8-сынып. Қазақстан тарихы


§ 24. Қазақстардың дәстүрлі шаруашылығы



бет4/7
Дата31.12.2019
өлшемі0,82 Mb.
#55256
1   2   3   4   5   6   7
§ 24. Қазақстардың дәстүрлі шаруашылығы

§ 25. Қазақ халқының ұлттық мерекелері мен ойындары және спорттық жарыстары



§ 26. Қазақ халқының әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлері.

Сабақтың мақсаты:

  • Оқушыларды қазақтардың дәстүрлі шаруашылық жүйесімен, ұлттық мәдениеттің ерекшеліктерімен таныстыруды жалғастыру, олардың қоғам өміріндегі маңызын ашу;

  • Анықтамалық әдебиеттермен жұмыс істеу машықтарын жетлдіру, қосымша деректерді пайдалана білуге үйрету;

  • Халықтың сал-дәстүрлері мен әдет-ғұрпына құрметпен қарап, мақтаныш етуге және еңбекқорлывққа, төзімділікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: интерактивті

Көрнекілік: карта, сызба

Негізгі түсніктер: қазақтардың дәстүрлі шаруашылығы, халық мәдениетінің ерекшеліктері, ұлттық әдет-ғұрып пен салт-дәстүрлердің маңызы.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  2. Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  3. «Хабар» /ел жаңалықтарынан.../

  4. Оқушы зейінін сабаққа аудару

Жаңа тақырыпты оқытудың үлгі жоспары:

  1. Қазақтардың дәстүрлі шұаруашылығы:

  • Қазақ ауылы. Қазақтардың үйлері;

  • Мал өсіру мен егіншілік кәсібінің дамуы;

  • Халықтық мал дәрігерлігі;

  • Аңшылық пен балық аулау.

  1. Ұлттық мерекелер мен ойындар

  • Мерекелер мен ойындар:

  • Халық емшілері.

  1. Қазақ халқының әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлері:

Әдет-ғұрып пен дәстүрлердің қазақ халқы өміріндегі рөлі.

Сабақ оқушылардың білімін тереңдету және бұрын алған білімдерін қолдана білуге үйрету мақсатымен практикалық жұмыс түрінде өткізіледі.



ТАҚЫРЫП: «Қазақтардың дәстүрлі шаруашылығы»

1 тапсырма:

7-сыныпқа арналған Қазақстан тарихы курсы материалдарына сүйене отырып:


  1. Қазақ ауылдарын басқару ерекшеліктерін бейнелейтін сызба жасаңдар.

  2. Қазақстарда тұрғын үйдің қандай түрі болды?

2 тапсырма:

  1. Киіз үй құрылысының сызбасын жасаңдар. Үйдің негізгі бөліктері қалай аталады?

  2. Киіз үйдің қазақ өміріндегі маңызы жөнінде не айта аласыңдар?

  3. Үйдің құрылымына, әр түрлі ою-өрнектерге, үй жабдытарына қарап, кәсіпшіліктің қандай түрлерінің дамығанын айтуға болады?

3 тапсырма:

Кестені толтырыңдар.



Қазақтар қандай мал өсірді?

Малдан алынатын ұлттық тағамдар

1.

2.

3.



4.

5.


1.

2.

3.



4.

5.

4 тапсырма:

Кестені толтырыңдар.



Қазақстанның қай аймақтарында жер шаруашылығы дамыған?

Қазақстар астық тұқымдастарының қандай түрлерін өсірді?

Жер өңдеуге арналған құрал-саймандар

Астақтан дайындалатын ұлттық тағамдар













5 тапсырма:

  1. Халық мал дәрігерлігі жөнінде сендер не білесіңдер?

  2. Қазіргі күндері үй жануарларын кім және қалай емдейді?

  3. Пал, жұт дегеніміз не? Оның салдары мен маңызын түсіндіріңдер.

ТАҚЫРЫП: «Ұлттық мерекелер мен ойындар»

6 тапсырма:



  1. Қандай ұлттық мерекелер мен ойындарды білесіңдер? Олардың пайда болу тарихы мен маңызын әңгімелеңдер.

  2. Халық емшілері деген кімдер? Қазіргі кезде мемлекет адамдардың денсаулығына арнап қаражат бөледі, емханалар мен басқа да сауықтыру орындарын салады, соған қарамастан, адамдар халық емшілеріне барады. Сендер осыған қалай қарайсыңдар? Неліктен адамдар халық емшілеріне сенеді?

ТАҚЫРЫП: «Қазақ халқының әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлері»

Қазақ өмірінде әдет-ғұрып пен салт-дәстүрлердің өз рөлі бар екенін ежелгі заманнан М.Қашқари, Ш.Уалиханов, Х.Досмұхамедов, М.Жұмабаев, М.Әуезов, т.б. жазған. Аса үлкен аумақта тұрып жатқан халық үшін бұл салт-дәстүрлер бір-бірін түсінісуге көмектеседі, бірлікке шақырады, олардың тәрбиелік мәні зор.

«Қазақ халқының әдіт-ғұрпы мен салт-дәстүрлері» тақырыбы бойынша сөздікпен жұмыс:

Азан-таңертеңгілік намазға шақыру

Азан шақырып ат қою-жаңа туған балаға ат қою

Айға бата беру-жаңа ай туғанда айтылатын ырым

Ауыз тию-ұсынылған астан дәм тату.

Базарлық- алыс сапардан, тойдан келгенде әкелетін сый

Байғазы-сыйлық, көрімдік

Бауырына салу-бала қылып алғанды айтады

Ерулік-жаңа көшіп келген көршіні қонақ ету

Жеті ата-шежіренің бастауы

Киіт-құдаға берілетін сыйлық

Кіндік шеше-жаңа туған баланың кіндігін кескен кісі

Қалаңмал-қалыңдық үшін берілетін төлем

7 тапсырма:



  1. Сендердің отбасыларыңда қолданылатын салт-дәстүрлер мен ырымдарды айтып беріңдер

  2. Бүгінгі күнде қазақ халқында қандай салт-дәстүрлер сақталған? Олардың маңызы неде?

  3. Салт-дәстүрлер мен ырымдарға байланысты иақал-мәтелдерді айтыңдар.

  4. «Ант бұзған оңбайды, салт бұзған сорлайды», «Сананы салт туғызады» деген мақалдардың мәні неде?

  5. Осы сұрақтарды қорытындылай келе үйге тапсырма беріледі.

Үйге тапсырма:

  1. ХІХ ғ. аяғына қарай мал шаруашылығында қандай өзгерістер болды?

  2. ХІХ ғ. аяғында қазақтар неліктен отырықшылық салтқа көше бастады?

  3. Қазақстар арасында аңшылық пен мал шаруашылығының маңызы туралы не айта аласыңдар?

  4. Қазақ өмірінде батаның маңызы қандай?

8-сынып. Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: § 27. Семей ішкі округының құрылуы

Сабақтың мақсаты:

  • Ішкі округтың құрылу себептерін ашу, Ертістің оң жағалауына өткен қазақтардың тұрмыс ерекшеліктеріне, ішкі округтердің басқару құрылымына тоқталу;

  • Оқушылардың шығармашылық ойлауын дамытып, салысмтыруды, талдауды, үйрету, логикалық ойлау, есте сақтау қабылетін жетілдіру;

  • Жауапкершілікке, алдыға мақсат қоя білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: интерактивті

Көрнекілік: карта, сызба

Негізгі түсініктер: Семей ішкі округын ашу тарихы, округтық приказдың басқару жүйесі, оның рөлі мен маңызы.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  2. Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  3. «Хабар» /ел жаңалықтарынан.../

  4. Оқушы зейінін сабаққа аудару

Жаңа сабақты оқытудың жоспары:

  1. Семей ішкі округын құрудың себептері.

  2. Округтық приказдың құрамы және сайлау тәртібі.

  3. Сот билігі. Міндеткерлігі.

  4. Семей ішкі округын құрудың тарихи маңызы.

Ертістің оң жағына өткен қазақтардың жағдайын айтқанда, алдымен олардың Томск губерниясы шаруаларымен және Сібір казактарымен жиі қақтығысып қалып отырғандары, оларды ішкі жаққа өткізбеуі туралы әңгімелеу. Бұл кезде патша әкімшілігі қазақтар арасында өз жағдайын нығайту үшін осындай шаралар жүргізді. Картаны пайдалана отырып, Семей ішкі округінің құрылу тарихына және оның ерекшелігіне жан-жақты тоқталу.

Семей ішкі округы

  • 1854 жылғы 9 мамырда «семей облысын басқару туралы Ереже» шықты.

  • Аумағы-Омбы бекінісінен Өскеменге дейін созылған, ұзындығы 800 шақырым, ені 300-400 шақырым. Жаңа округ Томск губерниясы аумағында құрылып, Семей облысының құрамына енді.

  • Қазақтардың ішкі округке өту тәртібі: үкіметке ешқандай салық төлеген жоқ, өздерінің жеке басқару құрылымы болмады,далада тұратын басқа қазақтармен араласуға тыйым салынды, шекара шебінен өткен жағдайда ремонт салығын төледі.

Округтік приказдың құррылуы. Бұл тақырыпты түсіндіргенде округтік приказды басқару құрылымының ерешеліктерін бейнелейтін сызба пайдаланылады:
Округтік приказды басқару құрылымы:

Округтік приказдың құрамы

Әкімшілік бөлініс және басқарушыларды сайлау тәртібі

Сот билігі және міндеткерліктер

  1. Әскери бастық

  2. Аға сұлтан

  3. Үш орыс және бір қазақ заседатель

  1. Округ-болыс-ауыл.

  2. Басқару таза әскери сипатта болды.

  1. Дәстүрлі билер соты.Ресей заңдары негізінде ( билер қызметі округтік приказда бекітілді).

  2. Жасақ төлеу,15 сом күміс ақшамен үстеме және жол салу, келген шенеуніктерді киіз үй, отынмен қамтамасыз ету міндеттері.


1868жылы Семей ішкі округіы жойылып, оның аумағы Семей облысы Павлодар және Өскемен уездеріне қосылды. Тематикалық кестелер оқушылардың тарихи үрдістердің логикасын түсінуге көмектеседі. Осы кезеңде болған оқиғалар жөнінде айтқанда оқушылардың білімін бақылау үшін картаны пайлану керек.



Сабақты бекіту:

Сұрақтар мен тапсырмаларды пайдаланғанда олардың сипатына мән беру керек( проблемалық, дамытушылық, логикалық). Сұрақтар мен тапсырмалар оқушыларға жүйелі дайындықтың қажеттілігін арттыруға көмектеседі.



  1. Семей ішкі округын құру үшін қажет болды?

  2. Бұл басқару құрылымының сыртқы округтерден қандай айырмашылығы бар?

  3. Жаңа округте сот билігі қалай жүргізілді?

Үйге тапсырма:

  1. 192-беттегі 1,3,5,7,8 сұрақтарға жауап беріңдер.

  2. Оқулықтағы материалдарды пайдалана отырып, кестені толтырыңдар.

Округтер

Округтің құрылған уақыты

Басқару жүйесі

Болыстар мен ауыл старшиндары неше жылға сайланды?

Заседательдердің ара салмағы қандай болды? (Орыстар мен қазақтар) алынған алым мөлшері




Сыртқылыра
















Семей ішкі округі

















8-сынып. Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: § 28. ХІХ ғасырдың 60-жылдарындағы әкімшілік реформалар.

§ 29. ХІХ ғасырдың 80-90-жылдарындағы әкімшілік реформалар

Сабақтың мақсаты:

  • Оқушыларға Қазақстанда жүргізілген бұл реформалардың сипаты мен маңызын, оның мақсаты Қазақстанды басқарудың саясижүйесін өзгерту екендігін түсіндіру, бұл реформалардың ерекшеліктерін айту және 1822 ж. «Ережемен» салыстыра отырып, оның отарлық сипатын ашу;

  • Оқушылардың танымдық қызығушылығын дамыту, олардың тарихи үрдістерге қысқаша мінездеме беріп, қорытынды жасай білуге үйрету, оқушыларды ізденіс жұмыстарына ынталандыру, олардың мәселелерді шешудегі жеке көзқарастарына орынды баға беру;

  • Еңбексүйгіштікке, жауапкершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: интерактивті

Көрнекілік: карта, сызба

Негізгі түсініктер: әкімшілік-аумақтық бөлініс, генерал-губернаторлық басқарудың ерекшеліктері, сайлау жүйесі, міндеткерлік түрлері, контрибуция, қазақ ауылдары өміріндегі капиталистік қатынастардың дамуы мен әсері.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  2. Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  3. «Хабар» /ел жаңалықтарынан.../

  4. Оқушы зейінін сабаққа аудару

Үй тапсырмасын сұрау:

  1. «Шынберілген» қазақтардың тұрған жерлерін картадан көрсетіңдер.

  2. Кестенің толтырылуын тексеру.

Жаңа тақырыпты оқытудың жоспары:

І. ХІХ ғ. 60- жылдарындағы әкімшілік реформалар.



  • Қазақстан аумағындағы патша үкіметі жүргізген әкімшілік реформалардың мақсаты, себептері мен реформалаудың басталуы.

  • Қазақстанның 1867-68 жылдардағы реформалар бойынша әкімшілік-аумақтық бөлінісі.

  • Басқару құрылымының ерекшеліктері

  • Денсаулық сақтау, жерді пайдалану салаларындағы реформалар.

  • Реформалардың отаршылдық сипаты.

ІІ. ХІХ ғ. 80-90 жылдардағы әкімшілік реформалар.

  • Торғай және Орал облыстарында көтерілістердің басталуы.

  • Маңғыстаудағы көтеріліс.

  • Көтерілістің жеңілу себептері мен салдары

  • ХІХ ғ. 80-90-жылдардағы әкімшілік реформалар.

Сабақтың бірінші бөлігі- Қазақстандағы саяси және әлеуметтік –экономикалық жағдайға сипаттама беріледі. Мұнда Қазақстанда бұл кезеңде реформа жасауға қандай жағдайлар түрткі болғанына тоқталу керек.

Алғышарттар:

Қазсқстандағы басқару жүйесін реформалау уақыт жағынан Ресейдегі крепостнойлық правоның жойылу кезеңімен сәйкес келеді.

Ресейдегі ХІХ ғ. ортасында жүргізілген буржуазиялық реформалар осы кезеңде Қазқстанда болған процестерге тікелей әсерн тигізді.

Капиталистік қатынастардың даму жағдайындағы Қазақстанда 1822 және 1824 жылдары жүргізілген реформалар империяның шаруашылық даму мақсатымен сәйкес келмеді.

Қазақстанда әкімшілік-аумақтық және әлеуметтік-экономикалық реформалар жүргізудің себептері:


  • Хан билігінің сақталуы пата үкіметіне аймақты жаппай отарлауға бөгет болды.

  • Реформаға дейін Қазақстан екі генерал-губернаторлыққа (Орынбор және Батыс Сібір) бөлінді, ал ХІХ ғ. 60- жылдарының ортасында Ресейге Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу аймақтары қосылды, бұл өз кезегінде жаңа аймақтарды Ресейдің басқа аймақтарындағы басқару құрылымдарына жақындату міндетін жүктіді.

  • Ресейдің еуропалық бөлігіндегі дамушы өнеркәсіпке барған сайын арзан шикізат пен жұмысшы күші қажет болды.

  • Қазақ халқы үшін біртұтас салық жүйесін енгізу қажеттігі туындады.

  • Ресейдің еуропалық бөлігіндегі жерсіз шаруаларды Қазақстанға оранластыру ұйымдастарылды.

Картаны пайдалана отырып, Қазақстандағы реформаға дайындық пен оны өткізудің хронологиялық байланысын көрсетеді.

Жылдар

Жоба авторлары

Құжаттың аты

Реформаны жүргізу шаралары

1865 ж.

1867 ж.


1868 ж.

1869 ж.











Сонан соң кестенің көмегімен жаңа реформа бойынша Қазақстанның әкімшілік-аумақтық басқарылуындағы ерекшеліктерді ашамыз.

1867-1868 ж. реформалар

Тараулар

мәні

Маңызы мен салдары

  • Реформаның мақсаты

  • Қазақстанның әкімшілік-аумақтық бөлінісі

  • Басқару ерекшеліктері

  • Сайлау жүйесі

  • Фискальді жүйе және міндеткерліктер

  • Денсаулық сақтау

  • Жер пайдалану







Кесте құру немесе оқиғалардың логикалық тізбегін жасау оқушылардың танымдық қызығушылығын арттырып, материалды тереңірек түсінуіне көмектеседі.

Тақырыпты бекіту: (дамытушылық сипаттағы тапсырмалар оқушылардың логикалық ойлау жүйесін дамытуға көмектеседі.)

  1. Патша әкімшілігінің Қазақстанда 1867-68 ж. жүргізген реформаларының отаршылдық сипаты болды. Осыны дәлелдейтін деректерді келтіріңдер.

  2. Бұл реформалар барлық қайшылықтарды шеше алмағынамен, Қазақстаның әлеуметтік-экономикалық дамуына оң ықпал етті. Осыған мысал келтіріңдер.

Тараулар

1822 ж. «Сібір қырғыздары туралы Ереже»

1824 ж. «Орынбор қырғыздары туралы Ереже»

1867-1868 ж. реформалар

Жалпы сипаттама

  • Мақсаты

  • Әкімшілік-аумақтық бөлінісі

  • Басқару ерекшеліктері

  • Сайлау жүйесі

  • Сот жүйесі

  • Фискальды жүйе мен міндеткер-ліктер

  • Денсаулық сақтау

  • Жер пайдалану

  • Нәтижелері мен маңызы













Үйге тапсырма:

  1. Қазақстанда 1822,1824 ж. және 1867-68 ж. патша үкіметі жүргізген әкімшілік реформалардың ерекшеліктеріне тоқталып, жалпы сипатын анықтаңдар.

Сабақтың екінші бөлігі.

Үй тапсырамсын сұрау:

  1. Қазсқатнда 1867-1868 ж. реформаны жүргізгенде патша әкімшілігі қандай мақсат көздеді?

  2. Реформаның отаршылдық сипаты неде?

  3. Кестенің толтырылуын тексеру (оқушылар тақырыптық кестелер толтырғанда мұғалім олардың білімі мен іскерлігін бақылай алады).

Оқушылардың «ХІХ ғ. 80-90 ж. әкімшілік реформалар» мтақырыбы бойынша практикалық жұмысы

Алдымен сынып алдана төмендегідей міндет жүктеу керек:



  • ХІХ ғ. 60- жылдары жүргізілген әкімшілік реформаларжартылай ғана болды. Біріншіден, олар өмірге бірден енгізілген жоқ, ол ең алдымен оған қарсы шыққан қазақ шаруаларына байланысты болды.

  • Екіншіден, қазақ ауылына жан-жақтан әсер еткен капиталистік қатынастар барлық салада тиісті өзгерістер әкелді.

Сондықтан 1880-90 ж. патша үкіметі жоғарыда көрсетілген және басқа да жағдайларды есепке ала отырып, аяғына дейін жеткізуге мәжбүр болды. Осыны дәлелдейтін мысалдар келтіріңдер.

1-топқа тапсырма:

Оқулықтан Торғай және Орал облыстарындағы көтерілістер туралы мәтінді оқыңдар және оларға 1867-1868 ж. реформалардың әсері болды ма, соны анықтаңдар, пікірлеріңді деретермен дәлелдеңдер.

Оқушылар көтеріліс тарихын мына жоспар бойынша қарастырады:


  • Көтерілістің себептері;

  • Сипаты;

  • Козғаушы күштері;

  • Басшылары;

  • Негізгі оқиғалары;

  • Жеңілу себептері;

  • Тарихи маңызы.

2-топқа тапсырма:

Оқулықтан Маңғыстаудағы 1870 жылғы көтеріліс туралы мәтінді оқыңдар және оған 1867-68 ж. реформаның әсері болды ма, соны анықтаңдар. Пікірлеріңді деректермен дәлелдеңдер.



Оқушылар көтеріліс тарихын мына жоспар бойынша ашады:

  • Көтерілістің себептері;

  • Сипаты;

  • Козғаушы күштері;

  • Басшылары;

  • Негізгі оқиғалары;

  • Жеңілу себептері;

  • Тарихи маңызы.

Оқушылардың жұмыстарының нәтижелерін талқылағаннан кейін, Қазақстандағы 80-90 ж. реформалардың жылдамдатылу себептерін көрсету:

  1. Қазақстанды үш генерал-губернаторлыққа бөлу Ресейдің еуропалық бөлігінен шаруаларды көшіру мәселелерін жүйелі әрі тез шешуге бөгет жасады;

  2. Орта Азия әскери жолмен Ресей империясына қосылды, бұл аса үлкен аймақта басқаруда біртұтас жүйе жасауды және қаражатты үнемдеуді талап етті.

  3. 1867-68 ж. Ереже ең басынан уақытша сипатта болды.

Тапсырма: Оқушылардың оқулық мәтінемен жұмысы

  1. 1886 және 1891 жылдардағы әкімшілік басқаруды 1867-68 ж. реформалармен салыстырыңдар.

  2. Сот жүйесінде қандай өзгерістер болды?

  3. Бұл өзгерістердің мәні неде?

  4. Қазсқатандағы 1886-1891 ж. ережелер бойынша болған жаңа әкімшілік-аумақтық бөліністерді картадан көрсетіңдер.

Үйге тапсырма: Қазақстанның 1867-68 ж. реформа бойынша әкімшілік-аумақтық бөлінісін картаға түсіріңдер

  1. Қазсқатанның 1886-1891 ж. ережелер бойынша әкімшілік-аумақтық бөлінісінің сызбасын картаға түсріңдер.



8-сынып. Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: § 30. Қазақстан аумағындағы казак әскерлері

Сабақтың мақсаты:

  • Оқушыларға Ресейдегі казак әскерлерінің құрылуы тарихы туралы айта отырып, үкімет олардың мемлекет пайдасына жасаған кез-келген іс-әрекетін қызу қолдағанына тоқталу және олардың қазақстармен арадағы қарым-қатынастарының ерекшеліктерін ашу (сауда-аттық, айырбас және көбінесе әскери қақтығыстар);

  • Оқушыларды құжатпен жұмыс істей білуге, алған ақпатарттарды пайдаланып, кестелер мен сызбалар жасауға үйрету;

  • Еңбекқорлыққа, шыдамдылыққа, білімді жетілдіре беруге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: интерактивті

Көрнекілік: карта, сызба

Негізгі түсніктер: казактар, казактардың құқы мен міндеттері, казак әскерлерін құру тарихы мен маңызы, казак шендерінің терминологиясы, ескі дінді ұстанушылар, т.б.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  2. Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  3. «Хабар» /ел жаңалықтарынан.../

  4. Оқушы зейінін сабаққа аудару

Үй тапсырмасын сұрау:

  1. 1886 және 1891 ж. әкімшілік тбасқаруды 1867-68 ж. реформамен салыстырыңдар.

  2. Сот жүйесінде қандай өзгерістер болды?

  3. Бұл өзгерістердің мәні неде?

  4. Қазақстанның 1886-1891 ж. ережелер бойынша жаңа әкімшілік-аумақтық бөлінісін картадан көрсетіңдер.

Жаңа тақырыпты оқытудың жоспары:

  1. Қазақстандағы казак әскерлерінің негізгі міндеттері.

  2. Орал казактары

  3. Орынбор казактары

  4. Сібір казактары

  5. Жетісу казактары

Өлкеде әкімшілік реформалар жүргізуде және жергілікті халықтың көтерілістерін басуда казак әскерлеріне өте көп мән берілді. Олар Қазақстанның шекараларымен қатар аумағында да орналастырылды. Казак әскерлерінің құрылу себептері мен міндеттерін мыналардан көреміз:

  1. Ресейге жаңа жерлерді қосуға белсене араласуы.

  2. Шекараны көрші мемлекеттердің әскерлерінен қорғап тұрды.

  3. Ресей халықтарының ұлт-азаттық көтірілістерін және орыс шаруалары мен жұмысшы табының баскөтерулерін басуға қатысты.

  4. XVIII –ХХ ғ. орыс әскерлерінің шетелге жасаған жорықтарына да қатысты.

Қазак әскерлерін құру таралы әңгімесі барысында көрнекілік ретінде казак әскерлері жөнінде жалпы мәліметтер беретін және оның ерекшеліктерін ашатын төмендегідей салыстырмалы кестені толтырамын:



Орал казактары

Орынбор казактары

Сібір казактары

Жетісу казактары

Жылдары













Аумағы













Құрамы мен саны













Басқару жүйесі













Казактардың құқы мен міндеттері













Шаруашылығы













Салдары мен маңызы













Оқушылардың деректермен жұмыс істеуін дамыту және логикалық ойлау жүйесін жетілдіру мақсатында, Қазақстан тарихы хрестоматиясындағы құжаттарға сүйене отырып, тапсырма беріледі. Оқулықта жазылған тарихи деректерге талдау жасай отырып, оқушылар қажетті ақпараттарды таба білуге, оларды салыстыру арқылы қорытынды жасауға үйренеді.

1-топқа тапсырама:

Мәтінді оқып шығып, Сібір казак әскерлерінеерекше әскери бөлім ретінде жалпы сипаттама беріңдер. Олардың үкіметке толық тәуелді екендігіне мысал келтіріңдер.



2-топқа тапсырма:

Мәтінді оқып шығып, сұрақтарға жауап беріңдер:



  1. Сібір казактарының ерекшеліктерін анықтаңдар.

  2. Сібір казактарының шаруашылық қызметінде қандай ерекшеліктер бар?

3-топқа тапсырама:

Құжаттармен жұмыс. Оқулықтың 215-бетінде берілген құжат. Омбы облыстық мемлекеттік мұрағаты. 8-к, 66-іс, 117-118-парақтар.

Осы құжаттардан төмендегідей деректерді дәлелдейтін фактілерді табыңдар.



  1. Патша үкіметінің саясаты ең алдымен Ресейдің жағдайын нығайтуға және отаршылдық езгіні күшейтуге бағытталды.

  2. Қазақатдың құқы саяси жағынан да, әлеуметтік-экономикалық жағынан да шектелді.

Әрбір топтың жұмысын талқылағаннан кейін, сабақтың қорытындысын шығару.

Сабақты бекіту:

  • Сендер қалай ойлайсыңдар, қазсқатнда казак әскерлерін құру қажетті шара ма еді?

  • Олар қазақ халқының тәуелсіздік үшін күресіне көмектесті ме?

  • Казак әскерлерін құруға қазақ халқы қалай қарады?

Үйге тапсырама:

  1. Құжатпен жұмыс. Оқулықтың 215-бетіндегі құжаттарждың мәтінін оқып шығып, мына сұрақтарға жауап беріңдер.

  • Өтініш авторлары кімдер?

  • Олар қандай талаптар қойды?

  • Өздерінің жер жөніндегі құқын қорғау үшін олар қандай деректер келтірген?

  • Кестені толтыру.







Орал казактары

Орынбор казактары

Сібір

казактары



Жетісу казактары

Жылдары













Аумағы













Құрамы мен саны













Басқару жүйесі













Казактардың құқы мен міндеттері













Шаруашылығы













Салдары мен маңызы















8-сынып. Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: § 31. Патша үкіметінің отаршылдық қоныс аудару сясаты.


Каталог: uploads -> doc -> 03ea
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
03ea -> 1200 түстен кейінгі жұмыс уақыты 14
03ea -> Сабақтың тақырыбы: Жануарлар әлемінің алуан түрлілігі
03ea -> Ы. Алтынсаринға 175 жыл толуына арналған Конференция- сабағының тақырыбы: «Ыбырай Алтынсарин – ұлы ағартушы»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет