Реферат Тақырыбы:Өңеш,асқазан,көкбауыр топографиясы. Қабылдаған: Жұмабекова А. М орындаған: Затыбек Б. Ж тобы: 313 «А»



бет1/12
Дата14.12.2021
өлшемі494,06 Kb.
#127085
түріРеферат
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Топан 10 пз




Қазақстан-Ресей медициналық университеті

Реферат


Тақырыбы:Өңеш,асқазан,көкбауыр топографиясы.

Қабылдаған: Жұмабекова А.М

Орындаған: Затыбек Б.Ж

Тобы: 313 «А»

Алматы 2021

ЖОСПАРЫ:


1.Өңеш шекарасы.Голотопиясы,синтопиясы,скелетопиясы, қан тамырлары,нервтенуі,веналық ағысы.

2.Асқазанның голотопиясы,синтопиясы,скелетопиясы.Ішастармен жабылуы,байламдары, нервтенуі,веналық ағысы.

3.Көкбауыр голотопиясы,синтопиясы,скелетопиясы.Ішастармен жабылуы,байламдары, нервтенуі,веналық ағысы.

4.Пайдаланған әдебиеттер



Өңеш (esophagus) – адамның ас қорыту жүйесінің ауыз қуысы мен жұтқыншақты асқазанмен жалғастыратын бөлімі. Өңеш адамда түтік тәрізді, ұзындығы 25 см-дей, диаметрі 16 – 22 мм (созылғанда), қалыңдығы 3,5 – 5,6 мм. Өңеш мойын, көкірек, құрсақ бөлімдерінен тұрады. Оның қабырғасын ішкі – кілегейлі, ортаңғы – етті, сыртқы – көкірек және құрсақ бөліктерін сірлі қабық, мойын бөлігін адвентиция (қан тамырының сыртқы дәнекер қабығы) құрайды. Кілегейлі қабығында кілегей бөлетін альвеолалы түтікше бездер орналасады.

Өңештің (esophageus) үш бөлімін ажыратады : мойын, кеуде және құрсақтың склелетотопиясы. Өңештің бірінші тарылған жері — бастапқы бөлімінде кеңірдек, екіншісі —бифуркациясы тұсында, ал үшінші тарылған жері көкеттен өткен жерінде орналасады. Өңештің қозғалуы вертикалды және бүйірге бағытталуы мүмкін. Өңеш тек бастапқы бөлімімен көкет бөлігінде бекітілген. Бастапқы бөлігі VI мойын омыртқа денесінің төменгі қырына сәйкес. Өңештің мойын бөлімінің ұзындығы (жүзік тәріздес шеміршектен төс ойығына дейін) 4,5 — 5 см. Төменгі шекарасы-төстің мойындырық ойығына дейін жетеді. Өңештің мойындағы бөлігі, ортаңғы сызықтың сол жағында және алдында жатқан кеңірдектің сол жағы нан сәл шығып тұрады. Өңеште жиі тұрып қалатын бөгде денелер өте қауіпті болады. Бөгде денелер көбінесе физиологиялық тарылған жерлерде тұрып қалады . Бөгде дененің ең жиі (50% ж ағдайда) тұрып қалатын жері-төстің мойындырық ойығы деңгейі. Бүған себеп — өңештің осы арада оң жаққа қарай орналасуы. Бөгде дене салдарынан болатын асқынуларға өңештің тесілуі, сол тесік айналасының қабынуы жатады. Флегмона көбінесе өңештің мойын бөлігінің артқы қабырғасында болады. Өңештің мойыннан басқа бөліктері қозғалмалы болады.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет