8-сынып бойынша тестік жұмыстар



бет20/27
Дата07.02.2022
өлшемі1,03 Mb.
#96658
түріҚұрамы
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   27
Байланысты:
8-сынып бойынша тестік ж мыстар

3. Төменде келтірілген құралдардың қайсысында электромагнит қолданылады?
а) микроскоп; б) динамик; в) электр үтігі; г) электр қоңырауы; д) электроскоп.
4. Электрқозғалтқыш дегеніміз не?
а) электрөлшеуіш аспаптар; б) электр энергиясын механикалық энергияға айналдыратын құрылғы; в) электромагниттік аспап, г) генератор; д) трансформатор.
5.Тогы бар шарғының магнит өрісін күшейту үшін:
1) ток күшін арттыру; 2) орам сандарын арттыру; 3) шарғы ішіне темір өзекше енгізу;
а) тек 1;б) тек 2;в) тек 3; г) 1,2,3; д) ондай жағдай мүмкін емес.
6.Кернеуді арттыруға немесе кемітуге арналған құрылғы:
а) генератор; б) электрқозғалтқыш; в) электромагниттік аспап; г) магнитоэлектрлік өлшеуіш аспап; д) трансформатор.
7.Компас тогы бар өткізгіштің жанында орналасқан.Егер өткізгіштегі токтың бағытын өзгертсе, магнит тілше қандай өзгеріске ұшырайды?
а) тілше бір айналым жасап, тоқтайды; б) тілше айнала бастайды және тоқтамайды;
в) тілше шамамен 180ºС-қа бұрылады; г) тілшемен еш өзгеріс болмайды;
д) а-г жауаптар ішінде дұрысы жоқ.
8.Параллель орналасқан екі түзу өткізгіш арқылы қарама-қарсы бағытта ток жібергенде:
а) өткізгіштер бір-біріне тартылады; б) өткізгіштер бір-бірінен тебіледі; в) өткізгіштерде
еш өзгеріс болмайды; г) өткізгіштер созылады; д) а-г жауаптар ішінде дұрысы жоқ.
9.Суретте магнит полюстерінің арасында сызба жазықтығына перпендикуляр орналасқан
тогы бар өткізгіш көрсетілген.Магнит өрісі тарапынан тогы бар өткізгішке әсер ететін күштің бағытын көрсет.

S

S



а) өткізгішке әсер ететін күш оңға қарай бағытталған;
б) өткізгішке әсер ететін күш солға қарай бағытталған;
в) өткізгішке әсер ететін күш бізден ары қарай бағытталған;
г) өткізгішке әсер ететін күш бізге қарай бағытталған;
д) а-г жауаптар арасында дұрысы жоқ.





N

10. Магнит өрісінде орналасқан өткізгіштегі токтың бағытын өзгерту үшін ... қажет.
а) өткізгіштегі ток күшін арттыру; б) өткізгіштегі ток күшін кеміту; в) магниттің полюстерінің орнын ауыстыру; г) өзгерту мүмкін емес; д) а-г жауаптар ішінде дұрысы жоқ.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет