Жұмыстың мақсаты:Тыныс алудың көрсеткіштерінің физикалық еңбекке тәуелділігін анықтау.
Әдістері:Жұмыс спирометінің көмегімен жүзеге асады.Тексерілушінің минуттық тыныс көлемін (МТК) және жиілігін спирометрмен өлшейді.Өлшеуді үш рет жүргізу керек:отырған қалыпта,минутына 120 қадамды бір орында жүру арқылы және бір орында жүгіру арқылы.Кейін мынадай есептеулер жүргізу қажет:тыныс алудың орташа тереңдігін табу,МТК-ны жиілікке бөлу арқылы.Кейін алвиоларлық вентиляция көлемін табу,ол үшін зиянды кеңістіктің орташа көлемін (ерлерде 150 мл,әйелдерде 100 мл) жиілікке көбейтіп,шыққан санды МТК көлемінен азайту.Шыққан нәтижелерді кестеге жазу керек.Үш тексерістің нәтижесін салыстырып,бұлшық ет жұмысының тыныс алуға әсерін анықтау.
2 кесте.
Достарыңызбен бөлісу: |