8-сынып. Қазақстан тарихы


§ 34. Сауда. Жәрмеңкелер /2 сағат/



бет5/6
Дата31.12.2019
өлшемі1,12 Mb.
#54321
1   2   3   4   5   6
§ 34. Сауда. Жәрмеңкелер /2 сағат/

Сабақтың мақсаты:

  • Қазақстан қалаларының даму тарихы, олардың қазақ халқының саяси, экономикалық, сауда-саттық өміріндегі алатын орны, сауда қатынастарының даму ерекшеліктері туралы түсінік қалыптастыру;

  • Практикалық жұмыс машығын, талдау және қорытынды жасай алу біліктілігін жетілдіру, оқушылардың эстетикалық талғамын, сөйлеу мәдениетін дамыту, тарихи карталармен жұмыс істей білуге үйрету;

  • Мақсат қоя білуге, қиыннан жол таба білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: интерактивті

Көрнекілік: карта, сызба

Негізгі түсініктер: сауда капиталы, ішкі нарық, сауда айналымы, айырбас сауда, алым-салық, негізгі сауда орындары, тауар, ақша баламасы, сауданың отаршылдық сипаты, жәрмеңкелердің әлеуметтік мәдени қызметі.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  2. Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  3. «Хабар» /ел жаңалықтарынан.../

  4. Оқушы зейінін сабаққа аудару

Үй тапсырмасын сұрау:

  1. Шаруаларды Қазақстанға қоныс аударудың негізгі себептерін атаңдар.

  2. Қоныс аудару ісін жылдамдату себебі неде?

  3. Столыпиннің аграрлық саясатының мәнін түсіндіріңдер.

  4. Қазақстанға шаруалардың жаппай ағылуының салдары қандай?

  5. Қоныстанушылардың негізгі шаруашылық түрлерін атаңдар.

  6. Қазақстан Республикасы көп ұлтты мемлекет. Біздің еліміздегі халықтар арасындағы қарым-қатынастар туралы не айта аласыңдар?

  7. Отан, достық, өзара көмек, бірлік жөнінде мақал-мәтелдер келтіріңдер.

Жаңа тақырыпты оқытудың үлгі жоспары:

  1. Қазақстанның солтүстік-батысындағы қалалардың даму ерекшеліктері (Орал, Гурьев).

  2. XVIII ғ. негізі қаланған қалалар.

  3. ХІХ ғ. 1-жартысында әскери бекініс ретінде салынған қалалар.

  4. Қазақстанда шаруаларды қоныс аудару кезінде салынған қалалар.

  5. Жетісу мен Оңтүстік қазақстан қалалары

  6. ХІХ ғ. сауда сипатының өзгеруі.

  7. Орта Азиямен керуен саудасы.

  8. Алыпсатарлық және жәрмеңке саудасы.

  9. Жәрмеңкелердің әлеуметтік-мәдени қызметі. Тұрақты сауда

  10. Шетелмен сауда

  11. Қазақстанда көлік қатынасының дамуы.

Оқулық пен хрестоматия материалдарына сүйене отырып, картамен практикалық жұмыс жасау.

Сабақтың 1-кезеңі- XVIII-ХІХ ғ. Қазақстан аумағындағы қалалардың географиялық орналасуы және олардың салыну тарихы.

1 тапсырма. Оқулықпен жұмыс.


  1. Мәтінді оқып шығып, картадан Қазақстанның солтүстік- батысындағы қалалар мен XVIII ғасырда салынған қалаларды көрсетіңдер.

  2. Қаланың қысқаша тарихын мына жоспар бойынша жазыңдар:

  • Қаланың салыну тарихы

  • Орналасқан жері

  • Қалалықтардың кәсібі

2 тапсырма. Оқулықпен жұмыс

  1. Мәтінді оқып шығып, ХІХ ғасырдың 1-жатрысында әскери бекініс ретінде салынған қалаларды картадан көсетіңдер.

  2. Қаланың қысқаша тарихын мына жоспар бойынша жазыңдар:

  • Қаланың салыну тарихы

  • Орналасқан жері

  • Қалалықтардың кәсібі

3 тапсырма: Оқулықпен жұмыс

  1. Мәтінді оқып шығып, Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан қалалары мен шаруаларды қоныс аулару кезінде салынған қалаларды картадан көрсетіңдер.

  2. Қаланың қысқаша тарихын мына жоспар бойынша жазыңдар:

  • Қаланың салыну тарихы

  • Орналасқан жері

  • Қалалықтардың кәсібі

Оқушылардың жұмыс нәтижелерін талқылағаннан кейін төмендегідей сұрақ қоюға болады:

  • Сендер өз қалаларыңның салынуы туралы не білесіңдер?

Сабақтың 2-кезеңі – «ХІХ-ХХ ғ. аралығындағы сауданың дамуы». Капитализмнің дамуы өлкенде сауда қатынастарының өркендеуіне, ішкі сауданың қалыптасуына, сауда капиталының күшеюіне алып келді. Өлке экономикасы әркелкі дамыды. Қазақтардың ең басты тауары мал мен оның өнімдері болды. Темір жолдарының пайда болуына байланысты тауар айналымы өсті. ХІХ ғ. аяғы мен ХХ ғ. бас кезінде Қазақстанда сауданың бірнеше түрі болды. Алдымен төмендегі терминдердің мағынасын түсіндіру керек:

  • Керуен саудасы




Алыпсатарлық

алыс ауылдары аралап жүріп алыпсатарлықпен айналысатындар, сапасы төмен тауарларды малға айырбастады.


Жәрмеңке

Айырбас сауданың ірі бекеттері жәрмеңкелік сауда орталықтарына айналды, сауда орындары қалаларда ғана емес, гарнизондарда, станицаларда, темір жол бекеттерінде де ашылды. Анағұрлым ірі әрі белгілілері Семей облысы қарқаралы уезіндегі Қоянды жәрмеңкесі (оны Ботов жәрмеңкесі деп те атайды). Қарқаралы жәрмеңкесі.

Шет елмен сауда

Шекаралық аудандарда Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда-экономиклық байланыстар нығайды.

Сауда орталықтары- Омбы, Петропавл, Семей, Верный, т.б.



Қосымша әдебиеттердегі материалдарды пайдалана отырып,Ресей мен Қытай арасындағы сауданың тұрақтылығы, қазақ-қытай сауда байланысының дамуы туралы айту. Әңгіме барысында сауда байланыстарының ерекшеліктері мен маңызын ашып көрсететін кесте толтырылады.

Құлжа сауда келісімі.

25 шілде, 1851 ж.



Петербург келісімі. 12 ақпан, 1881 ж.







Оқушылар сабақ тақырыбымен танысу барысында төмендегі кестені толтырады:

«ХІХ ғ. сауданы дамуы»

мемлекеттер

ХІХ ғ. сауданың сипаты

Сауда орталықтары

Тауар түрлері

Қазақ халқының өнімдері

Ресейдің еуропалық бөлігінің тауарлары

Орта Азия тауарлары

Қытай тауарлары

Қазақ хандықтары



















Ресей



















Орта Азия мемлекеттері



















Қытай


















Оқушылардан жалпы тарих курсы бойынша не білетіндерін сұрау керек (пәнаралық байланыс):



  • Еуропа елдеріндегі сауданың дамуы туралы

  • Жәрмеңкелер қайда және қалай өтті?

  • Жәрмеңкелердің ел өміріндегі маңызы қандай болды?

Осыдан кейін жәрмеңкелердің Қазақстанда қандай рөл атқарғанын ашуға тырысамыз:

Малшылар мен отырықшылар арасындағы делдалдық қызмет.

Баразлар және жәрмеңкелермен байланыстың күшеюі нәтижесінде малшылардың тұрмасы өзгерді.

Әр түрлі рулар, тайпалар, халықтар арасындағы байланыс күшейіп, оларлардың араласатын орнына айналды.

Халықтар арасында мәдени байланыс қалыптасты.

Қазақстанда көлік байланысы дамыды-тас жолдар, су жолдары, темір жол байланысы күшейді. Көлік байланысының дамуы қазақ қоғамының тұрмысына, сауданың дамуына қалай әсер еткені жөнінде мысалдар келтіру керек.



Сабақты бекіту:

  1. ХІХ ғ. сауда саласында қандай өзгерістер болды?

  2. Орта Азиямен керуен саудасы қалай дамыды?

  3. Сауданың дамуында көлік қатынасы қандай рөл атқарды?

Үйге тапсырма:

  1. Жалпы тарих курсы материалдарына сүйене отырып, Еуропа мен қазақстандағы жәрмеңкелерді салыстырып, диаграмма құрыңдар (ұқсастықтары мен айырмашылықтары)



8-сынып. Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: § 35. Өнеркәсіптің дамуы

Сабақтың мақсаты:

  • Қазақстандағы капиталистік қатынастардың даму ерекшеліктері жөнінде әңгімелей отырып, оның қазақ қоғамындағы тиімді және теріс жақтарын ашып көрсету; әңгіме барысында Қазақстандағы жұмысшы қозғалысына, Қазақ жұмысшыларының өз мүдделері үшін күресінің әлсіз болу себептеріне тоқталу керек;

  • Оқушылардың қосымша әдебиетпен жұмыс істеу машығын онан әрі дамыту, танымдық қызығушылықтарын арттыру;

  • Мамандықты меңгеруге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: интерактивті

Көрнекілік: карта, сызба

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  2. Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  3. «Хабар» /ел жаңалықтарынан.../

  4. Оқушы зейінін сабаққа аудару

Үй тапсырмасын сұрау:

  1. ХІХ ғ. Қазақстандағы сауданың сипаты мен дамуы туралы не айтасыңдар?

  2. Жәрмеңкелердің әлеуметтік-мәдени саладығы маңызы қандай?

  3. Үй тапсырмасын (диаграмма) тексеру

Жаңа тақырыпты оқытудың үлгі жоспары:

  1. Тау-кен өндірісінің жағдайы

  2. Тұз, мұнай және алтын өндіру.

  3. Ұлттық сауда-өнеркәсіп буржуазиясы мен жұмысшы табының қалыптаса бастауы

  4. Темір жолдардың салынуы

  5. Жұмысшылар қозғалысының басталуы. Қазақ жұмысшыларының ауыр жағдайы. Өлкеде жұмысшы қозғалысының күшеюі.

Сабақты Қазақтандағы капиталистік қатынастардың даму ерекшеліктерімен таныстырудан бастаған жөн. Ресейдің жылдам дамып келе жатқан экономикасы шикізатқа, арзан жұмыс күшіне, өз өнімін өткізетін рыногқа аса мұқтаж болғандығы жөнінде айту керек. Осыған байланысты патша үкіметі зауыт-фабрикалар салуға кірісті. Табиғи шикізатты тасуға жағдай жасалды. Қазақстанда өндіру өнеркәсібі мен аул шаруашылық шикізатын өңдеу қарқынды дами бастады. ХІХ ғ. екінші жартысынан бастап орыс және шетел өнеркәсіпшілері Қазақстандағы аса бай шикізат көздеріне назарлары ауып, өз қаржыларын өндіріс орындарын ашуға сала бастады. Көмір, тау-кен, мұнай өндіретін орындар шетелдік капиталистерге сатылды. Оларды картадан көрсету керек. Табиғи байлықты игеру, тауар-ақша қатынасының дамуы банкілер мен несие беру мекемелерінің пайда болуына жол ашты. Оқушылар ақулықты пайдаланып, салына бастаған өнеркәсіп мекемелерін картадан көрсетулері керек:

  • Тас-көмір өндіру және тау-кен өнеркәсібін ашу.

  • Тұз, мұнай және алтын өндіру.

  • Ауыл шаруашылық шикізаттарын өңдеу орындары.

  • Темір жолдар салу.

Осыдан кейін ұлттық сауда-өнеркәсіп буржуазиясының және жұмысшы табының қалыптасу үрдісі қалай жүргені туралы әңгімелеу керек. Оқушыларға қазақ жұмысшыларының ауыр жағдайы, жұмысшы қозғалысының күшеюі туралы айта келе, төмендегідей тапсырмалар беруге болады.

1-топқа тапсырма:

Оқулық пен хрестоматиядағы мәтінде оқып шығыңдар, сондағы деректерге сүйеніп, мынаны анықтаңдар:



  • Жұмысшы табының құрамы.

  • Қазақ жұмысшыларының еңбегі мен тұрмыс жағдайы.

2-топқа тапсырма: «Өлкедегі жұмысшы қозғалысының күшеюі».

Оқулық пен хрестоматиядағы мәтінде оқып шығыңдар, сондағы деректерге сүйеніп, мынаны анықтаңдар:



  • Жұмысшылардың өз құқын қорғау үшін жүргізген күрес әдістері

  • Көтерілісшілердің құрамы

  • Жұымысшылар қандай талаптар қойды?

  • Қазақстандағы жұмысшы қозғалысының ерекшеліктері.

Сабақты бекіту:

Парагараф соңындағы сұрақтар бойынша жұмыс істеу.



Үйге тапсырма:

  1. ХІХ ғ. ортасында басталған капиталистік қатынастарың дамуы қазақ халқының шаруашылық өмірі мен әлеуметтік жағдайына ықпал етті. Осыны дәлелдейтін мысалдар келтіріңдер.

Капиталистік қатынастардың даму кезеңіндегі қазақ ауылының шаруашылық өмірі

Қазақстардың әлеуметтік жағдайындағы өзгерістер.








8-сынып. Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы:

§ 36 . Ұйғырлар мен дүнгендердің Қытайдан Жетісуға қоныс аударуы /2 сағат/

Сабақтың мақсаты:

  • Оқушыларды ұйғырлар мен дүнгендердің Қазақстан аумағына қоныс аудару тарихымен таныстырып, қоныс аударудың себептері олардың шаруашылық өміріндегі өзгерістер мен тұрмыс жағдайы, екі жақты езгіге тап болғаны туралы әңгімелеу.

  • Логикалық ойлауды, сөйлеу мәдениетін және өз көзқарасын дәлелдеу үшін фактілерді пайдалану біліктілігін дамыту;

  • Қайырымдылыққа, жанашырлыққа, басқа халықтардың тарихына құрметпен қарауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: интерактивті

Көрнекілік: карта, сызба

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  2. Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  3. «Хабар» /ел жаңалықтарынан.../

  4. Оқушы зейінін сабаққа аудару

Үй тапсырмасын сұрау:

  1. Парагараф соңындағы сұрақтар бойынша жұмыс істеу.

  2. Кестанің толтырылуын тексеру

Жаңа тақырыпты оқытудың үлгі жоспары:

  1. Ұйғырлар мен дүнгендердің қазақстанға қоныс аударуының себептері мен басталуы.

  2. Қоныс аударушылардың ауыр тұрмысы.

  3. Ұйғырлар мен дүнгендердің шаруашылығы.

  4. Ұйғырлар мен дүнгендердің рухани мәдениетінің дамуы.

Алдымен оқушыларға ұйғырлар мен дүнгендердің Жетісуға қоныс аударуына себеп болған Қытайдағы аса қиын саяси жағдай туралы әңгімелеп беру керек. Бұл тұста картаны пайдаланған жөн. Карта бойынша тапсырма беруге де болады. (шығармашылық ізденіс жұмысы).

Картадан мынаны көрсетіңдер:

  1. Бұл халықтар бұрын қай жерде тұрған еді?

  2. Олардың қоныс аудару маршруты және қоныстанған жерлері

Ресей бұл халықтарды Жетісу аумағына көшіруге рұқсат бергенде қандай мақсат қойғаны жөнінде айту керек:

  • Құлжа аумағында Қытайдың экономикалық базасын әлсірету;

  • Қоныс аударушыларды Қытайға қарсы әскери күш ретінде пайдалану.

Қоныс аударушылардың І толқыны-желтоқсан, 1877 ж., 4 мың адам; ІІ толқыны-қоныс аудару 1881 жылы күзде басталып, 1884 жылға дейн созылды. Олардың бір бөлігі Қырғызстанға қоныстанды.

Осыдан кейін оқулық пен хрестоматиядағы материалдар негізінде төмендегі кесеті толтыру;



«Ұйғырлар мен дүнгендердің Қазақстан аумағына қоныс аударуы»

Жылдары

Қоныс аударушылардың саны

Орналасқан аумағы

Қоныс аударушыларждың жағдайы

Кәсіптері

Мәдениетінің дамуы

Ұйғырлар

Дүнгендер






















Сабақты бекіту:

  1. Ұйғырлар мен дүнгендердің қазақстан аумағына қоныс аударуының себептерін атаңдар.

  2. Картадан олардың қоныстанған жерлерін көрсетіңдер.

  3. Қоныс аударушылар қандай қиыншалықтарға тап болды?

  4. Бұл халықтардың ұлттық ерекшеліктері туралы не айта аласыңдар?


Үйге тапсырма:

  1. Бұрын өткен тақырыптардың материалдарын пайдалана отырып, мына кестені толтырыңдар.

«Жетісу облысының халықтары» (1897 ж.)

Халықтар

Қоныс аударған уақыты

Тілі

Діні

саны

Кәсібі

Жазуы (араб, кириллица, иероглиф)

Қазақстар



















Орыстар



















Ұйғырлар



















Дүнгендер



















  1. Ұйғырлар мен дүнгендердің мәдениеті жөнінде әңгімелеңдер.


8-сынып. Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: § 37. Қазақстанда этностық топтардың қалыптаса бастауы

Сабақтың мақсаты:

Тақырып төңірегінде кеңінен мәлімет бере отырып, белсенді, білімді азамат тәрбиелеу.



Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: интерактивті

Көрнекілік: карта, сызба

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  2. Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  3. «Хабар» /ел жаңалықтарынан.../

  4. Оқушы зейінін сабаққа аудару

Үй тапсырмасын сұрау:

Кестенің толтырылуын тексеру.



Негізгі түсніктер: этникалық топтар, ассимилияция, конфедераттар, халықшылдар, жікшілдер, социал-демократтар, патша үкіметінің қоныстарндыру саясатының отаршылдық сипаты, бұратаналар, диаспоралар, «саяси сенімсіз элементтер».

Жаңа тақырыпты оқытудың жоспары:

  1. Орыс халқы

  2. Украиндар

  3. Татарлар

  4. Белорустар

  5. Немістер

  6. Поляктар

  1. Қазақстанға басқа да ұлт өкілдерін қоныстандыру.

Тақырып материалы өзінің мазмұны жағынан онша ауыр емес, сондықтан кіріспе сөзден кейін, оқушылар өз беттерінше оқып танысулырана болады.

Тапсырма: Парагарафты оқып шығып, Қазақстан аумағындағы қоныс аударушылардың өмірі мен қоныс аудару ерекшеліктерін ашу үшін мына кестені толтырыңдар:

Халықтар

Қоныс аударушылардың саны (%)

Орналасқан аумағы

Қоныс аударушылардың жағдайы

Кәсібі

Мәдениеттің дамуы



















Оқушылардың жұмыстарын тексетіп, талқылағаннан кейін Қазақстан аумағында тұратын халықтарға тоқталамыз. Алғашында оқушылардан Біріккен Ұлттар Ұйымы, қазақстан халықтары ассамблеясы жөнінде не білетіндерін сұраймыз. Олардың жауаптарынан тыңдағаннан кейін мыналармен толықтырамыз:

  • Олардың құрылу тарихы

  • Қызметінің мақсаты мен бағыттары

  • Олардың қызметіне қандай негізгі құжаттар сипаттама береді?

  • Бұл ұйымдардың маңызы:

  1. Мемлекет өмірінде

  2. Дүние жүзі халықтары арасындағы қарым-қатынаста

  3. Бір мемлекеттің ішіндегі халықтар арасында

  4. Жеке адамның өмірінде

Сабақты бекіту:

  1. Оқулықтың 260-бетіндегі құжаттармен жұмыс. Құжат мәтіні бойынша сұрақтар:

  • Орыс шаруаларының казактардан сыртқы бейнесі жағынан қандай айырмашылығы болды?

  • Украин деревнясы басқа халықтардікінен несімен ерекшеленеді?

  • Алғашқы неміс колонистері қашан және қайда пайда болды?

  • Қазақстан қалаларында қай халықтардың өкілдері тұрды?

Үйге тапсырма: Қосымша әдебиеттерді пайдалана отырып, қазіргі Қазақстанда тұратын неғұрлым ірі диаспоралардың саны мен орналасқан жерлері туралы әңгімелеңдер.

8-сынып. Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: § 38. Шетелдерде қазақ диаспорасының қалыптасуы

Сабақтың мақсаты:

  • Шетелдік диаспоралар, «Нұрлы көш» бағдарламасы бойынша келіп жатқан қандастарымыз, оларға жасалып отырған мемлекет тарапынан көмек т.б. төңірегінде кеңінен әңгімелеу

  • Ұлтжанды азамат тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: интерактивті

Көрнекілік: карта, сызба

Негізгі түсініктер: диаспора, катаклизм, миграция, эмигрант, ирриденттер.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  2. Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  3. «Хабар» /ел жаңалықтарынан.../

  4. Оқушы зейінін сабаққа аудару

Үй тапсырмасын сұрау:

  1. Қазіргі Қазақстанда тұратын диаспоралар жөнінде жазылған әңгімені тексеру.

  2. Терминологиялық диктант.

Жаңа тақырыпты оқытудың жоспары:

  1. Қазақстардың Қазақстаннан тыс жерлерге көшу себептері

  2. Қазақстар Ресей империясының ішкі губерниялар аумағында.

  3. Қытайдағы қазақ халқының қалыптасу ерекшеліктері

  4. Монғолиядағы қазақстар.

  5. Қазақстар Түркіменстанда, Өзбекстан мен Ауғанстан жерінде.

Оқушыларға алдымен қазақтардың шет елдерге кету себептерін (саяси, әлеуметтік-экономикалық) түсіндіру керек. Ол үшін оқушыларға өткен тақырыптар бойынша сұрақтар қоюға болады.

  1. Сендер қалай ойлайсыңдар, қазақтар не себепті шет елдерге кетті?

  2. Бұл үрдіске қандай оқиғалар себеп болуы мүмкін?

  3. Бұрынғы өткен тақырыптар бойынша қазақ миграциясы туралы мысалдар келтіріңдер.

Қазақ

диаспорасы



Сыртқа кетуге себеп болған оқиғалар

Орналасқан аумағы

Қоныстанушылардың саны

Кәсібі

Ресей империясының ішкі губернияларындағы қазақтар













Қытайда тұратын қазақтар













Монғолияда тұратын қазақтар













Өзбекстенда тұратын қазақтар













Ауғанстанда тұратын қазақтар













Сонан соң оқулық материалдарына сүйене отырып, көрнекілік ретінде пайдаланылатын кестенің көмегімен шет елдердегі қазақтардың қалыптасу ерекшеліктеріне тоқталамыз.

Сабақты бекіту: Бұқаралық ақпарат құралдары материалдарын пайдалана отырып, оқушыларды шетелде тұратын қазақтардың тұрмысымен таныстырып, өкіметтің оралмандар мен шетелдердегі қазақтарды қолдау жөніндегі бағдарламасы туралы айту керек.

Үйге тапсырма: § 38. Шетелдерде қазақ диаспорасының қалыптасуы

8-сынып. Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы:§ 39. Қазақстан Ресейдегі 1905-1907 жылдардағы революция кезінде.

Сабақтың мақсаты:

  • 1905-1907 ж. болған орыс революциясының Қазақстандағы қоғамдық-саяси өмірге тигізген әсері туралы айтып, өлкеде мұсылман қозғалысының күшею себептері мен кәсіподақ қызметінің ерекшеліктерін түсіндіру;

  • Тарихтың әр түрлі кезеңдерінде болған оқиғаларды салыстырып, қорытынды жасау машығын қалыптастыру;

  • Адамдардың діни көзқарастарына құрметпен қарауға, жауапкершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: интерактивті

Көрнекілік: карта, сызба

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  2. Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  3. «Хабар» /ел жаңалықтарынан.../

  4. Оқушы зейінін сабаққа аудару

Жаңа сабақты оқытудың жоспары:

  1. Бірінші орыс революциясы және патша үкіметінің отаршылдық саясатының күшеюі. Өлкедегі мұсылман қозғалысы.

  2. Жұмысшы қозғалысының күшеюі. Қазақстандағы социал-демократтар ұйымдары мен кәсіподақтар. Ауыл тұрғындарының қозғалысы.

  3. Қазақ зиялыларының ұлт-азаттық қозғалыстардағы орны

  4. Қазақтардың Ресей Мемлекеттік Думасының жұмысына қатысуы.

  5. Бірінші орыс революциясының қазақ халқының сана сезімінің өсуіне ықпалы.

1905 ж. 9 қаңтардағы «Қанды жексембіден» кейін Ресейдің басқа жерлеріндегі сияқты Қазақстанда да революциялық әрекеттер басталды. Отаршыл әкімшілік халықтан шындықты жасыруға тырысқанымен, Қазақстанда қанды қырғынға қарсы баскөтерулер болып өтті. Осы тұста оқушыарды революция кезіндегі Қазақстандағы саяси, әлеуметтік-экономикалық жағдайдың ерекшеліктерімен таныстыра кеткен жөн. 1905-1907 ж. революцияның негізгі алғышарттарының бірі патша үкіметінің отаршылдық аграрлық саясаты болды. ХХ ғ. бас кезінде Ресейдің орталық губернияларынан Қазақстанға шаруалар ағылды. Бұл Қазақстандағы саяси жағдайды ушықтырды. Қазақ ауылдарынан көшіп келгендердің жағдайы нашарлап кетті.

  1. Патша үкіметінің отаршылдық саясаты күшейді, қоныс аудару қорына қазақтардың ең құнарлы жерлері алынды.

  2. Өлкеден арзан шикізат , минералды ресурстар тасып әкетілді.

  3. Қазақ жұмысшыларының тұрмысы өте ауыр болды. Әйелдер мен бала еңбегі пайдаланылды, еңбекақы мөлшері тым аз еді.

  4. Мұсылман қозғалысының күшеюі, мұсылман съездерін ұйымдастыру, онда діни мәселелерден басқа қазақ қоғамының саяси, әлеуметтік-экономикалық мәселелері де қаралды.

  5. Жұмысшы қозғалысының күшеюі.

  6. Қазақстанда социал-демократиялық және кәсіподақтық ұйымдардың құрылуы. Қазақтардың Ресей Мемлекеттік Думасының қызметіне араласа бастады.

Оқушылардың шығармашылық ойлау қабілетін дамыту, қажетті ақпаратты таба білу және қорытынды шығара білу біліктілігін жетілдіру мақсатында оларға мына бағыттарда өзіндік жұмыс беруге болады.

1 тапсырма:

Оқулық пен хрестоматия материалдарын пайдаланып, қазақстандағы мұсылман ұйымдарының бағдарламаларына баға беріңдер.

2 тапсырма:

Оқулықтан «Жұмысшы қозғалысының күшеюі» деген тақырыпшаны оқып шығып, мына сұрақтарға жауап беріңдер.


  1. Қазақстандағы саяси жағдайдың шиеленісуіне Ресейдегі оқиғалардың әсері жөнінде мысал келтіріңдер («Қанды жексембі», «Октябрь саяси стачкасы», т.б.).

  2. Успен руднигіндегі стачкаға сипаттама беріңдер.

3 тапсырма:

Қазақстанда 1905-1907 ж. аралығында болған оқиғаларды хронологиялық ретпен құрыңдар.

4 тапсырма:


  • Оқулықтан «Қазақстандағы социал-демократиялық және кәсіподақ ұйымдары» деген тақырыпшаны оқып шығып, мына сұрақтарға жауап дайындаңдар:

  • Социал-демократтар деген кімдер?

  • Сендер басқа елдердегі кәсіподақ ұйымдарының тарихы жөнінде не білесіңдер?

  • Қазақстанда қандай кәсіподақ ұйымдары болды?

  • Қазақстан кәсіподақтарының ерекшеліктерін атаңдар.

Сабақты бекіту:

  1. Қазақ зиялыларының ұлт-аззаттық қозғалыстарындағы рөліне қандай баға беріңдер?

  2. Үкімет саясатына жұмысшылар қандай әдістермен қарсылық көрсетті?

Үйге тапсырма: Сөйлемді аяқтаңдар.

  1. 1905-1907 ж. революция Қазақстанда жеңіліске ұшырады, өйткені:

  • -//-

  • -//-

  • -//-

  1. 1905-1907 ж. революцияның тарихи маңызы мынада:

  • -//-

  • -//-

  • -//-

  • -//-

  1. І Мемлекеттік Думаның құрамына енген қазақтар:

Торғай облысынан-

Уфа облысынан

Орал облысынан-

Астрахан облысынан-

Ақмола облысынан-

Семей облысынан-


ІІ Мемлекеттік Думаың құрамына енген қазақтар:

Ақмола облысынан-

Торғай облысынан-

Семей облысынан-

Орал облысынан-

Астрахан облысынан-

Сырдария облысынан-

Жетісу облысынан-




8-сынып. Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: § 40. Қазақтардың петициялық қозғалысы

Сабақтың мақсаты:

      • Оқушыларға Қазақстандағы петициялық қозғалыстың мәні мен мағынасын түсіндіру, отаршылдық езгінің күшейгенін айта келе, қазақтардың Мемлекеттік Думадағы қызметін, ұлттық сананың оянғанын көрсету;

      • Қосымша деректермен жұмыс істеу арқылы оқушылардың тарих пәні бойынша білімдерін жетілдіру, салыстырмалы талдау жасау біліктілігін, есте сақтау қабілетін, сөйлеу мәдениетін дамыту;

      • Еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: интерактивті

Көрнекілік: карта, сызба

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  2. Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  3. «Хабар» /ел жаңалықтарынан.../

  4. Оқушы зейінін сабаққа аудару

Үй тапсырмасын сұрау:

  1. «Қазақтардың мемлекеттік Думаға қаысуы».

Сөйлемді аяқтаңдар:

Мемлекеттік Дума-бұл.........................................................................................................................

Қаралған мәселелер- ...........................................................................................................................


  1. 1906 ж. шаруалар толқулары болған Қазақстан облыстарын картадан көрсетіңдер.

  2. Үй тапсырмасын тексеру: «1905-1907 ж. революцияның жеңілу себептері мен тарихи маңызы».

  3. Қазақстандағы кәсіподақ қозғалысының дамуы туралы не білесіңдер?

Жаңа тақырыпты оқытудың жоспары:

  1. Петициялық қозғалыстың бсаталуы. Қарқаралы петициясы.

  2. Қарқаралы петициясының мазмұны.

  3. Петициялық қозғалыстың тарихи маңызы.

Мұғалімнің Қазақстандағы петициялық қозғалыс, оның қызметі мен мазмұны жөніндегі кіріспе сөзінен кейін, сыныпты бірнеше топқа бөліп, қарқаралы петициясы жөнінде өзіндік жұмыс беруге болады.

1 тапсырма:



  • Хрестоматия мен оқулық материалдарын оқып шығып, төмендегі сұрақтарға жауап беріңдер:

  • Қарқаралы петициясы қашан және қайда жазылды?

  • Петиция мазмұнына мемлекеттік шенеуніктер қалай қарады?

  • Петицияны дайындауға кімдер қатысты?

  • Петицияның басты талабы не болды?

  • Тарихи маңызы.

2 тапсырма: Құжаттармен жұмыс.

Оқулық пен хрестоматия материалдарын пайдалана отырып, Қарқаралы петициясының мазмұны бойынша жоба құрастырыңдар:



  1. Сайлау жүйесін қайта құру жөнінде ұсыныс;

  2. Діни мәселелерді шешу жөнінде ұсыныстар;

  3. Қазақ тілінде білім беру;

  4. Жер мәселесі бойынша ұсыныс;

  5. Қазақстар арасында сот ісін жүргізу жөнінде ұсыныс.

Оқушылардың шығармашылық жобаларын талқылағаннан кейін, сабақты қорытындылау.


Сабақты бекіту:

Сабақ барысында мұғалім тақырыпқа байланысты оқиғаларды баяндайды, бұл оқушылардың тақырыптың мәнін ашып, білімдерін тереңдетуге және қорытынды жасау біліктілігін дамытуға көмектеседі.



  1. Сендер қалай ойлайсыңдар, ХХ ғ. бас кезінде қазақтар арасында петициялық қозғалыс неліктен күшейді?

  2. Ондағы мәселелерді басқа жолмен шешуге болатын ба еді?

  3. Петицияның авторлары жөнінде не айта аласыңдар?

  4. Патша үкіметінің бұл талаптарды қанағаттандырмағанына қарамастан петициялық қозғалыс халық арасында неліктен үлкен қолдауға ие болды?

Үйге тапсырма:

  1. 280-281-беттердегі құжатпен жұмыс. ("Ұлы мәртебелі патша ағзамға...»)

Сұрақтар:

  1. Қазақтарды земство жиналысына жібермеудің себептерін авторлар немен байланыстырады?

  2. Олар өздерінің сайлау құқықтарын қандай дәйектер арқылы қорғауға тырысты ?


8-сынып. Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: § 41. Ұлттық-демократиялық қозғалыстың өрлеуі

Сабақтың мақсаты:

  • Бірінші орыс революциясының себептері мен ұлттық-демократиялық қозғалыстың өрлеуіне тигізген ықпалы туралы айту, қазақ зиялыларының жалпыұлттық-демократиялық қозғалыстағы орны мен қазақ халқының ұлттық сана-сезімінің оянғандығын көрсету;

  • Қосымша әдебиеттермен жұмыс істеу арқылы оқушылардың танымдық қызығушылықьтарын арттыру, өз көзқарасын деректермен дәлелдей білуге үйреті;

  • Халық тарихына құрметпен қарауға, патриотизмге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: интерактивті

Көрнекілік: карта, сызба

Негізгі түсініктер: реакция, ұлттық сана сезімнің өсуі, қаражүздіктер ұйымы, революция, жалпыұлттық-демократиялық қозғалыс, жандарм басқармасы.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  2. Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  3. «Хабар» /ел жаңалықтарынан.../

  4. Оқушы зейінін сабаққа аудару

Үй тапсырмасын сұрау:

  1. Қазақстанда петициялық қозғалыстың дамуына қандай оқиғалар әсер етті?

  2. Қарқаралы петициясы қашан және қайда жазылды?

  3. Петициялық қозғалыстың тарихи маңызы неде?

Жаңа тақырыпты оқытудың үлгі жоспары:

  1. Реакцияның күшеюі. Қазақ зиялыларының қызметі.

  2. Ә. Бөкейханов-жалпыұлттық-демократиялық қозғалыс көсемі. Бөкейхановтың серкітері.

  3. Қазақстандағы алғашқы басылымдар:

  • Газеттер;

  • Журналдар;

  • Қазақ тілінде басылған кітаптар.

Оқушыларға қазақ зиялыларының осы кезеңдегі қызметін ашып көрсету үшін, алдымен Қазақстанның қоғамдық өміріне баға беру қажет.

  • Реакция күшейіп, үкімет бұратаналарды мүлдем басып тастау үшін, оларды сайлау құқығынан, митинг жасау құқығынан айырды, қазақ тілінің мәртебесі төмендеді, т.б.

Бұл тақырыпты тереңірек түсіну үшін оқушыларға қосымша әдебиеттер бойынша (ғылым, көркем әдебиет, энциклопедия) өзіндік жұмыс беруге болады. Ол балалардың шығармашылықпен айналысуына, салыстырмалы талдау жасауына, сөйтіп оқиғаларды терең түсінуіне мүмкіндік береді.

Жұмыс барысында оқушылар кесте толтырады:

Тарихи тұлғалар

Өмір сүрген жылдары

Туған жері

Мамандығы

Немен айналысты

Көзқарасы

Ғылыми еңбектері т.б.

Ә.Бөкейханов

А.Байтұрсынов

М.Дулатов

М.Тынышбаев

М.Шоқай

Бақтыгерей Құлманов



Көлбай Тоғысов



















Сонан соң Қазақстандағы алғашқы басылымдарға баға беріп, олардың маңызын көрсетеді.

  • Қазақ ұлттық баспасының пайда болуы

  • Алғашында олар таза ақпараттық-анықтамалық сипатта болды.

  • Қазақ тіліндегі басылымдардың көбейе бастауы

  • Араб графикасы.

Газет, журналдардың және қазақ тілінде кітаптардың шығуы қазақ халқының ұлттық сана-сезімінің қалыптасуында және қазақ зиялыларын біріктіруде өте үлкен рөл атқарды.

Сабақты бекіту:

291-беттегі құжатпен жұмыс істеу. Құжат бойынша қойылатын сұрақтар:



  1. Жер мәселесін қалай шешу көзелінді?

  2. Шаруалармен ижанжалдасып, қақтығысқа барудан сақтану үшін қандай амалдар қарастырылды?

Үйге тапсырма:

  1. «Тарихи тұлғалар» тақырыбында сөзжұмбақ құрастырыңдар

  2. Төмендегі тарихи оқиғалар мен фактілерді хронологиялық мерзіміне қарай рет-ретімен қойыңдар:

  • М.Жұмабаевтың «Шолпан өлеңдер жинағы шықты.

  • «Түркістан уәлаяты газетінің» алғашқы саны жарық көрді.

  • «Дала уәлаяты газетінің» алғашқы саны жарық көрді

  • Қазақтың тұңғыш журналы «Айқап».

  • «Балапан» журналы

  • Жалпыұлттық «Қазақ» газеті

  • Абай мен А.Байтұрсыновтың өлеңдер жинағы

  • С.Сейфуллинның «Өткен күндер» кітабы.

  • А.Байтұрсыновтың «Маса» жинағы.


8-сынып. Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: § 42. Оқу-ағарту ісі

Сабақтың мақсаты:

  • Оқушыларды ХІХ ғасырдың соңы-ХХ ғасырдың бас кезіндегі Қазақстандағы білім беру жүйесінің құрылымы және негізгі бағыттарымен таныстыру, патша әкімшілігі халық ағартыу саласында қандай мақсаттар көздегенін, өлкедегі оқу-білім ісінің маңызын ашып көрсету;

  • Оқушыларды ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы тарихи оқиғаларға шығармашылық тұрғыда талдау жасай білу әдісіне үйрету және білімнің маңызы жайлы логикалық-танымдық ойлау жүйесінің дамып,тақырыпты терең меңгеруге деген қызығушылығының арта түсуіне ықпал ету;

  • Алға қойған мақсатқа жетуде оқушыны табандылық таныту, қажырлылық көрсету және шыдамды болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: интерактивті

Көрнекілік: карта, сызба

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  2. Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  3. «Хабар» /ел жаңалықтарынан.../

  4. Оқушы зейінін сабаққа аудару

Негізгі түсініктер: зайырлы және діни білім, медресе, оқу пәндері, кадет корпусы, гимназист, гимназия, жаңа әдістемелік мектептер.

Жаңа тақырыпты оқытудың жоспары:

  1. Қазақтың дәстүрлі оқу-ағарту ісі. Жаңа әдістемелік мектептер.

  2. ХІХ ғасыр мен ХХ ғасырдың бас кезінде өлкеде зайырлы мектептер мен оқу орындарының ашылуы.

  3. Дала өлкесінде ауылдық мектептердің пайда болуы.

  4. Омбы-Дала өлкесіндегі ағарту ісінің ірі орталығы.

  5. Ресей империясының жоғары оқу орындарында оқушы қазақ жастары.

Тақырып түрлі мазмұндағы мәліметтерге, қалалар атына, адамдар есімі мен тарихи даталарға толы. Сондықтан тақырыптың аса қажетті деген тұстарын ғана іріктеп алып, түсіндіріп өту. Тақырыптық қалған материалдарын өздігінен оқып үйрену үшін үй тапырмасы етіп берген жөн. Жаңа сабақты түсіндіру жоспары мына тұрғыда құрылады.

  • Патша үкіметінің қазақ халқын ағарту саласындағы саясаты.

  • Білім беретін мекемелер

  • Олардың бағыттары

  • Кімдерді және қанша жастан бастап оқытты?

  • Білім беру ісін кім қаржыландырды?

  • Қандай пәндер оқытылады?

  • Сабақтарды кімдер өткізді, оларға қандай кәсіби талаптар қойылды?

Жаңа сабақты түсіндіру барысында ХІХ ғасырдың алғашқы кезі мен ХХ ғасырдың басындағы зайырлы білім беру саласындағы ұқсастықтар мен өзгешеліктерді түсіндіріп өтеді.

Осы тұста мына төмендегі кестені толтыруға болады:

ХІХ ғасырдың бірінші жартысында ашылған зайырлы мектептер мен оқу орындары (ерекшеліктері)

Ұқсас жақтары

ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басында ашылған зайырлы мектептер мен оқу орындары (ерекшеліктері)









Қазақ студенттерінің Ресей мен шетелдердің жоғары оқу орындарында оқыған қалаларын картадан көрсетеді. Оқушылар мен айтқан және оқулықтың хрестоматиясынан оқыған деректерге сүйеніп кесте толтырады.

Кестеде ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың бас кезіндегі және бірінші егеменді еліміздегі оқу-ағарту ісін салыстыруға мүмкіндік жасалынған.
«Қазақстандағы оқу-ағарту ісінің құрылымы»


Қазақстандағы ХІХ ғасырдың соңы

мен ХХ ғасырдың бас кезіндегі оқу-ағарту жүйесі (білім беру сатылары)



Қазақстан Республикасындағы

оқу-ағарту жүйесі



(білім беру сатылары)







Сабақты бекіту:

  1. Қазақ мектептеріндегі білім беру ісі жалпыресейлік оқыту жүйесіне мүмкіндігінше сәйкестендірілді. Патша үкіметі отар аймақты басқару үшін жергілікті ұлт өкілдерінен сенімді шенеуніктер дайындауға мәжбүр болды.

  2. Оқулықтың 299-бетіндегі құжатпен жұмыс. Құжат бойынша қойылатын сұрақтар:

  • Қазақ балаларын гимназияларда оқыту қалай жүргізілді?

  • Автор қазақ балаларының білімге деген ынтасы мен алғырлығын қалай суреттейді?

Үйге тапсырма беру:

  1. Халық ағарту саласының дамуындағы негізгі бағыттарды атаңдар.

  2. ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы білім беру ісінің қандай кемшілік жақтары болды?

  3. Оқу-білім, ғылым туралы мақал-мәтелдерді жатқа айтыңдар.


8-сынып. Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: § 43. Ыбырай Алтынсарин-қазақ халқының аса көрнекті ағартушысы

Сабақтың мақсаты:

  • «Қазақ әдебиеті» пәнінен алған білімдерін негізге ала отырып, оқушыларды Ы.Алтынсариннің өмір жолы және қызметімен таныстыру. Ағартушының бүкіл ғұмырын туған халқының білім көкиегін кеңейтуге арналған игілікті ісіне талдау жасау, оның педагог, жазушы, қоғамқайраткері, ғалым-этнограф ретіндегі шығармасын жан-жақты зерделеу;

  • Оқушырдың әдеби шығармаларымен жұмыс істеу дағдасын қалаптастыру, автордың айтпақшы ойын түсіне білуге, қойылған сұраққа нақты, жүйелі түрде жауап қайтара алуға және тарихи оқиғаның мазмұны мен сипатын терең ұғынуға үйрету;

  • Оқушыларды еңбексүйгіштікке, өз бетінше ой қорытып, оны жеткізе білуге дағдыландыру.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: интерактивті

Көрнекілік: карта, сызба

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  2. Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  3. «Хабар» /ел жаңалықтарынан.../

  4. Оқушы зейінін сабаққа аудару

Үй тапсырмасын сұрау:

  1. Патша үкіметі Қазақстанда білім беру мекемелерін аша отырып, қандай мақсатты көздеді?

  2. Қазақстандағы халық ағарту ісінің дамуында қандай кедергілер болды?

  3. Бүгінде шетелдердегі сияқты біздің елемізде де жеке меншік оқу орындарының білім беру сапасы жайлы не ойлайсыңдар?

Жаңа тақырыпты оқытудың жоспары:

  1. Ы.Алтынсаринның ағартушылық көзқарасының қалыптасуы.

  2. Педагогикалық қызметі

  3. Экономикалық көзқарасы

  4. Ғылыми және әдеби қызметі

  5. Қоғамдық саяси қызметі

Ы.Алтынсариннің өмірі мен қызметі оқушыларға «қазақ әдебиеті» пәнінен жақсы таныс. Сондықтан аса көрнекті педагог, жазушы, фольклорист, этнограф және қоғам қайраткері Ы.Алтынсариннің қазақ халқын ағарту саласындағы атқарған қызметіне жан-жақты тоқталып, өткен жөн. Алдымен мына терминдердің мағынасын анықөтап алайық:

  • Ағарту

  • Фольклор

  • Этнография

  • Қоғамдық қайраткер

Оқушыларға Ы.Алтынсариннің өмірі мен ағартушылық қызметін бар қырынан толық зерделеуге мүмкіндік беретін кесте толтырамыз. Бұл тапсырма оқушылардың интеллектуалдық деңгейін дамытуға және алған мақсатын жүзеге асыру дағдысын, логикалық ойлау қабілетін жетілдіруге игі ықпал етеді. Жаңа сабақты меңгеру барысында оқушы оқу-ағарту ісінің маңызы жөнінде дұрыс тұжырым жасай алады.







.Алтынсариннің педагогикалық қызметіне сипаттама бере отырып, оның облыс губернаторына тәуелді болғандығын, ол тәуелділіктің ағартушылық жұмыстарын кеңінен өрістетуге кедергі келтіргенін айтып өтеміз. Ы.Алтынсарин өлкеде көп салалы білім беру ісін қолдады, қыздарға арнап тұңғыш мектептер ашты, қазақ балаларына оқулықтар мен оқу құралдырын жазды.
Сабақты бекіту:

  1. 304-беттегі құжатпен жұмыс. Құжат бойынша қойылатын сұрақтар:

  • Ы.Алтынсариннің адамгершілік қасиеттері.

  • Ол өмірде қандай адам болды?

  1. Ы.Алтынсарин өмір сүрген кезеңге жалпы сипаттама беріңдер.

Үйге тапсырма:

  1. Параграфты оқып шығып, 304-беттегі сұрақтарға жауап беріңдер.

  2. «Кел , балалар, оқылық», «Өнер-білім бар жұрттар» өлеңдерін оқып шығып, оған талдау жасаңдар (ағартушының өлеңдерін пайдалана отырып, оқушының оқу, білімге деген ынта-жігеріне қозғау салу, патриоттық тәрбие беру).

  3. Қосымша әдебиеттерді пайдалана отырып, мына тақырыпта деректер жинаңдар:

«Ш.Уәлиханов-қазақ халқының аса көрнекті ғалымы». «А.Құнанбаев- қазақ халқының ұлы ақыны».


8-сынып. Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: § 44. Ғылыми мекемелер мен ғылыми-зерттеу жұмыстары

Сабақтың мақсаты:

  • Орыс және шетел ғалымдары мен қазақ зиялыларының қазақстан тарихын, мәдениеті мен тұрмысалтын зерттеген еңбектерімен таныстырып, ол еңбетердің қазақ халқының саяси, экономикалық өмірі мен материалдық мәдениетін, өткен тарихын зерделеуге қосқан үлесіне тоқталу;

  • Қазақ өлкесін зерттеген ғалымдардың еңбектері туралы айта отырып, оқушыны білімге, ғылымға қызықтыру;

  • Білім мен ғылым қашан, қай кезде болса да адамға өте қажет екенін түсіндіре отырып, оқушыларды білімді азамат болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: интерактивті

Көрнекілік: карта, сызба

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  2. Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  3. «Хабар» /ел жаңалықтарынан.../

  4. Оқушы зейінін сабаққа аудару

Негізгі ұғымдар: ғылым, ғылыми зерттеулер, экспедиция мақсаты, ғылыми жұмыстың бағыттары.

Үй тапсырмасын сұрау:

  1. Оқушылардан Ы.Алтынсариннің шығармалары жайлы пікірлерін сұрастырып, бүкіл сыныпқа пікірталас үшін жалпылама сұрақ қойылады:

  • Білім адамды өмірде үлкен жетістіктерге жеткізе ала ма? Келтірілген нұсқалардың бірін пайдалана отырып, өз пікірлеріңді дәлелдеңдер.

  • Бүгінгі білім беру ісінің маңызды проблемасы қоғам мен әрбір азаматтың алған блімінін тиімді пайдалана білуінде болып саналады.

  • Дәйекті білім деңгейі қоғамды прогресспен салауатты өмірге жетелейді.

  • Білім дәрежесі қоршаған әлеуметтік мәдени ортамен тығыз байланысты.

Жаңа тақырыпты оқытудың жоспары:

  1. Орыс ғалымдарының Қазақстанды зерттеудегі рөлі. Г.Потанин, Ә Диваев

  2. Орыс ақын-жазушылары Қазақстан туралы. А.С.Пушкин, В.И.Даль.

  3. Саяси жер аударушылардың Қазақстанды зерттеуге қатысуы. А.Н.Плещеев, А.Янушкевич, С.Гросс.

  4. Украин халқының ұлы ақыны Т.Г.Шевченко.

  5. Қазақстан аумағындағы кешенді зерттеулер мен ғылыми мекемелер.

  6. Қазақстанды зерттеуші қазақ ғалымдары. Ш.Уәлиханов, М.Шорманов, Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.С.Бабажанов, М.Ж.Көпейұлы, М.Қарабаев, Х.Досмұхамедос, ағайынды Сейітовтер және т.б.

Қазақстанның Ресей империясына қосылуы өлкенің әлеуметтік-экономикалық дамуына ғана әсер етіп қойған жоқ, ағарту, оқу-білім ісінің жағдайына да әсер етті. Жергілікті түрғындардың әдет-ғұрып, салт-дәстүрлері мен мәдениетіне жаңалықтар енгізілді. Қазақ-орыс қарым –қатынастарының жаңа деңгейге көтерілуі өлкені зерттеуге серпін берді, дала өлкесінің табиғи байлығын игеруге шешуші қадам жасала бастады. Қазақстан және қазақ халқы жайлы аңыз-әңгімелер мен мұрағат деректерін және т.б. материалдарды жинастырып, сұрыптау жұмысы қолға алынды. ХІХ ғасырдың соңғы ширегінде өлкені зерттеуге айрықша мән берілді. ХІХ ғасырдың 80- жылдарында әрбір облыста статистикалық комитеттер құрылды. Олар қазақ халдықын тарихы мен мәдениеті, қоғамдық-саяс, әлеуметтік құрылымы, экономикалық жағдайы, халық шаруашылығы туралы материалдар жинастырумен, бір жүйеге түсіріп, оларды мақалалар жинағы мен кітіп етіп басып шығарумен айналысты. Қазақстан аумағында ғымыли мекелер мен ғылыми-зерттеу жұмыстарының барысымен оқушыларды жан-жақты таныстырып өтеді. Оқушылар дәптерлеріне қажетті даталар мен мағлұматтарды жазып алып, кесте толтырады.

«Қазақстандағы ғылыми зерттеулер»

(Қазақстанды зерттеуші орыс және шетел ғалымдарымен саяси жер аударылғандар)



Зерттеушілер

Қазақстанда қандай оқиғаларға байланысты болды?

Ғылыми еңбектері

Зерттеушілік бағыттары (не туралы жазды?)












Өлкені зерттеуші қазақ ғалымдары жайлы өздігінен іздену жұмысы тапсырылады. Алдын ала ізденіс үшін берілген тапсырмалар бойынша оқушыларға сұрақ қойып, ойландыру арқылы білім деңгейлері дами түседі.

Оқушылардың ізденіс нәтижелеріне қорытынды жасалғаннан кейін, оқушының жаңа материалды қаншалықты меңгергендігін байқап көріп, жетістіктерін бағалап, ынталандырып тыруға болады.

1 тапсырма:



«Қазақстанды зерттеуші қазақ ғалымдары».

  • Оқулық пен хрестоматиядағы материалдарды пайдалана отырып, төмендегі кестені толтырыңдар:

Зерттеушілер

Қысқаша өмірбаяны

Еңбектері

Зерттеу бағыттары(не таралы жазды?)














Үйге тапсырма:

  1. Параграфты мұқият оқып шығыңдар, қазақстандағы ХІХ ғасырдың бірінші жартысы мен ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы ғылыми зерттеулердің жалпы мазмұны мен ұқсастықтары жайлы кесте толтырыңдар.

    Қазақстандағы ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы ғылыми зерттеулер

    Ұқсастықтары мен айырмашылықтары

    Қазақстандағы ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы ғылыми зерттеулер










  2. Оқулықтың 313-314-беттеріндегі құжатпен жұмыс. Құжат бойынша қойылатын сұрақтар:

  • Г.Потанинның ойынша қазақ зиялыларының бірігуіне не кедергі келтірді?

  • Автор қазақтың оқыған білімді азаматтарын неге шақырды?

  • Халықтың аңыз-әңгмелерін жинаудыңжергілікті қазақ зерттеушілері үшін жеңілдігі неде?


8-сынып. Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: § 45. Шоқан Уалханов-қазақтың аса көрнекті ғалымы әрі ағартушысы

Сабақтың мақсаты:

  • Оқушылардың мәтінмен жұмыс істеу дағдысына сүйене отырып, олардың тарихи ойлау (есте сақтау) қабілетін үнемі жетілдіре түсу, өздігінен білім алуға, ізденулеріне жағдай жасау;

  • Сол кездегі ғылымның дамуына үлес қосқан адамдар туралы баяндау барысында оқушыларды рухани білімділікке, еңбексүйгіштікке, мәдениеттілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: интерактивті

Көрнекілік: карта, сызба

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  2. Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  3. «Хабар» /ел жаңалықтарынан.../

  4. Оқушы зейінін сабаққа аудару

Үй тапсырмасын сұрау:

  1. Үй тапсырмасының орындалуын тексеру:

  • Құжаттармен жұмыс;

  • Кестенің толтырылуы.

Жаңа тақырыпты оқытудың жоспары:

  1. Шоқан Уәлихановтң балалық және жастық шағы.

  2. Омбыда оқыған жылдары

  3. Ғалымның ғылыми зерттеулері

  4. Ш.Уалихановтың Қазақстан тарихындағы орны.

Тақырып оқушыларға «Қазақстанның физикалық географиясы» пәнінен жақсы таныс. §43. «Ы.Алтынсарин-қазақ халқының аса көрнекті ағартушысы» сабағында да оқушыларға Ш. Уәлихановқа қатысты тапсырмалар берілген болатын. Оқушылардың бұған дейінгі алған білімдеріне сүйене отырып, сабақты семинар түрінде өткізуге болады. Жаңа тақырыпты оқушылардың тереу меңгерулері үшін сабақты мына жоспар бойынша өткіземіз:

  • Шоқан Уәлихановтң балалық және жастық шағы.

  • Омбыда оқыған жылдары

  • Ғалымның ғылыми зерттеулері

  • Ш.Уалихановтың Қазақстан тарихындағы орны.

Оқушылар Ш.Уәлихановтың өмірінің негізгі кезеңдері жайлы даталарды толтырады:

  • 1835 жылы-

  • 1847 жылы-

  • 1853 жылы-

  • 1857-1859 жылдары

  • 1860 жылы-

  • 1859-1861 жылдары-

  • 1864 жылы-

  • 1865 жылы-

Ш.Уәлихановтың замандастары-ғалымдар, жазушылар оның еңбегін жоғары бағалады. Ш.Уәлиханов-қазақтың ғұлама-ғалымы. Түркістан мен Қазақстнды, Орта Аия халықтарының тарихы мен мәдениетін зерттеуші. Ол аз ғана 30 жылдық ғұмырында ұлы істер тындырып кетті. Қазақ халқының тарихы мен оның тұрмысын ғылыми тұрғыда терең зерттеудің негізін салды. Ш.Уәлиханов Шығыс Түркістанға сапары кезінде ұлан-ғайыр материалдар жинады: әсіресе оның қарындашпен салған суреттерінің маңызы зор. ШүУәлихановтың ғылыми мұрасы Қазақстан және Ресей халықтары тарихының күрделі проблемасын қамтыды. Шоқан Уәлихановтың қызметіне Орыс географиялық қоғамы мен Ресей ғалымдарының атынан баға беріп келіп, шығыстанушы ғалым, академик Н.Веселовский былай деп жазды: «Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов шығыстану ғылымында аққан жұлдыздай жарқ етті де жоқ болды. Орыс ориенталистері оны ілуде біркездесетін ғажайып дарын иесі деп таныды және одан түркі халықтарының тағдыры жөнінде ұлы да маңызды жаңалықтар ашады деп күткен еді».

Сабақты бекіту:

  1. Шоқанның туып-өскен жері туралы не білесіңдер?

  2. Шоқанның тұлға ретінде қалыптасуына қоршаған ортаның, туысқандарының, әлеуметтік жағдайдың, туған табиғатының, өз кезеңінің алдыңғы қатарлы азаматтарымен достасуының әсері болды ма? Нақты жауап беріңдер.

  3. Шоқанның мінез-құлқы туралы не білесіңдер? Өзіңе оның қандай мінезін үлгі етіп алар едің?

  4. «Шоқан өз халқының нағыз патриоты болды» «Патриот» ұғымын қалай түсінеіңдер?

  5. «Шоқан Уәлиханов мол ғылыми мұра қалдырды. Ол Орталық Азия халықтарын зерттеуге зор үлес қосты, оны шығыстанушы-ғалым ретінде шетелдік ғалымдар толықтай мойындады».Бұл тұжырымды нақтылай түсетін мысалдар келтіріңдер.

Үйге тапсырма:



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет