8 тақырып. Тұлғаның денсаулық психологиясы Жоспар


Аурулардың пайда болуы мен денсаулықты нығайтудың психологиялық факторлары



бет2/3
Дата01.04.2022
өлшемі20,39 Kb.
#137558
1   2   3
Байланысты:
8 дәріс Психология

2.Аурулардың пайда болуы мен денсаулықты нығайтудың психологиялық факторлары
«Психологиялық астары бар аурулар» ерлерде, егде жастағы адамдарда жиі кездеседі. Балалар мен жастар көп ауыра бермейді. Егде жастағы адамдар денсаулығына байланысты мәселелер мен аурулардан аулақ болуға тырысуы керек. Кейбір егде жастағы адамдар денсаулығын күтуді тоқтатады, денсаулығымен айналыспайды, жиі ауырады.
3. Психикалық белсенді заттарды қолдану мен зиянды әдеттер денсаулықты әлсіретуші фактор ретінде
Аурулардың халықаралық жіктемесі бойынша (АХЖ - 10) осы үлкен топқа кіреді:
- маскүнемдік (жіті улану, созылмалы маскүнемдік, тұрмыстық ішкіштік)
- нашақорлық (опий тобы, каннабиоидтар, спайстар, кокаин, амфетаминдер және т. б.)
- уытқұмарлық (желім, газ, бензин, ұшпа еріткіштер және т. б.)
- темекіні пайдалану (насыбай, темекі, «көк темекі», вэйптар, қорқор)
- прекурстарды пайдалану (дәрігердің тағайындауынсыз қатты әсер ететін дәрілік құралдарды пайдалану).
Соңғы жылдары жастар арасында ең жиі кездесетін мәселе болып микстер табылады, бұл екі және одан көп психикалық белсенді заттарды пайдалану. Психикалық белсенді заттарды пайдаланушыларды анықтау қалай өтеді:
- өз еркімен жүгіну – егер бұрын нарколог дәрігерге осы жағдай бойынша жылына 2-3 жағдайда жүгінсе, 2017-2019 ж.ж. 10-12 жағдай байқалды. Бұл халықтың тыйым салынған зарарлы заттарды пайдаланудың салдары туралы жоғары хабардарлығын дәлелдейді.
- бастапқы медициналық, білім беру мекемелері мен құқық сақтау органдардан жіберу. Бұрын терапевт дәрігерлер, педиатрлар мен басқа белгілі бір сала мамандары адамдарды шамалы мөлшерде жіберген болатын. 2018-2019 жылдары 20-дан астам жіберілген адамдар жағдайлары болды. Әсіресе кеңес алу мақсатында психиатр дәрігерлер мен мектептер және колледждер әкімшіліктері жиі жібереді.
- алкогольдік, нашақорлық, аралас масаю мәніне тәуліктік сараптамадан өту. Әсіресе мереке алдындағы және мерекелік, демалыс, каникул күндерінде куәландырылғандардың саны айына 8-10 кісіге дейін жетеді.
- оқу орындарындағы профилактикалық медициналық бақылау, тексерулер. Орташа алғанда, бір оқу орнын қарап тексеруді аяқтағаннан кейін қосымша тексерулерге 12-15 адам шақырылады. Күнтізбелік жыл ішінде профилактикалық медициналық тексерумен 3500 адам шамасында қамтылады. профилактикалық қадағалауға алынғандардың (қауіп-қатер тобы) арасында қадағалаудың 1 жылы ішінде 98,2% ПБЗ қайталап пайдалануды тоқтатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет