8-сынып бойынша тестік жұмыстар



бет18/27
Дата07.02.2022
өлшемі1,03 Mb.
#96658
түріҚұрамы
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   27
Байланысты:
8-сынып бойынша тестік ж мыстар

Магнит өрісі Тест А-1
1.Өткізгіш арқылы тұрақты ток жібергенде оның айналасында магнит өрісі пайда болады.
Ол қағаз бетіндегі ұсақ темір ұнтақтарының орналасуынан және магнит тілшенің бұрылуынан байқалады.Қандай жағдайда магнит өрісі жойылып кетеді?
а) темір ұнтақтарын алып тастаса; б) магнит тілшесін алып тастаса; в) темір ұнтақтарып және магнит тілшесін алып тастаса; г) өткізгіштегі токты өшіріп тастаса; д) пайда болған магнит өрісі жойылмайды.
2. Суретте жолақ магниттің магниттік сызықтары және 1,2,3 магнит тілшелер көрсетілген.Қай тілшеге магнит күшті, қайсысына әлсіз әсер етеді?

а) 1-ші тілшеге күшті, 2-тілшеге әлсіз;
б) 2-ші тілшеге күшті, 1-тілшеге әлсіз;
в) 3-ші тілшеге күшті, 2-тілшеге әлсіз;
г) ешбір тілшеге әсер етпейді;
д) а-г жауаптар арасында дұрысы жоқ.



3.Магнит өрісінің күш сызықтары дегеніміз-
а) электр зарядынан басталып, электр зарядынан аяқталатын сызықтар;
б) өткізгішті қармап жатқан сызықтар; в) магнит өрісінде кішкентай магнит тілшелердің осьтерін бойлай орналасқан сызықтар; г) ток жүріп жатқан өткізгішпен бағыттас сызықтар; д) а-г жауаптар арасында дұрысы жоқ.
4.Электр өрісіне қарағанда магнит өрісінің ерекшелігі:
а) өріске енгізілген электр шамына әсер етеді; б) жеңіл мыс сымға әсер етеді;
в) зарядталған шыны таяқшаға әсер етеді; г) ток жүріп жатқан өткізгішке әсер етеді;
д) ерекшелігі жоқ.
5.Магнит өрісін ... туғызады.
а) тыныштықтағы және қозғалыстағы электр зарядтары; б) қозғалыстағы электр зарядтары; в) тыныштықтағы электр зарядтары; г) магниттік зарядтар; д) а-г жауаптар ішінде дұрысы жоқ.
6.Сыртқы магнит өрісін күшейтетін заттар:
а) парамагнетиктер; б) диамагнетиктер; в) ферромагнетиктер; г) магнетиктер;
д) а-г жауаптар ішінде дұрысы жоқ.
7.Магнит өрісі ... әсер етеді.
а) тыныштықтағы электр зарядтарына; б) тыныштықтағы және қозғалыстағы электр зарядтарына; в) магниттік зарядтарға; г) қозғалыстағы электр зарядтарына; в) магниттік зарядтарға; д) а-г жауаптар ішінде дұрысы жоқ.
8.Магнит өрісі тарапынан тогы бар өткізгішке әсер ететін күштің бағыты ... анықталады.
а) оң қол ережесімен; б) бұрғы ережесімен; в) сол қол ережесімен; г) Ленц ережесімен;
д) а-г жауаптар ішінде дұрысы жоқ.
9.Суретте магнит өрісінде орналасқан тогы бар өткізгіш көрсетілген.Өткізгішке әсер ететін күштің бағытын көрсетіңдер.

а) өткізгішке әсер ететін күш оңға қарай бағытталған;
б) өткізгішке әсер ететін күш солға қарай бағытталған;
в) өткізгішке әсер ететін күш тік төмен бағытталған;
г) өткізгішке әсер ететін күш тік жоғары бағытталған;
д) а-г жауаптар арасында дұрысы жоқ,



S



N


10.Механикалық энергияны электр энергиясына айналдыратын құрылғы ...
а) генератор; б) электрқозғалтқыш; в) электромагниттік аспап; г) магнитоэлектрлік өлшеуіш аспап; д) трансформатор.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет