Құрастырған тарих және география пәндернің мұғалімі Алтын Серікқызы Устаева
Павлодар облысы Май ауданы Көктөбе ауылы
МАЗМҰНЫ
1. Кіріспе ........................................................................................................ 3
2. Сарамандық жұмыс № 1 Қазақстан Республикасының географиялық орны мен сағаттық белдеулер.................................................................
4
3. Сарамандық жұмыс № 2 Қазақстан аумағының зерттелу тарихы........ 6
4. Сарамандық жұмыс № 3 Жер бедерінің тектоникалық құрылымы мен пайдалы қазбалар арасындағы байланысты анықтап, кескін картаға түсіру.............................................................................................
8
5. Сарамандық жұмыс № 4 Жер бедерінің тектоникалық құрылымы мен пайдалы қазбалар арасындағы байланысты анықтап, кескін картаға түсіру.............................................................................................
9
6. Сарамандық жұмыс № 5. Қазақстан Республикасының ішкі сулары.. 11
7. Сарамандық жұмыс № 6. Ел аумағындағы топырақ түрлері................ 14
8. Сарамандық жұмыс № 7. Қазақстан өсімдіктері.................................... 15
9. Сарамандық жұмыс №8. Табиғат зоналары............................................ 16
10. Сарамандық жұмыс № 9 Қазақстан аумағын физикалық – географиялық аудандастыру 17
11. Сарамандық жұмыс № 10 Табиғат ресурстары 18
12. Нұсқау таратпалары 19-28
13. Қосымшалар. Шоқан Семейде 29
14. Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың өмірі мен қызметі 30
15. Сөздерге анықтамалар 33
16. Пайдаланылған әдебиеттер 35
КІРІСПЕ
Географияны оқытуда өздік және сарамандық жұмыстардың маңызы ерекше. Оқушыларды еңбек сүйгіштікке тәрбиелей отырып, өздігінен жұмыс істеу белсенділігін арттырады, алған білімін практикада қолдануды қалыптастырады.
Бағдарламада қарастырылған сарамандық жұмыстар оқушылардың өмірде маңызы бар іскерлік пен танымдылыққа қаруландырады: әртүрлі тақырыптық карта, диаграмма, график, кесте, бақылау жұмыстарын жүргізеді.
Мекетептегі географияның еркшелігі тақырыпты жақсы меңгеру үшін түрлі географиялық ақпарат көздерін пайдалана білуі қажет: картаграфиялық, статистикалық, мәтінді талдау, оқу жұмысында әртүрлі тәсілдерді меңгеру. Туған жер табиғатын оқытуда оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілетін жетілдіріп, пәнге деген қызығушылығын арттырады.
Іс - тәжірибемізде байқағандай сарамандық жұмысты өткізу жас географтарға ғана емес, тәжірибесі мол мұғалімдерге де қиындық туғызады. Ұсынылып отырған көмекші құралда сарамандық жұмыстардың сабақ жоспары, нұсқау таратпа, қосымша деректер, терминдерге анықтамалар берілген.
Сарамандық жұмыс № 1
Тақырыбы: Қазақстан Республикасының географиялық орны мен сағаттық белдеулер
Мақсаты: Қазақстанның географиялық жағдайының орналасу ерекшеліктері туралы білімдерін қалыптастыру. Әртүрлі географиялық карталарды пайдалана отырып сипаттама беруді, уақыт айырмашылығын, сағаттық белдеулерді есептеулерді үйрету.
Көрнекілік құралдар: Қазақстанның физикалық, әкімшілік – аумақтық бөліну картасы, сағаттық белдеулер картасы 4 дана, кескін карталар, жалауша 4 дана, бағалау фигуралары.
Сабақтың түрі: топпен жұмыс
Барысы:
Р.Рымбаеваның орындауындағы «Қазақ елі» әні баяу қосылып тұрады.
Оқушылар төрт топқа бөлініп отырады.
Сабағымызды Қасым Аманжолов ағамыздың «Қазақстан» атты әнімен бастағым келеді.
Елу жаста елім бар деп айта алмай,
Кетпес естен күйінгенің, мұңлы Абай.
Елім бар деп айтатын бір туды күн,
Елім бар деп шырқайын мен бүгін.
Қойсын енді Қорқыт күйі сарнамай,
Асан ата, желмаяңа бер тыным.
Сен таппасаң, біздер таптық жер тыңын,
«Гүлжазира», «Жерұйықтан» кем бе екен?
Мынау дала біздер өсекен кең мекен.
Егеменді ел – Қазақстан дейтұғын!
Көкше, Баян, Қарқаралы, Алатау
Тоңы – алтын, түгі – торқа жер мынау.
Қарағанды қара қазан қайнаған
Дүние байлық тұрған жайнап айналам,
Елдігіме етер шүбә қандай жау?!
Дүрсілдейді сонау Балқаш жағасы,
Баршы өзің, көңіл қойып тыңдашы!
Тұр ғой соғып туған дала жүрегі.
Жеріміз бар қасиетті, киелі
Сен бақытты, атам қазақ баласы!
1. Олай болса, біз өзіміздің еліміз, жеріміз туралы толық білуге міндеттіміз. Ал, ол қандай мемлекеттермен шектеседі екен? Қане, мына мемлекет аттары жазылған қағаздарды таңдау арқылы алып, орналастырайық. Мысалға, (мұғалім өзі алып көрсетеді) Ресей Федерациясы (алып Қ.Р. әкімшілік – аумақтық картасының солтүстік бөлігіне, географиялық орнына орналастыру). Шекарасының ұзындығы 6467 км. Ал қалған 4 мемлекетті оқушылар орналастырып, жауап берулері керек.
Қытый Халық Республикасы – 1460 км.
Өзбекстан – 2300 км.
Қырғызстан – 980 км.
Түрікменстан – 380 км.
Ұпай саны 5 баллдық жүйемен есептеледі.
5 болса , 4 болса , 3 болса деп бағаланады. Әр турдан кейін геометриялық пішіндер топ жетекшілеріне беріліп отырылады.
2. Еліміздің шекараларын анықтадық, енді мемлекеттердің шеткі нүктелерін мына кескін карталарға (таратып беру) белгілеу керек. Дайын болғанда жалаушаны көтересіңдер. Осы кезде уақыт тоқтатылады (барлық топтың жасаған жұмысын жинап алып, тексеріп, жылдамдықтарын есепке ала отырып қорытындысын шығару).
Солтүстігінде - 55° 26´ с.е.
Оңтүстігінде - 40° 56´ с.е.
Батысында - 45° 27´ ш.б.
Шығысында - 87° 18´ ш.б.
3. Енді осы кескін картаға Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық бөлінуін түсіріңдер. Уақыт – 5 минут. (Сол бойынша бағалап, геометриялық пішіндер таратып беру).
4. Жер беті неше сағаттық белдеуге бөлінгенін анықтаңдар.
Еліміздің аумағында неше сағаттық белдеу орналасқан?
Семей қаласы қай сағаттық белдеуде орналасқан?
Ал, қазір тапсырмадағы берілген есептерді шығарайық. Қай топ есепке мықты екендігін байқап көрелік. Мұнда да барлық есептерді шығарып болғаннан кейін жалаушаны көтереміз. (Әр есептен бастап бірінші бір топтан дауыстап оқыта отрырып сұрау. Дұрыс, дұрыс еместігін айтпастан бұрын басқа үш топтың да жауабын сұрап өту. Дұрыс, қателігіне байланысты ұпай есептеу. Ал, келесі екінші есепті басқа бір топтан сұрау. Қате шығарса, түсіндіріп өту).
Жауаптары:
а) 81° ш.б. орналасқан Семей қаласында сағат 16.00 болғанда, 74° б.б орналасқан Нью – Йоркта сағат неше болады?
Жер шары 360° : 24 сағ. = 15
1º - Х мин.
15 - 60 мин.
1° х 60 мин.
Х = = 4 мин.
15°
1° = 4 мин.
Семей 81° ш.б. сағ. = 16.00
Нью – Йорк 74° б.б. сағ. = ?
81° ш.б. + 74° б.б. = 155°
155° х 4 мин. = 620 мин.
620 мин. : 60 мин. = 10 сағ. З0 мин.
16.00 – 10 сағ. 30 мин. = 5 сағ. 30 мин.
Жауабы: Нью – Йоркта таңғы сағ. 5.30.
ә) Семей қаласында 10 қыркүйектегі таңғы сағат 8.00 болғанда, 117° б.б Сан – Диего қаласында қай күннің қай уақыты болады?
117° б.б. + 81° ш.б. = 198°
198° х 4 мин. = 792 мин.
792 мин. : 60 мин = 13 сағ.
Жауабы: 19.00 (кешкі сағат 7), 9 қыркүйек
б) Семей қаласында 10 қыркүйектегі кешкі сағат 22.00 болғанда, 139° ш.б. орналасқан Токиода қай күнгі қай уақыт болады?
139° - 81° = 58°
58° х 4 мин. = 232 мин.
232 мин. : 60 мин. = 3 сағ.
22.00 + 3 сағ. = 1.00
Жауабы: түнгі сағат 1.00 (11 қыркүйек).
в) Оқулықтың 13 бетіндегі картаны пайдаланып, Семейден таңғы сағат 9-да ұшып шыққан ұшақ 3 сағаттан соң 2-ші сағаттық белдеуде орналасқан Мәскеуге, 4 сағаттан соң 1-ші сағаттық белдеуде орналасқан Берлинге қонды. Ұшақ қонған кездегі Мәскеудегі және Берлиндегі жергілікті уақытты анықтаңдар.
Семей 5-ші сағаттық белдеу – сағ. 9.00
Мәскеу 2-ші сағаттық белдеу - ?
5 – 2 = 3 сағ.
9 сағ. – 3 сағ. = 6 сағ. (Мәскеу)
2-ші белдеу (Мәскеу) – 1-ші белдеу = 1 белдеу
6 сағ. (Мәскеу) – 1 сағ. = 5 сағ. (Берлин)
Жауабы: Мәскеуде сағат 6.00
Берлинде сағат 5.00
Ең соңында геометриялық пішіндерді жинап, сол бойынша қосындысын шығарып, бағалау.
Сарамандық жұмыс № 2
Тақырыбы: Қазақстан аумағының зерттелу тарихы
Мақсаты: Қазақ жері жайлы ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін жинақталған деректерді (грек, түркі, араб, қытай, орыс, қазақ) зерттеушілер туралы алған білімдерін бекіту.
Көрнекілік құралдар: Қазақстан Республикасының физикалық – географиялық картасы, М. Қашқаридың ХІ ғасырда жасаған шығыс жарты шар картасы
Барысы:
Тапсырмалар:
1. Оқулықты пайдалана отырып, ерте заманнан қазіргі заманға дейінгі географиялық зерттеулерді кестеге толтырыңдар.
№ Зерттеген саяхатшылар уақыты Зерттеген жерлері мен еңбектері
І. Ежелгі
Геродот
Страбон
Птоломей
Чжан Цянь,
Сюань - Цзан
ІІ. Орта
Әбу Насыр әл -
Фараби
Махмуд Қашғари
Елюй Чу – Цай,
Чань Чунь
Плано Карпини
Вильгельм де Рубрук,
ІІІ. Жаңа
П.С.Паллас.
И.П.Фальк,
И.П.Рычков,
И.Муравин,
А.И.Бутаков,
Г.С.Карелин,
П.П.Семенов – Тян – Шанский,
Н.А.Северцов,
И.В.Мушкетов,
А.Н.Краснов,
Л.С.Берг,
Ш.Ш.Уәлиханов
Н.Л.Корженевский, И.П.Герасимов, М.Д.Пономарев, П.Н.Лебедев, К.Д.Глинка,
Қ.И.Сәтбаев
2. Кескін картамен жұмыс. Ш.Уалиханов, Семенов Тянь – Шаньский, С.Берг,
3. Кескін картаға ХVII – XIX ғғ. ең негізгі географиялық зерттеулерді түсіріңдер.
Сарамандық жұмыс № 3
Тақырыбы: Жер бедерінің тектоникалық құрылымы мен пайдалы қазбалар
арасындағы байланысты анықтап, кескін картаға түсіру
Мақсаты: 1. Атластағы, оқулықтағы карталарды пайдалана отырып жер
бедерінің ірі пішіндерінің, жердің геотектоникалық құрылысы мен
пайдалы қазбалардың арасындағы байланысты анықтап, кескін
картаға түсіруді үйрету.
2. Туған жерге деген мақтаныш сезімін қалыптастыру.
Көрнекілік құралдар: Қазақстанның физикалық және пайдалы қазбалар картасы, кескін карталар, жұмыс дәптерлері.
Сабақтың түрі: топпен жұмыс
Барысы:
Тарбағатай таулары әні орындалады.
(Сәлемдесу, жоқ оқушыларды түгендеу).
- Балалар, бүгін біз сабақта топпен жұмыс істейміз. Әр топқа – топ басшысын тағайындайық. Мына кестеге жауаптарын белгілейміз.
Эпиграф: «Маған айтып берсең, ұмытып қалармын, көрсетіп берсең есте сақтармын, өзіме жасатсаң үйреніп алармын».
- Балалар біз өткен сабақтарда қазақстанның жер бедері, геологиялық құрылысы және пайдалы қазбалары туралы үлкен тарауды оқып, таныстық.
- Ал, Қазақстанда жер бедерінің қандай түрлері кездеседі?
1. Ойпат, жазық (Ккаспий, шығыс Еуропа, Батыс Сібір)
2. Үстірт «Үстірт. Торғай үстірті. Жем)
3. Аласа таулар: Сарыарқа, Мұғалжар
4. Биік тау (Алтай, сауыр – Тарбағатай, Жоңғар Алатауы, Тянь – Шань).
5. (Бәрін картадан көрсету)
- Міне, жер бедерін мына суреттен көрейік, көрікті де әсем жерлерін Батысты – Теңіз деңгейінен төмен жатқан – Қарарқия ойысы – 132 метр мен ең биік тау – Тянь – Шань – 6995 метр – Хан Тәңірі.
- Ал енді Шығыс Қазақстан өңірінің көрікті жерлерін теледидардан көрейік. Жақсылап назар салыңыздар.
- Видеокөрініс
- Осындай тамаша жер бедері қалай пайда болғанына тоқталайық. Дәптерлеріңді ашып, бүгінгі күнді жазыңдар. Тақырыбын тақтадан жазады. Енді өзіміз танысқан терминдерді есімізге түсірейік:
- 1. Платформа
- Геосинклиналь
- Тектоника
- Сейсмология
- Балалардың алдында Сарамандық жұмыстың тапсырмалары таратылады
- Алдарыңдағы тапсырмамен оқып, танысыңдар. Қане 1 – ші тапсырманы оқып жіберейік. Тапсырма түсінікті болса әр топ эраларды таңдап алыңдар. (Оқушыларға 5 минут беріледі), Дайындалып болған соң әр топ өз жұмыстарын қорғап шығады.
- Енді 2 – ші тапсырмаға көңіл бөліңдер. Кім оқып жібереді?
Жаңа өздерің Қазақ жеріндегі ірі жен бедерінің пішімдерін атадыңдар. Міне, сол жер бедеріне сәйкес, тектоникалық құрылымын, геологиясын, пайдалы қазбаларын анықтаймыз. Жұмыс дәптерінің 45 – бетін ашыңдар. Жауаптарымызды соған толтырамыз. Әр топ өз тапсырмасын таңдайды. Ретімен кестені толтырады.
- Келесі тапсырмамыз бойынша сендердің қаншалықты тектоникалық құрылымдардың шекарасын еске сақтағандарыңды білгім келеді. (Қазақстан Республикасының кескініне теектоникалық құрылымдарды жапсырады). Әр топ тапсырманы таңдаңыздар. Енді пайдалы қазбалардың шартты белгілері бойынша, осы кескін картадағы орнын анықтаңыздар. (Пайдалы қазбаларды кескін картаға жапсырады).
- Эпиграфқа оралу. Шығыстың дана халқы айтқандай, сендер – айтып қана берсем ұмытып қалар едіңдер, көрсетіп берсем – естеріңде қалады екен, бүгін өздерің қолдарыңмен жасаған соң үйреніп алдыңдар деген ойдамын. Солай ма?
Енді осы жасаған картаны кескін карталарыңа түсіре қойыңдар.
Оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырмасы: Картамен жұмысты үйде аяқтау.
Қорытынды:
Тақтадағы кестені толтырып болған соң.
- Неге? Деген сұраққа жауап беріңдер.
1. Жоңғар Алатауы Сарыарқадан, ал Мұғалжардан Алтайдың биік болуы неліктен?
2. Неліктен жазықтарда – платформа, ал тауларда – қатпарлы облыс қалыптасқан?
3. Пайдалы қазбалардың таралу себебі неге байланысты?
Сарамандық жұмыс № 4
Тақырыбы: Қазақстанның климаты
Мақсаты: Атлас пен оқулықтағы тақырыптық картаға анализ жасай отырып
жылу мен ылғалдың таралуы және табиғат компоненттерінің өзар
Әртүрлі климаттық және синоптикалық карталармен жұмыс істеу
қабілетін қалыптастыру.
Көрнекілік құралдар: Қазақстанның климат картасы, түрлі – түсті қағаздар,
кескін карталар.
Барысы:
Тапсырмалар:
1. Төмендегі сөздерге анықтама беріңдер:
климат-
циклон-
антициклон-
атмосфералық циркуляция-
атмосфералық жауын – шашын –
күн радиациясы-
изотерма -
2. Оқулықтың 252 – бетіндегі кестені пайдалана отырып, Семей қаласының жылдық температурасының графигін сызыңдар.
3. «Қазақстандағы басым желдер» атты төмендегі кестені толтырыңдар
Жел аттары
Негізгі соғу бағыттары
Жылдамдығы,
м/с
Шаруашылықтағы маңызы (зияны мен пайдасы)
Ебі шығыстан 60-80 Жол қатынасын, балық аулауды қиындатады, шаруашылыққа зиянын тигізеді
Сайқан
Шілік
Арыстанды –
Қарабас
Қордай
4. Түрлі – түсті қағаздарды пайдаланып, кескін картаға ауа массаларын, жауын – шашын, температурасын апликация ретінде түсіріп, құрастырыңдар. (Үлгісі төмендегі карта – сызбада).
t – І-19 º
VII+19 º
t – І-22 º
VII+23 º
t – І-15 º t – І-18 º
VII+22 º VII+24 º
t – I - 8 º
VII +24º
t – І-1,5 º
VII+28 – 30 º
Сарамандық жұмыс № 5
Тақырыбы: Қазақстан Республикасының ішкі сулары
Мақсаты: Карта бойынша қарапайым әдіспен өзен ұзындығын өлшеуді, су ресурстарымен қамтамасыз етуіне сипаттама беруді үйрету.
Оқыту құралдары: Қазақстанның физикалық картасы,
Барысы:
Тапсырмалар:
1. Төмендегі сөздерге анықтама беріңдер:
өзен аңғары
өзен жүйесі –
бастау –
саға –
алабы –
өзен құламасы –
өзен еңістігі –
су шығыны –
жылдық ағын –
тасқыны – су тасуы –
2. Сұрақтарға жауап берііңдер.
Ірі өзендерді картадан көрсетіңдер.
Суы мол өзендер қайсысы?
Қазақстанның қай аймағында су тапшы?
Неліктен?
Қандай шешу жолдарын ұсынар едіңдер?
Қазақстан өзендері немен қоректенеді? Біздің обысымызда қандай эрозияның әсерінен өзен аңғарының дамуы жүруде?
Еліміздің өзендері қай алапқа жатады?
3. а) Қарапайым әдіспен карта бойынша өзеннің ұзындығын өлшеңдер.
Шешімі: 1. Қос инелі циркульмен сызықтық масштаб арқылы адымдап өлшеу.
2. Курвиметрмен өлшеу.
б)Жазық және тау өзендерін анықтаңдар. Физика курсында алған білімдеріңді пайдалана отырып, өзен қуаты мен жылдамдығы қандай факторларға байланысты екендігін анықтаңдар.
Есептер шығару:
Ертіс өзенінің құламасы мен орташа еңістігін анықтаңдар. Ұзындығы 4248 км , бастауының биіктігі теңіз деңгеййінен 4000 м. Сағасы теңіз деңгейінен 200 м. Биіктікте орналасқан.
Шешімі: Ертіс өзенінің құламасы 4000 м – 200 м = 3800 м
Орташа еңістігі – 3800 м : 4248 = 90 см.
1. Оқулықтағы деректерді пайдалана отырып (Ертіс, Сырдария, Жайық, Іле, Шу, Аякөз, Үржар) салыстырмалы кестені толтырыңдар.
Өзен
аты, ұзындығы (км) Алабы Бастауы Сағасы Қорек-тенуі Биология-лық
ресурстары Жылдық
ағыны Шаруа-шылық-тағы маңызы
Ертіс
4248 Солтүс-тік
Мұзды мұхит
Моңғол Алтайы Обь өзені аралас
Шоқыр, сыла, бекіре, шортан, сазан, табан балық, алабұға, қара балық, көксерке, байкал түркесі 28 млрд м³ СЭС, Ертіс – Қарағанды канаалы, өнеркәсіп салалары
3. Қазақстан Республикасының өзендерін, көлдерін кескін картаға түсіріңдер.
4. Таңдауларың бойынша төмендегі жоспарға сүйене отырып (Каспий, Арал, Балқаш, Зайсан, Алакөл, Марқакөл, Сасықкөл) көлдерге сипаттама жазыңдар:
а) географиялық орны -
ә) ауданы -
б) көлемі -
в) ұзындығы –
г) ені –
ғ) тереңдігі -
д) тұздылығы -
е) температурасы -
ж) флорасы мен фаунасы -
з) шаруашылықтағы маңызы -
и) экологиялық жағдайы -
Зайсан көлі
а) географиялық орны – Зайсан қазаншұңқыры
ә) ауданы – 1870 км
б) көлемі – 5510 км ²
в) ұзындығы – 111 км
г) ені – 27 км
ғ) тереңдігі – 10 – 12 метр
д) тұздылығы - тұщы
е) флорасы мен фаунасы – балықтың 23 түрі кездеседі. Оның 17-сі кәсіптік
балықтар.Ондатра тышқандары жерсіндірілген.
ж) шаруашылықтағы маңызы – кеме қатынасы бар. Көл төңірегі туризм және
демалыс орнына өте қолайлы.
з) экологиялық жағдайы -
Алакөл
а) географиялық орны – Балқаш – Алакөл ойысының шығыс шетінде орналасқан.
ә) ауданы - 2200 км²
б) көлемі -
в) ұзындығы – 104 метр
г) ені – 52 км
ғ) тереңдігі – 45 метр
д) тұздылығы -
е) температурасы -
ж) флорасы мен фаунасы -
з) шаруашылықтағы маңызы -
и) экологиялық жағдайы -
Марқакөл
а) географиялық орны – Азутау мен Күршім жоталарының аралығында орналасқан
ә) ауданы – 455 км²
б) көлемі -
в) ұзындығы – 38 км
г) ені – 19 км
ғ) тереңдігі – 27 метр
д) тұздылығы -
е) температурасы – шілдеде +16, +17 º С
ж) флорасы мен фаунасы -
з) шаруашылықтағы маңызы -
и) экологиялық жағдайы -
Сасықкөл
а) географиялық орны – Алакөл қазаншұңқырының солтүстік батыс жағында
орналасқан
ә) ауданы – 745 км²
б) көлемі -
в) ұзындығы – 49,6 км
г) ені – 19,8 км
ғ) тереңдігі – орташа тереңдігі 3,32 м, ең терең жері 4,7 м
д) тұздылығы -
е) температурасы - + 29 º С
ж) флорасы мен фаунасы – балыұқтар: сазан, көкбас, алабұға, көксерке; ондатр жерсіндірілген.
з) шаруашылықтағы маңызы – кеме жүзуге қолайлы. Көл төңірегі демалыс аймағы болып саналады.
и) экологиялық жағдайы -
Сарамандық жұмыс № 6
Тақырыбы: Ел аумағындағы топырақ түрлері
Мақсаты: Топырақтың түрлері, қалыптасу факторлары, таралу заңдылықтары,
жер ресурстары туралы білімдерін жетілдіру.
Көрнекілік құралдар: Қазақстанның топырақ картасы.
Барысы:
1. Төмендегі сөздерге анықтама беріңдер:
Қарашірік –
Топырақ –
Лëсс –
Топырақ -
2. Топырақ қалай қалыптасады? Негізгі топырақ түзуші факторларды атап, ассоциативті карта құрастырыңдар.
уақыт климат адам іс - әрекеті
өсімдік Топырақ түзуші факторлар тау жыныстары
жануарлар жер бедері
3. Атластың 18 – 19 беттеріндегі «Топырақ картасы» бойынша топырақ түрлерін анықтап, кескін картаға түсіріңдер.
4. ШҚО топырақтарының негізгі түрлерін атаңдар.
Қазақстан аумағында құнарлы топырақ қай аймақта кездеседі?
Олар қалай аталады?
Шаруашылықта пайдаланылуы.
Атластағы карталарға сараптама жасай отырып және оқулықтың мәтінімен таныса отырып, Қазақстан аумағындағы топырақ жамылғысының таралуына сипаттама беріңдер.
5. Сәйкестерін табыңдар
орманды дала – қара топырақ
дала – қара, қызыл қоңыр
шөл – ашық қара қоңыр
шөлейт – қызғылт
6. Әрбір табиғат зонасындағы топырақ типтері мен қасиеті
Табиғат
зоналары Топырақ
түрлері Гумус
құрамы (%) Топырақ қасиеті
Орманды дала қара топырақ 9 Құнарлы, өсімдіктер жақсы өседі, қоректік заттар мол
Дала
Шөлейт
Шөл
7. Мелиорация түрлері Қазақстанның қай аймағында басым?
Мелиорация түрлері Территориясы
суару
құрғату
МЕЛИОРАЦИЯ эрозияме күрес
(территорияның биология-
лық өнімділігін арттыру химиязация
мақсатында табиғи қасиеттерін
жақсартуға бағытталған
шаралар жиынтығы).
Сарамандық жұмыс № 7
Тақырыбы: Қазақстан өсімдіктері
Мақсаты: Қазақстанның өсімдіктер әлемінің ерекшеліктері, таралуы туралы
білімдерін жетілдіру.
Көрнекілік құралдар: Қазақстанның өсімдіктер картасы
Барысы:
Тапсырмалар:
1.Төмендегі сөздерге анықтама беріңдер:
Ксерофиттер –
Эфемерлер –
2. Ассоциативті карта
Өсімдікке әсер
ететін факторлар
3. Сынып оқушыларын төрт топқа бөлу. Әр топ таңдау бойынша алған кеппешөппен 10 – 15 минут жұмыс істеп, кесте толтырады.
Өсімдік
қауымдастығы Қалыптасу жағдай Жалпы
түрі Өзіне тән
өсімдіктер Қоршаған орта жағдайына қалыптасуы
Орманды дала
Дала
Шөлейт
Шөл
Биіктік белдеу
4. Қазақстанда кездесетін дәрілік өсімдіктерді атаңдар.
1) Қазақстанда өсімдік жамылғысы 6000 дай өсімдік түрінен тұрады. Басқа көрші елдермен Ресей, Орта Азия, Кавказбен салыстырғанда бұл онша көп емес. Не.ге?
2) Өсімдіктердің таралуы қандай заңдылықтарға бағынады?
5. Атластың 18 – бетіндегі Топырақ картасын, 20- беттегі өсімдіктер картасын салыстыра отырып, қандай топырақ түрлерінде өсімдіктердің қай түрі өсетінін анықтаңдар.
Сарамандық жұмыс № 8
Тақырыбы: Табиғат зоналары
Мақсаты: Картаны пайдалана отырып, жоспар бойыша табиғат зоналарына кешенді сипаттама беруді үйрету.
Көрнекілік құралдар: Табиғат зоналар картасы
Барысы:
Тапсырмалар:
1. Табиғат зоналарының алып жатқан аумағын шеңберлі диаграмма түрінде сызып, салыстырыңдар.
2. Шығыс Қазақстан облысы қай табиғат зонасында орналасқан?
Табиғат
зонасы
Ауданы (S), географиялық
орны
Топы-рағы
(Т) Климаты
Өсімдік жамылғысы Жануарлар
дүниесі (Ж)
Орманды дала 1 млн га. Батыс Сібір жазығы, Жалпы Сырт
Қара топы-рақты
Гуму-сы 6 – 8 %
Қалың-дығы
– 75см. Құнар-лы.
К к
t – І – 18°
t – VІІ +18°
Астық тұқымдас дәнді – дақылдар: боз, бетеге, бидайық, қарабас-шалғын, арпабас, сәбізшөп, бұршақ тұқымдастар, беде, көкбұршақ, емен, қараған, қайың, жөке, ақ терек, көк терек бұталары. Долана, қарақат, итмұрын, тошала, қарақат, бүлдірген. Тышқандар, ақ тышқан, сарышұнақ, қосаяқ, суыр, тиін, қасқыр, түлкі, қоян, бұлан, Сібір еліктері, кесіртке, жылан, сарбас жылан, ондатр, аққу, сұр тырна, қаз, үйрек.
Дала
Шөлейт
Шөл
Сарамандық жұмыс № 9
Тақырыбы: Қазақстан аумағын физикалық – географиялық аудандастыру
Мақсаты: Табиғи территориялық кешен туралы түсініктерін жетілдіру. Ірі табиғи
территориялық кешендерді халық шаруашылығында пайдаланудың
маңызын оқып, үйрету.
Көрнекілік құралдар:
Барысы:
Тапсырмалар:
1. Физикалық және аудандастыру карталары арқылы ірі географиялық аудандардың шекараларын анықтап, кескін картаға түсіріңдер.
2. Берілген жоспар бойынша тауларға сипаттама беріңдер
Сарыарқа
Алтай
Сауыр – Тарбағатай
Жоспар:
а) географиялық орны
ә) пайда болуы
б) жер бедері
в)пайдалы қазбалары
г) климаты
ғ) ішкі сулары
д) табиғат зонасы, өсімдік, жануарлаы
е) шаруашылықта пайдаланылуы
3. Төмендегі берілген жоспарға сүйене отырып Сарыарқаның Ақсораң шыңынан Алтай тауының Белуха шыңына дейінгі аралықты гипсометриялық кескінге (профиль) түсіріңдер.
Жоспар:
1. физикалық карта бойынша сызбаның бағыты және горизонтальдармен қиылысу нүктесін анықтау;
2. нүктелерді нөмірлеу (1, 2, 3....) ;
3. милиметровкаға екі өзара қиылысқан перпендикуляр линияларын сызу;
4. вертикальды және горизонтальды масштабтарды анықтау;
5. сызғыш арқылы табылған нүктелер картадан горизонтальдарға түсіріледі және горизонталдардың белгілері қойылады.
6. қиылысқан өзен, көл, теңіз нүктелері белгіленеді. Вертикальды масштаб бойынша кеңістіктегі нүктелердің орналасуын тауып, линиямен қосыу;
Сарамандық жұмыс № 10
Тақырыбы:
Мақсаты: Оқушыларды табиғат ресурстарын тиімді пайдаланып, құрып кетуден
сақтауға, қорғауға, жауапкершілік сезімін қалыптастыруға баулу.
Көрнекілік құралдар: Физикалық, пайдалы қазба, климат, топырақ, табиғат
зоналары карталары
Барысы:
Тапсырмалар:
1. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңдер:
а) Табиғат ресурстары дегеніміз не?
ә) Табиғат ресурстарын қандай топтарға бөлуге болады?
б) Өздерің түрған жердің экологиялық жағдайы қалай?
в) Қоршаған ортаға көп зиян келтіріп жатқан жергілікті кәсіпорындарды анықтаңдар.
2. Шығыс Қазақстан облысы бойынша табиғат ресурстарының түрлеріне сипаттама беріңдер.
Минералдық – түсті металдар
Климаттық – t – 17 (22); t - +23 (42) Бақты
Су – СЭС (Бұқтырма, Үлбі, Шүлбі, Өскемен)
Топырақ – қара, қара қоңыр, ашық қоңыр, қоңыр.
Биологиялық – орман, жемшөп
Рекреациялық – Рахманов бұлағы, қорықтар, Шошқалы көл, Сасық көл.
3. Атласты және қосымша әдебиеттерді пайдалана отырып, төмендегі жоспар бойынша Қазақстанның экологиялық дағдарыстағы аудандарын анықтап, карта – сызба құрастырыңдар.
Дағдарыс тудырушы себептер:
1) қалалық өнеркісіп
2) сумен ластану
3) тау – кен өнеркәсібі
4) ауыл шаруашылығы
5) селитебті
6) радиоактивті қалдықтармен
7) антропогендік
8) аридтену (шөлге айналу)
Еліміздегі экологиялық мәселелер қалай шешімін табуда?
Еліміздің әрбір азаматы табиғатты қорғауы үшін не істей білуі керек?
Семей қаласы бойынша қандай экологиялық мәселелерді шешу қажет деп ойлайсыңдар?
Нұсқау таратпалары
(Инструктивті карта)
Сарамандық жұмыс № 1
Тақырыбы: Қазақстан Республикасының географиялық орны. Сағаттық белдеулерге есептер шығару
Тапсырмалар:
1. Төмендегі сөздерге анықтама беріңдер: белдеулік уақыт, декреттік уақыт, жергілікті уақыт, жазғы уақыт, дата ауыстыру сызығы.
2. Қазақстан Республикасы қандай мемлекеттермен шекараласады және қанша шақырымға? Солтүстіктен оңтүстікке, батыстан шығысқа қарай қанша шақырымға созылып жатқанын карталарды пайдалана отырып, анықтаңдар және Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық бөліну картасынан көрсете отырып жауап беріңдер.
3. Республикамыздың шеткі нүктелерін анықтап, кескін картаға түсіріңдер.
4. Жер беті неше сағаттық белдеуге бөлінгенін анықтаңдар.
Еліміздің аумағында неше сағаттық белдеу орналасқан?
Семей қаласы қай сағаттық белдеуде орналасқан?
Сағаттық белдеулер картасын пайдалана отырып төмендегі берілген есептерді шығарыңдар.
а) 81° ш.б. орналасқан Семей қаласында сағат 16.00 болғанда, 74° б.б орналасқан Нью – Йоркта сағат неше болады?
ә) Семей қаласында 10 қыркүйектегі таңғы сағат 8.00 болғанда, 117° б.б Сан – Диего қаласында қай күннің қай уақыты болады?
б) Семей қаласында 10 қыркүйектегі кешкі сағат 22.00 болғанда, 139° ш.б. орналасқан Токиода қай күнгі қай уақыт болады?
в) Оқулықтың 13 бетіндегі картаны пайдаланып, Семейден таңғы сағат 9-да ұшып шыққан ұшақ 3 сағаттан соң 2-ші сағаттық белдеуде орналасқан Мәскеуге, 4 сағаттан соң 1-ші сағаттық белдеуде орналасқан Берлинге қонды. Ұшақ қонған кездегі Мәскеудегі және Берлиндегі жергілікті уақытты анықтаңдар.
Қорытынды:
Нұсқау таратпалары
(Инструктивті карта)
Сарамандық жұмыс № 2
Тақырыбы: Қазақстан аумағының зерттелу тарихы
Тапсырмалар:
1. Оқулықты пайдалана отырып, ерте заманнан қазіргі заманға дейінгі географиялық зерттеулерді кестеге толтырыңдар.
№ Зерттеген саяхатшылар уақыты Зерттеген жерлері мен еңбектері
І. Ежелгі
Геродот
Страбон
Птоломей
Чжан Цянь,
Сюань - Цзан
ІІ. Орта
Әбу Насыр әл -
Фараби
Махмуд Қашғари
Елюй Чу – Цай,
Чань Чунь
Плано Карпини
Вильгельм де Рубрук,
ІІІ. Жаңа
П.С.Паллас.
И.П.Фальк,
И.П.Рычков,
И.Муравин,
А.И.Бутаков,
Г.С.Карелин,
П.П.Семенов – Тян – Шанский,
Н.А.Северцов,
И.В.Мушкетов,
А.Н.Краснов,
Л.С.Берг,
Ш.Ш.Уәлиханов
Н.Л.Корженевский, И.П.Герасимов, М.Д.Пономарев, П.Н.Лебедев, К.Д.Глинка,
Қ.И.Сәтбаев
3. Кескін картаға ХVII – XIX ғғ. ең негізгі географиялық зерттеулерді түсіріңдер.
Қорытынды:
Нұсқау таратпалары
(Инструктивті карта)
Сарамандық жұмыс № 3
Тақырыбы: Жер бедерінің тектоникалық құрылымы мен пайдалы қазбалар
арасындағы байланысты анықтап, кескін картаға түсіру
Тапсырмалар:
1. Атластың бетіндегі карталарды пайдалана отырып, «геологиялық уақыт» сызбасына талдау жасаңдар.
а) Қазақстан аумағы қай дәуірдің қай эрасында қалыптасқандығын анықтаңдар.
б) Тірек белгілерді пайдалана отырып сипаттама беру.
2. Атластағы жер бедерінің, геологиялық, тектоникалық карталарды салыстыра отырып, жер бедерінің ірі пішіндерінің, жердің ірі тектоникалық құрылымы мен пайдалы қазбалар арасындағы байланысты анықтаңдар.
№
Жер бедерінің
ішкі пішіндері
Тектоникалық
құрылымы
Гелогиялық
уақыты
Пайдалы
қазбалар
3. Әртүрлі тектоникалық құрылымдардың кескінін тақтадағы кескін картаға орнын анықтап және пайдалы қазбаларын түсіріңдер.
Қорытынды:
Нұсқау таратпалары
(Инструктивті карта)
Сарамандық жұмыс № 4
Тақырыбы: Қазақстанның климаты
Тапсырмалар:
1. Төмендегі сөздерге анықтама беріңдер:
климат-
циклон-
антициклон-
атмосфералық циркуляция-
атмосфералық жауын – шашын –
күн радиациясы-
изотерма -
2. Оқулықтың 252 – бетіндегі кестені пайдалана отырып, Семей қаласының жылдық температурасының графигін сызыңдар.
3. «Қазақстандағы басым желдер» атты төмендегі кестені толтырыңдар
Жел аттары
Негізгі соғу бағыттары
Жылдамдығы,
м/с
Шаруашылықтағы маңызы (зияны мен пайдасы)
Ебі
Сайқан
Шілік
Арыстанды –
Қарабас
Қордай
4. Түрлі – түсті қағаздарды пайдаланып, кескін картаға ауа массаларын, жауын – шашын, температурасын апликация ретінде түсіріп, құрастырыңдар. (Үлгісі төмендегі карта – сызбада).
Қорытынды:
Нұсқау таратпалары
(Инструктивті карта)
Сарамандық жұмыс № 5
Тақырыбы: Қазақстан Республикасының ішкі сулары
Тапсырмалар:
1. Төмендегі сөздерге анықтама беріңдер:
өзен аңғары
өзен жүйесі –
бастау –
саға –
алабы –
өзен құламасы –
өзен еңістігі –
су шығыны –
жылдық ағын –
2. а) Қарапайым әдіспен карта бойынша өзеннің ұзындығын өлшеңдер.
б)Жазық және тау өзендерін анықтаңдар. Физика курсында алған білімдеріңді пайдалана отырып, өзен қуаты мен жылдамдығы қандай факторларға байланысты екендігін анықтаңдар.
Есептер шығару:
Ертіс өзенінің құламасы мен орташа еңістігін анықтаңдар.
3. Оқулықтағы деректерді пайдалана отырып (Ертіс, Сырдария, Жайық, Іле, Шу, Аякөз, Үржар) салыстырмалы кестені толтырыңдар.
Өзен
Аты, ұзынды-ғы (км) Алабы
Бастауы
Құяр
сағасы Қоректенуі Биология-лық
ресурстары Жылдық
ағыны
Шаруашылық-тағы маңызы
4. Қазақстан Республикасының өзендерін, көлдерін кескін картаға түсіріңдер.
5. Таңдауларың бойынша төмендегі жоспарға сүйене отырып (Каспий, Арал, Балқаш, Зайсан, Алакөл, Марқакөл, Сасықкөл) көлдерге сипаттама жазыңдар:
а) географиялық орны -
ә) ауданы -
б) көлемі -
в) ұзындығы –
г) ені –
ғ) тереңдігі -
д) тұздылығы -
е) температурасы -
ж) флорасы мен фаунасы -
з) шаруашылықтағы маңызы -
и) экологиялық жағдайы –
Қорытынды:
Нұсқау таратпалары
(Инструктивті карта)
Сарамандық жұмыс № 6
Тақырыбы: Ел аумағындағы топырақ түрлері
Тапсырмалар:
1. Төмендегі сөздерге анықтама беріңдер:
Қарашірік –
Топырақ –
Лëсс –
Топырақ -
2. Топырақ қалай қалыптасады? Негізгі топырақ түзуші факторларды атап, ассоциативті карта құрастырыңдар.
Топырақ түзуші факторлар
3. Атластың 18 – 19 беттеріндегі «Топырақ картасы» бойынша топырақ түрлерін анықтап, кескін картаға түсіріңдер.
4. Сәйкестерін табыңдар
орманды дала – ашық қара қоңыр
дала – қызғылт
шөл –қара, қызыл қоңыр
шөлейт –қара топырақ
6. Әрбір табиғат зонасындағы топырақ типтері мен қасиеті
Табиғат
зоналары
Топырақ
түрлері
Гумус
құрамы (%)
Топырақ
қасиеті
Орманды дала
Дала
Шөлейт
Шөл
7. Мелиорация түрлері Қазақстанның қай аймағында басым?
Мелиорация түрлері Территориясы
суару
құрғату
МЕЛИОРАЦИЯ эрозияме күрес
химиязация
Қорытынды:
Нұсқау таратпалары (Инструктивті карта)
Сарамандық жұмыс № 7
Тақырыбы: Қазақстан өсімдіктері
Тапсырмалар:
1.Төмендегі сөздерге анықтама беріңдер:
Ксерофиттер –
Эфемерлер –
2. Ассоциативті карта
Өсімдікке әсер
ететін факторлар
3. Сынып оқушыларын төрт топқа бөлу. Әр топ таңдау бойынша алған кеппешөппен 10 – 15 минут жұмыс істеп, кесте толтырады.
Өсімдік
Қауымдастығы Қалыптасу жағдайы Жалпы
түрі Өзіне тән
өсімдіктер Қоршаған орта жағдайына қалыптасуы
Орманды дала
Дала
Шөлейт
Шөл
Биіктік белдеу
4. Қазақстанда кездесетін дәрілік өсімдіктерді атаңдар.
1)Қазақстанда өсімдік жамылғысы 6000 дай өсімдік түрінен тұрады. Басқа көрші елдермен Ресей, Орта Азия, Кавказбен салыстырғанда бұл онша көп емес. Не.ге?
2) Өсімдіктердің таралуы қандай заңдылықтарға бағынады?
5. Атластың 18 – бетіндегі Топырақ картасын, 20- беттегі өсімдіктер картасын салыстыра отырып, қандай топырақ түрлерінде өсімдіктердің қай түрі өсетінін анықтаңдар.
Қорытынды:
Нұсқау таратпалары (Инструктивті карта)
Сарамандық жұмыс № 8
Тақырыбы: Табиғат зоналары
Тапсырмалар:
1. Табиғат зоналарының алып жатқан аумағын шеңберлі диаграмма түрінде сызып, салыстырыңдар.
2.Шығыс Қазақстан облысы қай табиғат зонасында орналасқан?
3.Табиғат зоналарына салыстырмалы сипаттама беріңдер.
Табиғат
зонасы
Ауданы (S), географиялық
орны
Топы-рағы
(Т) Климаты
Өсімдік жамылғысы
Жануарлар
дүниесі (Ж)
Орман-ды дала
.
Дала
Шөлейт
Шөл
Қорытынды:
Нұсқау таратпалары (Инструктивті карта)
Сарамандық жұмыс № 9
Тақырыбы: Қазақстан аумағын физикалық – географиялық аудандастыру
Тапсырмалар:
1. Физикалық және аудандастыру карталары арқылы ірі географиялық аудандардың шекараларын анықтап, кескін картаға түсіріңдер.
2. Берілген жоспар бойынша тауларға сипаттама беріңдер
Сарыарқа
Алтай
Сауыр – Тарбағатай
Жоспар:
а) географиялық орны
ә) пайда болуы
б) жер бедері
в)пайдалы қазбалары
г) климаты
ғ) ішкі сулары
д) табиғат зонасы, өсімдік, жануарлаы
е) шаруашылықта пайдаланылуы
3. Төмендегі берілген жоспарға сүйене отырып Сарыарқаның Ақсораң шыңынан Алтай тауының Белуха шыңына дейінгі аралықты гипсометриялық кескінге (профиль) түсіріңдер.
Жоспар:
1. физикалық карта бойынша сызбаның бағыты және горизонтальдармен қиылысу нүктесін анықтау;
2. нүктелерді нөмірлеу (1, 2, 3....) ;
3. милиметровкаға екі өзара қиылысқан перпендикуляр линияларын сызу;
4. вертикальды және горизонтальды масштабтарды анықтау;
5. сызғыш арқылы табылған нүктелер картадан горизонтальдарға түсіріледі және горизонталдардың белгілері қойылады.
6. қиылысқан өзен, көл, теңіз нүктелері белгіленеді. Вертикальды масштаб бойынша кеңістіктегі нүктелердің орналасуын тауып, линиямен қосыу;
Қорытынды:
Нұсқау таратпалары
(Инструктивті карта)
Сарамандық жұмыс № 10
Тақырыбы: Табиғат ресурстары.
Мақсаты: Оқушыларды табиғат ресурстарын тиімді пайдаланып, құрып кетуден
сақтауға, қорғауға, жауапкершілік сезімін қалыптастыруға баулу.
Көрнекілік құралдар: Физикалық, пайдалы қазба, климат, топырақ, табиғат
зоналары карталары
Барысы:
Тапсырмалар:
1. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңдер:
а) Табиғат ресурстары дегеніміз не?
ә) Табиғат ресурстарын қандай топтарға бөлуге болады?
б) Өздерің түрған жердің экологиялық жағдайы қалай?
в) Қоршаған ортаға көп зиян келтіріп жатқан жергілікті кәсіпорындарды анықтаңдар.
2. Шығыс Қазақстан облысы бойынша табиғат ресурстарының түрлеріне сипаттама беріңдер.
Минералдық –
Климаттық –
Су –
Топырақ –
Биологиялық –
Рекреациялық –
3. Атласты және қосымша әдебиеттерді пайдалана отырып, төмендегі жоспар бойынша Қазақстанның экологиялық дағдарыстағы аудандарын анықтап, карта – сызба құрастырыңдар.
Дағдарыс тудырушы себептер:
-қалалық өнеркісіп
-Сумен ластану
-ту – кен өнеркәсібі
-ауыл шаруашылығы
-селитебті
-радиоактивті қалдықтармен
-антропогендік
-аридтену (шөлге айналу)
Еліміздегі экологиялық мәселелер қалай шешімін табуда?
Еліміздің әрбір азаматы табиғатты қорғауы үшін не істей білуі керек?
Семей қаласы бойынша қандай экологиялық мәселелерді шешу қажет деп ойлайсыңдар?
Қорытынды:
ҚОСЫМШАЛАР
Шоқан Семейде
Шоқан Шыңғысұлы Уалиханов алғаш саяхатын 1855 жылы жазында Госфортпен бірге таяуда құрылып, Батыс Сібір губерниясының құрамына енген Семей облысын аралаудан бастады. Омбы мен Семейдің арасындағы ұзақ жол бойы Шоқан арт жағында жайғасқан Сахараның Омбылық білгіштерінен дала халқының жағдайымен танысты. Генерал – губернатор Госфорт Семейге азиялық сән – салтанатпен келді. Семей қорғаны генерал – губернаторды от шашумен қарсы алды. Шоқан Ертіспен өтетін өткелге қарай бағыт алып, қалаға аяқ басты. Осыдан бірнеше жыл бұрын Семей алтын түйе, жарты ай және бес жұлдыз бедерленген қалалық елтаңбасын алған. Шоқан ол елтаңбаның Ертіс бойындағы қаланың толық сәйкес келетінін білетін. Бұл саяхатта ол Госфорттың аудармашысы болды. Осы жылы В.П.Демчинскийдің (Семей губернаторы) үйінде Ф.М.Достоевскиймен танысты.
Губернатордың шеруі Семейдің қыр жолымен Қапалға тартты. Шоқан Жетісуда қалып Жоңғар қақпасына, Алакөлге соғып, күзге салым Омбыға оралған.
1956 жылы көкек айының бас кезінде Шоқан пошта жолымен Семейге аттанған. Ш.Ш.Уалиханов күнделігінің алғашқы жолдарына жердің географиялық атауын анық жазып, өсімдіктерін, құстарын суретке аслды. Семейде Демчинскийдің үйіне түсіп, Достоевскиймен кездесті.
Ш.Ш.Уалихановтың өміріндегі өте зор маңызы болған сол 1856 жыл еді, оның жасы да бар болғаны жиырмадан асқан еді. Бұл сапарында Тарбағатай, Алакөл атыраптарын жан – жақты зерттеді. Осы саяхат кезінде сызған оның қарапайым карталары – арнаулы топографиялық түсірілімдер жүргізілмеген Тарбағатай баурайының алғашқы карталарын құрастыруда кеңінен пайдаланылды. Тарбағатай мен Зайсан алабының зерттелу тарихында Г.Н. Потаниннің еңбегі зор.
Поручик Уалиханов орыс географиялық қоғамына мүшелікке 1857 жылы 22 ақпанда өткен қоғамның ашық жиналысында Семейде кездескеннен кейін жазылған Семеовтың кепілдемесімен қабылданған. Қарашаның аяғында ол Омбыға оралды. 5-желтоқсанда Ф.М.Достоевскийге өзінің хатын жазған.
1858 жылы өзін ержүрек саяхатшы даңқына бөлеген атақты Қашқар саяхатына барды. Осы жылдың желтоқсанында Верныйға (Алматы) бара жатып Семейге соқты.
Өзінің барлық саяхаттарына Семей қаласынан аттанған және Семей өлкесін зерттеп, тұңғыш картаға түсірген Шоқанның өмірі мен саяхаттары бізді қызықтыра түседі.
Шоқан туралы
Өтебай Тұрманжанов
Қарасам портретін Шоқанның,
Көремін бір жұлдызын Отанымның.
Құлаған «Қоянкөзге» көк жұлдызы,
Шоқаным шолпан екен ел таңының.
Шоқаным тұрады екен шыңға қарап,
Шыңнан сұңқар ұшар деп шұбар балақ.
Ататын қараңғыны қарап тұрып,
Найзағай намыс үшін болам садақ,-
Деп бәлкім ол сол шақта қиялдады,
Қия кезіп, шың сүйіп, қыран жаны.
Елінің ханы болып, таңы болмай,
Қызарып бетте тұрды ұялғаны.
Арманға берді аямай бар қайратын,
Жұмсады ол жастығын, махаббатын.
Бәлкім ол сондықтан да қыршын кетті,
Жұлдыз ғып ел көгінде өшпес атын.
Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың өмірі мен қызметінің негізгі кезеңдері
1899, 12 сәуір (ескіше 31 наурыз) – Ақкелін болысының 4 – ауылында
(осы күнгі Павлодар облысы, Баянауыл ауданы) туған.
1909 – 1911 – ауылдық орыс – қазақ мектебінің оқушысы.
1911 – 1914 – Павлодар қаласындағы 2 – кластық училищенің шәкірті.
1914 – 1918 – Семейдегі оқытушылар семинариясының студенті.
1918 – 1919 – Семейдегі мұғалімдер курсының оқытушысы.
1926 - Атбасцветмет тресі және Қарсақбай мыс қорыту комбинатының
геологиялық барлау қызметінің жетекшісі
1940 - Жезқазған – Ұлытау аймағының кен байлығын іздеу жолындағы үздік
еңбегі үшін Қазақ ССР – ының 20 – жылдығы қарсаңында Ленин
орденімен марапатталды.
1941 – 1964 – Қазақ ССР Ғылым академиясының геологиялық ғылымдар
институтының директоры.
1941 - СССР Ғылым академиясының Қазақ бөлімшесінің президиум
председателінің орынбасары, 1943 жылдан председателі.
1942 - Бүкілодақтық аттестация комиссиясының шешімі бойынша, геология
– минерология ғылымдарының докторы атағы беріледі. «Жезқазған
ауданындағы кен орындары» еңбегі үшін СССР Мемлекеттік
сыйлығы берілді.
1944 - Қазақ ССР Ғылым академиясына академик және президент болып
сайланады.
- СССР Ғылым академиясының толық мүшесі болып сайланды.
1950 - «Геология профессоры» атағы беріледі.
1952 – 1958 – «Орталық Қазақстаннның металлогениялық болжам карталарын
жасау» жұмысының жетекшісі.
1955 – 1964 – Қазақ ССР Ғылым академиясының президенті.
1958 - Орталық Қазақстанның металлогениялық болжам карталарын
жасағаны үшін Лениндік сыйлыққа ие болды.
1961 – 1964 – СССР Ғылым академиясы президумының және геология –
география бөлімшесінің бюро мүшесі.
1963 - Геология ғылымын дамытып, Қазақстанның қазба байлықтарын
зерттеудегі үздік еңбектері үшін төртінші рет Ленин орденімен
марапатталды.
1964 31 қаңтар – Мәскеуде қайтыс болды. 3 ақпанда Алмаьтыда жерленген.
Орыс географиялық қоғамының Семей бөлімшесі
ХІХ ғасырдың 80 жылдарында Семей жерінде Е.П.Михаэлис, Н.Я.Коншин, А.А.Леонтьев, П.Д.Ловановский, С.С.Гросс, А.А.Блек, А.Н.Федоров, В.О.Костюрин, Н.Я.Ватсон сияқты саяси жер аударылғандардың үлкен бір тобының болуы Семей өлкесінің мәдени, рухани дамуына өшпес із қалдырды.
Императорлық Орыс Географиялық қоғамы Батыс Сібір бөлімінің Семей бөлімшесінің ашылуына қалада 1878 жылы құрылып, ресми түрде төрағасы губернатор А.П.Проценко болғанымен іс жүзінде барлық жұмысын Е.П.Михаэлис басқарды.
Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев өлкенің қоғамдық өмірінің тыныс – тіршілігімен тығыз байланыста болып, Комитетке 1886 жылдың 4 мамырында мүше болып тіркелген.
Императорлық Орыс Географиялық Қоғамының Батыс Сібір бөлімінің Семей бөлімшесі ресми түрде 1902 жылдың 31 наурызында (13 сәуір) қоғамдық мәжіліс үйінде көпшіліктің қатысуымен салтанатты түрде ашылып, онда Комитет хатшысы Н.Я.Коншин сөз сөйлеп, комитет мүшесі Ф.К.Зобкин «О рабстве в киргизской степи» баяндамасын оқыды. Бұл Семей облысы үшін ғана емес, жалпы Қазақстан ғылымының дамуында өшпес із қалдырған сәулелі сәт еді.
Семей қамалы алғашында әскери бекініс ретінде салынғанымен Ресей империясы үшін рның маңызды шекаралық нүктеде орналасуы көршілес азиялық елдер туралы тың мәліметтер жинауға, шығыс мемлекеттерімен Ресей арасында сауда – экономикалық, саяси және мәдени байланыстар орнатуға қолайлы болды. Тоғыз жолдың торабында орналасқан көне шаһар Семейден саяхатшылар, экспедициялар мен сол кездегі басты көлік түйелерге жүк артқан сауда керуендер шартарапқа өтіп жатты. Императорлық Орыс Географиялық Қоғамы Батыс Сібір бөлімінің Семей бөлімшесінің ашылуы бұл іске жаңа сипат берді.
Семей арқылы ғылыми саяхатқа өтіп бара жатып әйгілі ғалымдар В.В.Сапожников, М.Э.Янишевский, П.Л.Драверт, Н.Я.Новембергский, т.б. бөлімшеде дәрістерін оқыған.
Семей жерінде туып - өскен ағайынды Николай, Виктор, Федор, Алексей Белослюдовтар. Төртеуі де өлкетанушы, суретші, педагог ретінде өлкеде үлкен ғылыми – зерттеу, ағартушылық қызметке саналы ғұмырын арнап, Семейде 1906 жылы өз қаржыларына геология, минералогия, антропология, археология, ерте заманғы киім үлгілері, кітаптар мен қолжазбалар, нумизматика, этнография бөлімдерінен тұратын 4 мыңнан аса экспонаты бар этнографиялық мұражай ашқан.
1909 жылы 24 тамызда өтке географиялық бөлім отырысында Семей бөлімшесіне белгілі орыс жазушысы, этнограф, Орталық Қазақстанды зерттеуші, табиғат сүюші М.М.Пришвинді мүшелікке қабылдады.
ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында қазақ зиялылары да саяси аренаға шығып, қоғам өміріне белсене араласа бастады. Қазақ зиялыларынан Әлихан бөкейханов Омбыдағы Батыс Сібір Географиялық бөліміне мүше бола отырып, Семей бөлімшесі жұмысына белсене араласқан. Ұлтымыздың мақтанышы, ойшыл ақын Шәкерім Құдайбердиев (1903 – 1907 ж.ж), Томсктехнологияинститутының түлегі, Алаш жетекшілерінің бірі, қазақтан шыққан тұңғыш профессор – матиматик Әлімхан Ермеков, Санкт – Петербңург университетінің алтын медальмен бітірген, ұлтымыздың тұңғыш заң магистрі, болашақ Алаш автономиясының құқықтық негізін қалаған Жақып Ақбаев, Санк – Петербург шағы үшін күрескен арыстарымыздың бірі Райымжан Мәрсеков (1902 – 1911 ж.ж.) қысқа да санаулы ғұмырына өз ұлтын өркениетті елдер қатарына қосу жолына жұмсаған Семейдегі семинария мұғалімдері Нұрғали Құлжанов пен зайыбы Нәзипа Құлжанова, орыстың ұлы жазушысы Л.Толстоймен хат жазысқан, мұсылман балалар мектебінің меңгерушісі, татар зиялысы Р.Елікбаев (1907 – 1919 ж.ж.) Зайсан уезінің тілмашы Иманқұлов Жәмбек (1902 ж.), тілмаш Оспанов Өмірбек, Күре болысынан Сандыбаев Сағындық (1902 ж.), Семей өлкелік сотының тілмашы Тарабаев Имамбек (1907 ж.), Павлодар көпесі Айткин Ахметолла (1902 ж.), көпес Хамитов Мұхамет (1902 ж.) және Абылайханов Арынғазы Семей географиялық бөлімшесіне мүше болған. Мұхтар Әуезов, Жұмағали Шанин, Шайбай Айманов, Мәннап Тұрғанбаев, Әбікей Сәтбаев, Ахметтолла Барлыбаев, Халел Ғаббасов, Кәрім Дүйсебаев географиялық бөлімге мүшелікке 1924 жылы қабылданып, бөлімнің ғылыми жұмысынан үлес қосқан.
Семей қаласының географтары 2008 жылдың 28 - қарашасы күні (Семей мемлекеттік педагогикалық институтының экология және география кафедрасы оқытушылары мен студенттері, қала мектептері мен коллледж мұғалімдері) бұрынғы География қоғамының Семейдегі бөлімшесін қайта құру жөніндегі отырысына жиналды. Олар Географиялық қоғамның Семей бөлімшесінің жұмысын қайта жандандыруға қаулы қабылдады. Семей География қоғамы бөлімінің төрағасы болып география ғылымының докторы М.Е,Белгібаев сайланды.
СӨЗДЕРГЕ АНЫҚТАМАЛАР
Антициклон – атмосферадағы ауа қысымы жоғары аймақ.
Ауа айналымы – жер бетіндегі ауаның әр түрлі қызуы және ондағы қысым айырмашылығы салдарынан пайда болатын ауа ағыстарының жүйесі.
Циклон – атмосфераның ауа массалары құйын тәріздес қозғалыста болатын төмен қысымды аймағы. Қысымның таралуына сәйкес желдер циклонның жан – жағынан ортасына қарай соғады. Жердің өз өсінен айналуының әсерінен циклон солтүстік жарты шарда оңға, оңтүстік жарты шарда солға қарай ығысады.
Климат – белгілі бір жердегі ауа райының көп жылдық орташа жай күйі.
Дата ауыстыру сызығы –
Декреттік уақыт – (латынның decretum – указ, қаулы деген мағынаны білдіреді). -табиғи жарықты толығырақ пайдалану, әрі электр энергиясын үнемдеу мақсатымен сағат тілінің жаз кезінде 1 сағат ілгері жылжытылуы. Бұрынғы КСРО – да 1930 жылы енгізілген.
Сағаттық белдеу деп Гринвич меридианынан батысқа қарай 7° 30´ батыс бойлық (б.б.) пен 7° 30´ шығыс бойлық (ш.б.) арасында өтетін сағаттық белдеуді атайды.
Атмосфералық жауын- шашын – жер бетіне атмосферадан сұйық немесе қатты күйінде түсетін ылғал. Жер бетіне жаңбыр, қар, бұршақ, қиыршық күйінде түседі.
Атмосфералық циркуляция -
Күн радиациясы -
Изотерма – белгілі уақыт кезеңінде жер бетіндегі температурасы бірдей нүктелерді қосатын сызық. Ауа температурасының таралу заңдылықтарын көрсету үшін қаңтар және шілде айларының изотермалары алынады.
Қарашірік – топырақтың органикалық бөлігі, оның ең негізгі құрамы құнарлылықпен байланысты. Бұл өсімдіктің, жануарлардың және микроорганизмдердің қалдықтарынан түзіледі. Ол топырақтың беткі қабатын қоңыр және қара түске бояп тұрады.
Топырақ –
Лëсс – саз, құм және әктастың майда бөлшектерінен тұратын қопсынды кеуек, сарғыш түсті тау жынысы, қалыңдығы бірнеше см-ден 400 мертге дейін барады. Лëсстің үстіне өте құнарлы топырақ түзіледі.
Өзен жүйесі – берілген өзен алабындағы өзендердің жиынтығы. Өзен жүйесі негізгі өзен мен оның салаларынан тұрады.
Өзен аңғары – жер бетіндегі өзен ағып өтетін ирелеңдеген ұзын ойыс. Өзен аңғары ағын судың әрекетінен қалыптасады. Өзен аңғарының арнасы, жайылмасы, беткейі, террасалары, негізгі жағасы болады.
Өзен бастауы – өзеннің басталатын жері. Бастау бұлақ, батпақ, көл, мұздық болуы мүмкін.
Өзен сағасы – өзеннің теңізге, көлге немесе басқа өзенге құяр жері.
Өзен алабы – өзен, көл, теңізге су жиналатын алап.
Өзен құламасы – өзеннің бастауы мен сағасының мұхит деңгейінен биіктігі арасындағы айырмашылық. Өзен ағысының жылдамдығы оның құламасына байланысты.
Өзен еңістігі – өзеннің белгілі бөлігіндегі құламасының оның ұзындығына қатынасы.
Су шығыны – өзеннің, каналдың, құбырдың көлденең қимасынан бір секунд ішінде ағып өтетін судың мөлшері. Ол текше метрмен өлшенеді.
Жылдық ағын – өзен арнасының ағыс қимасы арқылы бір жыл ішінде ағып өтетін су мөлшері, м ³ немесе км ³ - мен белгіленеді.
Су басу – өзен, көл, теңіз суы деңгейінің көтерілуінен жергілікті жерді су басуы. Су басу қар мен мұздықтың кенет еруінен, жауын – шашынның көп түсуінен, өзен арнасын мұз кептеп қалуынан, суды жел көтеруінен туады.
Тау жүйесі – шығу тегі ортақ, тізбек түзе орналасуында белгілі бір заңдылық болатын тау жоталарының жиынтығы.
Тау – айналасынан оқшау, айқын байқалатын беткейі, етегі және шыңы бар, теңіз деңгейінен биіктігі кемінде 200 м болатын көтеріңкі жер.
Тау тізбегі – тізбектеле орналасқан тау жоталары. Олар әдетте бір кезде пайда болған, шығу тегі өзара ұқсас тау жоталарынан тұрады. Мыс., Камчаткадағы тау жоталары тау тізбегін құрайды.
Тау жыныстары – жер қойнауын түзетін, құрамы әр түрлі минералдардан тұратын табиғи түзінділер. Шөгінді, магмалық, метаморфтық тау жыныстары болады.
Тау сілемі – негізгі немесе бүйірлік тау жотасынан тараған тау тарамдары. Мысалы Тянь – шаньның тау сілемдері.
Тау жотасы – екі жақ беткейі анық байқалатын, ұзындығы едәуір көтеріңкі жер.
Топырақтың тозуы (деградация почвы) – топырақ түзілу жағдайларының өзгеруіне немесе адамның шаруашылық әрекетіне байланысты топырақ қасиеттерінің біртіндеп нашарлауы.
Дефляция – желдің әсерінен борпылдақ тау жыныстары мен топырақтың бұзылуы.
Құрастырған тарих және география пәндернің мұғалімі Алтын Серікқызы Устаева
Павлодар облысы Май ауданы Көктөбе ауылы 2014ж
|