Тақырыбы:Шеміршек.Жасқа байланысты гистологиясы.Регенерациясы.Сүйектің жарақаттанудан кейінгі регенерациясы.Сүйек құрылысының қайта қалыптасуына әсер ететін факторлар.Сүйек байламдары
Астана 2023 ж
АСТАНА МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ ГИСТОЛОГИЯ ЖӘНЕ ЭМБРИОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ Орындаған : Сейдалиев Мейірбек Қабылдаған: Зайв Жансая
Жоспар
I.Кіріспе.
II.Негізгі бөлім:
1.Шеміршек.
а) Шеміршектің жасқа байланысты өзгеруі.
б) Шеміршектің регенерациясы.
2.Сүйек тіні.
а) Регенерациясы.
III.Қорытынды.
Шеміршек тіні
Шеміршек тіні
Ересек адамда шеміршек тіні тіректік қызмет атқарады. Олар кейбір қуыс мүшелердің құрамына кіреді (ауа өткізу жолдары), сүйектердің байланыстарын қамтамасыз етеді (буындардың гиалинді шеміршегі). Эластикалық шеміршек мүшелердің уақытша қалпын өзгертуін қамтамасыз етеді. Эмбрионалдық кезеңде шеміршек пішіндеушілік қызмет атқарады және сүйектің пайда болуында қолданылады (тура емес остеогистогенез — шеміршек тінінің провизорлық қызметі).
А. Гиалинді шеміршек;
Б. Эластинді шеміршек;
В. Талшықты шеміршек;
Г. Шеміршек тінінің гистогенезі;
Д. Ядро;
Барлық шеміршек тіндері жасушалардан (хондробластылар, хондроциттер, хондрокластылар) және жасушааралық заттан тұрады. Жасушааралық заты негізгі аморфты заттан және талшықтардан құралады. Шеміршек тінінің үшке - гиалинді, эластикалық және талшықты (коллагенді-талшықты - жіктелуі негізінен жасушааралық заттың құрылысына негізделген. Гиалинді шеміршектің жасушааралық затында тек коллаген талшықтары болады. Эластикалық шеміршек тінінде коллаген талшықтарынан басқа эластикалық талшықтар да болады. Коллагенді-эластикалық шеміршек тінінде коллаген талшықтары бір-біріне параллелі орналасады. Шеміршек тінінің талшықтарын хондринді талшықтар деп атайды.