Жоспар I. Кіріспе



бет2/4
Дата01.02.2023
өлшемі0,75 Mb.
#167114
1   2   3   4
Байланысты:
Сейдалиев Мейірбек 3
сакталу зандары 6 лекция, Сабыр Айдана Әділханқызы МФК 221дв, 3 zts zhia

Бұл ұлпа да жасушалар мен жасушааралық заттан тұрады. Шеміршек жасушалары – хондроциттер. Олар пішіні сопақша немесе дөңгелектене түскен жасуша, көбінесе цитоплазмасы вакуольденген болады. Жасушалар жеке, кейде ұсақ изогенді топтар түрінде, кейде коллаген талшықтарын бойлай тізбектер құрап орналасады. Коллагенді-талшықты шеміршек тінінің хондроциттері қалыпты хондроциттер мен фибробластылардың арасында аралық орын алады. Құрылысы бойынша олар бірінші жасушаға ұқсас, ал қызметі жағынан фибробластыларға жақын, өйткені ІІ типті коллагеннен және протеогликандардан басқа І типті коллагенді де өндіреді. Сіңірге тақалған сайын бұл ұқсастық арта түседі.

  • Бұл ұлпа да жасушалар мен жасушааралық заттан тұрады. Шеміршек жасушалары – хондроциттер. Олар пішіні сопақша немесе дөңгелектене түскен жасуша, көбінесе цитоплазмасы вакуольденген болады. Жасушалар жеке, кейде ұсақ изогенді топтар түрінде, кейде коллаген талшықтарын бойлай тізбектер құрап орналасады. Коллагенді-талшықты шеміршек тінінің хондроциттері қалыпты хондроциттер мен фибробластылардың арасында аралық орын алады. Құрылысы бойынша олар бірінші жасушаға ұқсас, ал қызметі жағынан фибробластыларға жақын, өйткені ІІ типті коллагеннен және протеогликандардан басқа І типті коллагенді де өндіреді. Сіңірге тақалған сайын бұл ұқсастық арта түседі.

ДАМУЫ.

ДАМУЫ.

Шеміршек тіндері склеротомдық мезенхимадан дамиды. Шеміршектің дамуында 4 сатыны ажыратады:

  • Хондрогенді аралшықтың түзілу сатысы.
  • Алғашқы шеміршек тінінің (хондроидтың) сатысы.
  • Шеміршек тінінің дифференциялану сатысы.
  • Шеміршектің адамның жасына байланысты өзгерістер сатысы.

Шеміршектің жасқа байланысты өзгеруі

Шеміршектің жасқа байланысты өзгеруі

Ағзадағы шеміршек тіні жасқа байланысты құрамындағы протеогликандарының концентрациясын азайтып, гидрофильдік қасиетін төмендетеді. Хондриобласттардың бөлінуі бәсеңдеп, жас хондроциттердің пайда болуы азаяды. Цитоплазмасында органеллалары азайып, ферменттердің белсенділігі төмендейді. Шеміршек құрамындағы хондриокластары көбейеді. Бұлардың негізгі қызметі аралық заты мен жасушаларының дистрофиялық өзгерістеріне қатысады. Тіршілігін жойған хондриоциттердің орнындағы лакуналар аморфты зат пен коллаген фибриллаларымен толады. Шеміршекке кальций тұздары шөгіп, түсі өзгеріп, қатайып, тез сынғыш келеді.Аталған өзгерістерге байланысты шеміршекке қан тамырлары өтіп, шеміршек сүйекке айналып та кетеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет