Реферат Тақырыбы:Өңеш,асқазан,көкбауыр топографиясы. Қабылдаған: Жұмабекова А. М орындаған: Затыбек Б. Ж тобы: 313 «А»



бет4/12
Дата14.12.2021
өлшемі494,06 Kb.
#127085
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Топан 10 пз

Асқазанның голотопиясы: асқазан іш қуысында, солжақ қабыртқа асты  және құрсақүстілік аймақтарда (regio hypochondriaca sinistra et regio epigastrica) орналасқан (2, 3, 4-суретер).

Асқазанның скелетопиясы (4, 5-суреттер)

  • кіреберіс (кардиалді) тесігі (ostium cardiacum) алдыңғы жақта солжақ VІІ-ші қабыртқа шеміршегі, ал артқы жақта  XI-XII кеуде   омыртқасы деңгейінде проекцияланады; 

  • шығаберіс (пилорикалық)  тесігі (ostium pyloricum) алдыңғы жақта оңжақ VІІІ-ші қабыртқа шеміршегі, артқы жақта   XII-ші  кеуде немесе  I-ші бел   омыртқасы деңгейінде орналасады.

Асқазанның синтопиясы (41-сурет):

  • алдыңғы беті: бауырға, диафрагмаға жанасады және іштің алдыңғы қабырғасына жанасатын бос беті (facies libera) болады (асқазан бос кезде facies libera-ға көлденең жиекті ішек жанасатынын ескерген жөн); 

  • артқы беті:  көк бауырмен, ұйқы безімен, солжақ бүйрекпен, бүйрекүсті безімен, аортамен, төменгі қуыс венамен жанасады; асқазанның үлкен иініне тоқ ішек сәйкес келеді;

Асқазанның төрт бөлігі болады (7, 8-суреттер):

  • кардиалді бөлігі (pars cardiaca);

  • асқазан түбі (fundus ventriculi);

  • асқазан  денесі (corpus ventriculi);

  • пилорикалық (қақпалық) бөлігі (pars pyloricum), оның өзі екі бөлімнен тұрады: қақпалық үңгір (antrum   pyloricum) және қақпалық түтік (canalis pyloricus). 

2) Екі қабырғасы ажыратылады :

  • алдыңғы қабырғысы (paries anterior);

  • артқы қабырғасы (paries posterior).

3) Екі иіні бар:

  • кіші иіні (curvaturа ventriculi minor);

  • үлкен иіні (curvaturа ventriculi major).

4) Екі тесігі болады:

  • кіреберіс (кардиалді) тесігі (ostium cardiacum) – бұлшықеттік сфинктері болмайды;

  • шығаберіс, яғни қақпалық (пилорикалық) тесік (ostium pyloricum) – бұлшықеттік  сфинктері (m.sphincter pylori)  жақсы жетілген.

5) Өңеш пен асқазанның түбі арасында кардиалді тілік орналасқан (incisura cardiaca), оған асқазанның ішкі бетінде орналасқан сілемейлік қабықтың қатпары (Губарев қатпары) сәйкеседі; асқазан денесі мен пилорикалық бөлігінің аралығында бұрыш (angulus ventriculi) болады және онда бұрыштық тілік орналасқан (incisura angularis), ол тірі адамда болатын функциялық сфинктерге (sphincter antri-ге) сәйкес келеді; sphincter antri – асқазан денесін antrum pyloricum-нен бөліп тұрады, адам өлгеннен кейін қысқыш босап жойылып кетеді.

6) Асқазанның рентгенанатомиясы:

1) рентгендік көріністе тірі адамның асқазанында келесі рентгенанатомиялық номенклатураларды анықтау қажет (9-сурет) – sinus ventriculi, sphincter antri, saccus digestorius et canalis egestorius:

sinus ventriculi – асқазан қойнауы, яғни асқазанның ең төмен орналасқан бөлігі (түбі), оған жұтқан тағам бірінші келіп түседі; сол себепті, асқазанның жоғары жатқан бөлігін оның түбі деп атамайды, асқазанның күмбезі (formix ventriculi ) дейді, сондықтан рентгенограммада күмбезде әруақытты ауа көпіршіктері көрінеді;







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет