ақпарат көзінен бүлінген шэйп-файлдарын алу тәжірибесі болуы мүмкін.
  • - Шэйп-файлдар атрибуттарды сақтау үшін dBASE форматын (.dbf файлы) пайдаланады. dBASE - Esri форматы емес, бірақ 1980 жылдардың басында жасалған және сол кездегі кестелер мен атрибуттарды сақтауға арналған ең кең тараған формат болды. Алайда уақыт өте келе мәліметтерді көрсетуге байланысты көптеген жақсартулар болды, мысалы, әлемде қолданылатын көптеген тілдерді қолдайтын Юникод форматы. Бұл шэйп-файлдардың мәліметтерді ағылшын тілінен басқа тілдерде сақтауға жарамсыз болуының бір себебі.
  • Осы және басқа проблемалар пішін файлдарын мәліметтер қорының белсенді жұмысына онша сәйкес келмейді - олар заманауи құру, редакциялау, редакциялау және мұрағаттау тәсілдеріне сәйкес келмейді.
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет