Жай сөйлемнің түрлеріне арналған тест 8- сынып. І нұсқа. 1. Жай сөйлемді табыңыз.
а) Бусанған жер мұнартып жатыр в) Өнерлі бала-арлы бала, өнерсіз бала-сорлы бала.
с) Кеш аяқталып, жұрт тарай бастады д) Істі бастаған соң, аяқтау да керек. е) Істің соңы дұрыс аяқталып, ел біраз тынышталды.
2. Жай сөйлемдер ішіндегі жалаң сөйлемді табыңыз.
а) Биыл қар қалың. в) Биыл қар қалың жауды. с) Биыл қар өте қалың жауды. д) Қар жауды.
е) Бүгін қар жауды.
3. Жайылма сөйлемді табыңыз.
а) Қоңырау соғылды. в) Қар еріді. с) Жаңбыр көп жауды. д) Сағат жүріп тұр. е) Күз түсті.
4. Жақсыз сөйлемді табыңыз.
а) Мен оны тыңдадым. в) Сен оны ұнатпайсың. с) Менің тыңдағым келеді. д) Көп оқисың. е) Емтиханға барамын.
5. Жақты сөйлемді табыңыз.
а) Оның ойнағысы келеді. в) Мүсіркегенді ұнатпаймыз. с) Оның баруына тура келеді. д) біздің қайтқымыз келмейді. е) Менің ойнағым келеді.
6. Атаулы сөйлемді табыңыз.
а) Қыстың ұзақ түні. в) Жай жүрмісің? с) Сәлеміңді тегіс жеткізді. д) Алақай, апам келді.
е) Қандай әдемі тасыңыз?
7. Толымды сөйлемді табыңыз.
а) Плакаттар апарып тігеміз. в) Досанның тауға қайтадан барғысы келді. с) Сізге сәлем деді.
д) Біз ертең күштің бәрін соған саламыз. е) Қандай тамаша!
8. Толымсыз сөзді табыңыз.
а) Осындайда алыста жүрген досыңа зар боласың. в) Су жылы екен. с) Карпов сөйлеп отыр.
д) Поезға шығарып салды. е) Аспан ашық..
9. Жақсыз сөйлем дегеніміз не?
а) Бір ғана сөзден жасалса. в) Іс, оқиғаны баяндамай, атап қана тұратын сөйлем. с) Сөйлемнің оқшау келетін түрі. д) Бастауышы жоқ сөйлем. е) Ойға қатысты сөйлем мүшелерінің қатысуы.
10. Бұйрықты сөйлем қандай мағынада қолданылады?
а) Баяндау. в) Талап ету. с) Сұрау. д) Көңіл білдіру. е) Хабарлау
11. Берілген сөйлем жай сөйлемнің қай түріне жататынын белгілеңіз.Мені танимысың?
A) Жақсыз. B) Жақты. C) Жалаң. D) Атаулы. E) Толымды.
12. Бастауыштан кейін дұрыс қойылған сызықшаны табыңыз.
A) Көрмес - түйені де көрмес. B) Көрмес түйені де көрмес. C) Көрмес түйені - де көрмес.
D) Көрмес түйені де - көрмес. E) Көрмес - түйені де - көрмес.
13. Бастауыш пен баяндауыштың арасына сызықша қойылатын жерді табыңыз.
A) Даланы өрлей жүрген ақын Абай әнге салды. B) Ұстазың үйде ұйықтап жатыр.
C) Үңгір іші қараңғылана түсті. D) Көңіл кірлесе, сол жаман. E) Сондағы оқитыным Некрасовтың өлеңдері
14.Сөйлемдегі ойға, оның айтылу тәсіліне айтушының көзқарасын білдіретін сөзді табыңыз.
A) Қыстырма сөз. B) Төлеу сөз. C) Одағай сөз. D) Қаратпа сөз. E) Төл сөз.
15. Баланы жаман үйретпеу керек. Жай сөйлемнің қай түрі, көрсетіңіз.
A) Жалаң сөйлем. B) Құрмалас сөйлем. C) Жақсыз сөйлем. D) Жақты сөйлем.
E) Атаулы сөйлем.
16.Тыныс белгісі дұрыс қойылған қаратпа сөзді табыңыз.
A) Көп сағындырдың ғой: қуатым! B) Көп сағындырдың ғой, қуатым! C) Көп сағындырдың ғой - қуатым! D) Көп, сағындырдың ғой қуатым! E) Көп, сағындырдың ғой - қуатым!
17.Атаулы сөйлемді көрсетіңіз.
A) Білесің бе? B) Қыс. C) Білмесең, тыңда! D) Сен – оқушысың! E) Ол жақын жерде орналасқан.
18.Сөйлемде кездесетін оқшау сөздің түрлерін белгілеңіз.
Ей, сен, жаңылмасам, біздің қақпанға талай кездескен кәрі қасқыр көрінесің.
A) Одағай сөз, қаратпа сөз. B) Қаратпа, қыстырма. C) Тек қана қыстырма сөз. D) Қаратпа, шылау. E) Қаратпа сөз, жалғау.
19. Мұны айтпауына болмай да қалып еді. Сөйлем түрін анықтаңыз.
A) Жақсыз. B) Атаулы. C) Жақты. D) Толымды. E) Құрмалас.
20.Жай сөйлемді табыңыз
а) Қазір Еркебұлан сол ақ отаудың ішінде жалғыз отыр. в) Ұшақ төмен түскен сайын , бұлт қоюлана берді. с) Сен келгенше, мен пісіріп үлгеремін. д) Қолы қатты дейді, қорқып тұрмын. е) Қоңырау соғылып, сабақ басталды.