8-сыныпқа арналған «Қазақтілі» пәнінен 3-тоқсан бойыншажиынтықбағалаутапсырмалары Биоалуантүрлілік. Қызыл кітапқа енген жануарлар мен өсімдіктер. Синтаксис. Қоршаған орта және энергия ресурстары. Синтаксис Жасөспірім және заң



бет4/6
Дата20.04.2022
өлшемі26,23 Kb.
#140185
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
8-сын 3-тоқсан тжб қаз т.

А мәтіні
Төремұрат АЙМАҒАМБЕТОВ,
«Медиаторлар одағы» қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры:


Жеткіншектің жазасын жеңілдеткен жөн

Соңғы кездері жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық азаймай отыр. Мұндай күрделі мәселені шешу мақсатында елімізде сот әділдігінің жаңа тетігі – ювеналдық әділсот заңдық негізде іске асырылып, арнайы орган – кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі соттар құрылды. Ювеналдық әділеттің негізі болып табылатын бұл соттарға тек жазалау шаралары ғана емес, ең алдымен алдын алу жұмыстары жүктеледі және кәмелетке толмағандарды оңалтумен айналысатын қоғамдық институттар көмекші ретінде тартылады.


Біздің бірлестікте «Кәмелетке толмағандарды сот өндірісіне бағыттау орталығы» жұмыс істейді. Ондағы психологтар мен әлеуметтік жұмыскерлер кәмелетке толмағандарға қатысты сот процестеріне қатысып, айыпталушы жасөспірімдерге қатысты құжаттарды ресімдеуге тікелей қатысады. Баланың әлеуметтік портреті, отбасы, тұрмыс жағдайы туралы акті және жеткіншектің жеке психологиялық мінездемесі сияқты құжаттар сот әділдігін атқаруда, айыпталушының бұл қылмысқа баруының себептерін анықтап, баланың болашағына балта шаппайтындай, бірақ тәрбиелік мәні бар жаза түрін қолдануда шешуші рөл атқарады.
Айта кетерлігі, «Кәмелетке толмағандарға қатысты сот әділдігі. Медиация» жобасының аясында бірнеше айыпталушы жеткіншектің жазасы жеңілдетіліп, оларға шартты түрде жаза қолданылды. (146 сөз). http://www.astana-akshamy.kz/zhasospirim-nege-qylmys-zhasajdy/


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет