1.Мұздың меншікті балқу жылуы 340 кДж/кг.Бұл сан нені білдіреді?
а) балқу температурасында алынған 340кг мұзды балқыту үшін 1 кДж жылу қажет;
б) 1кг мұзды қыздыру және балқыту үшін 340 кДж жылу қажет;
в) балқу температурасында алынған 1кг мұзды балқыту үшін 340 кДж энергия қажет;
г) 1кг мұзды балқыту үшін 340 кДж энергия қажет екенін көрсетеді;
д) а-г жауаптар ішінде дұрысы жоқ.
2. Тұрақты температурада сұйық күйден газ тәрізді күйге өткенде заттың ішкі энергиясы қалай өзгереді?
а) артады; б) кемиді; в) ішкі энергия заттың күйіне тәуелді емес; г) заттың ішкі энергиясы тәуелсіз шама; д) жағдайға байланысты артуы да, кемуі де мүмкін.
3. 0 ºC температурадағы мұзды балқыту үшін жұмсалатын жылу мөлшері, дәл сондай мұз кесегін 1 ºC-қа қыздыру үшін жұмсалатын жылу мөлшерінен неше есе көп?
а) 2; б) 162; в) 72; г) 330; д) жауап мұздың массасына байланысты.
4.Қалайы және мыс 500ºC температурада қандай (сұйық немесе қатты) күйде болады?
а) қалайы сұйық, мыс қатты күйде; б) қалайы қатты, мыс сұйық күйде; в) екеуі де қатты күйде; г) екеуі де сұйық күйде; д) анықтау мүмкін емес.
5.Су ішінде мұз кесегі жүзіп жүр. Екі заттың да температуралары 0ºС.Осы кезде не байқалады?
а) мұздың еруі; б) судың қатаюы; в) бір мезгілде судың аздап қатаюы мен мұздың еруі;
г) ешқандай агрегаттық өзгеріс болмайды; д) нақты жауап беру мүмкін емес.
6. Әр түрлі болат бұйымдарды балқытылған болатты қатаю кезінде арнайы қалыптарға құю арқылы алады. Дұрыс ұйғарымды таңдаңыз:
а) қатаю кезінде болаттың ішкі энергиясы артады; б) қатаю кезінде болаттың температурасы төмендейді; в) қатаю кезінде молекулалар кристалдық тор құрап, реттеліп орналасады; г) молекулалардың қозғалыс жылдамдығы артады; д) ішкі құрылымында ешбір өзгеріс болмайды.
7.Суретте келтірілген график бойынша массасы 2кг мұзды суға айналдыру үшін қанша жылу мөлшері қажет екенін есептеңдер.
8.100г эфирді буландыру арқылы қандай мөлшердегі суды 273К температурадағы мұзға айналдыруға болады? Судың және эфирдің бастапқы температуралары 293К.Жылу алмасу тек су мен эфир арасында жүреді.
а) 4,1кг; б) 2,5кг; в) 0,63кг; г) 1,026кг; д) 0,82кг.
9. Адам өзін жақсы сезіну үшін ауаның салыстырмалы ылғалдылығы белгілі мөлшерден аспау қажет.Ылғалдылықтың өзгеруі жылу алмасудың бұзылуына әкеліп соқтырады.Бұл неге байланысты?
а) ауаның меншікті жылу сыйымдылығының өзгеруіне байланысты; б) адам денесінен ылғалдың булану жылдамдығының өзгеруіне байланысты; в) атмосфералық қысымның өзгеруіне байланысты; г) ауадағы оттегінің құрамының өзгеруіне байланысты;
д) а-г жауаптар ішінде дұрысы жоқ.
10. Массасы 100г темір калориметр ішінде температурасы 15ºC, массасы 500г су бар.Калориметр ішіне жалпы массасы 150г болатын, 100ºC температурадағы қорғасын мен алюминий салады.Осының нәтижесінде судың температурасы 17ºC-қа дейін көтерілсе, онда қорғасынның мөлшері қандай?
а) 92г; б) 46г; в) 126г; г)104г; д) 118г.