8 тақырып. Тұлғаның денсаулық психологиясы Жоспар


Салауатты өмір салты тұлғаның жетістікке жету негізі ретінде



бет3/3
Дата01.04.2022
өлшемі20,39 Kb.
#137558
1   2   3
Байланысты:
8 дәріс Психология

4. Салауатты өмір салты тұлғаның жетістікке жету негізі ретінде
Салауатты өмір салты (СӨС)- бұл ең әуелі денсаулықты сақтауға және нығайтуға бағытталған сауықтыру жолындағы белсенді іс-әрекет. Салауатты өмір салты өмір сүру барысында мақсатты түрде қалыптасады. Қазіргі мәліметтер бойынша денсаулық 53-55%- ға салауатты өмір салтына тәуелді болады екен. Бұдан салауатты өмір салтын ұстанудың қаншалықты маңызды екендігі айқын. Салауатты өмір салты - адам үшін аса маңызды, денсаулықпен тікелей байланысты құнды форма. Ол адам мәдинетінің бір бөлігі. Ал денсаулық адам бақытының негізгі бөлігі. Қоғамның болашағы әрбір адам денсаулығына байланысты. Денсаулыққа тек дененің сыртқы бүтіндігі ғана деп қарау ағаттық, жалпы алғанда оны ағзаның жан-жақты дамуымен бүкіл қызметтердің жүзеге дұрыс асырылуы деп ұққан жөн. Салауатты өмір салтын қалыптастырудың негізгі бағытгары:
- жеке және қоғамдық гигиена;
- дене шынықтыру, гиподинамиямен күрес;
- ағзаны жаратылыс-табиғи факторлармен - су, ауа, күн жарығымен және т.б. шынықтыру;
- күн тәртібін тиімді пайдалану;
- дұрыс және уақтылы тамақтану;
- тән ауруларынан сақтану;
- жарақаттанудан, уланудан, т.б. сақтану;
- зиянды әдеттерден (темекі, алкоголь, есірткілік улы заттар) сақтану;
- жыныс гигиенасы;
- психопрофилактика және психогигиена;
- конфликт және денсаулық;
- экология және денсаулық.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет