Асқазанның қанмен қамтамасыз етілуі.
Артериялары:
1) a.gastrica sinistra ¬ truncus coeliacus ¬ pars abdominalis aortae тармағы;
2) a.gastrica dextra ¬ a.hepatica communis ¬ pars abdominalis aortae тармағы;
3) a.gastroepiploica dextra ¬ a.gastroduodenalis ¬ a.hepatica communis ¬ pars abdominalis aortae тармағы;
4) a.gastroepiploica sinistra ¬ a.lienalis тармағы ¬ pars abdominalis aortae тармағы;
5) a.gastricaе breves ¬ a.lienalis тармағы ¬ pars abdominalis aortae тармағы;
A.gastrica sinistra және a.gastrica dextra бір-бірімен асқазанның кіші иінінде ұштасып артериялық доға құрайды, ал a.gastroepiploica dextra мен a.gastroepiploica sinistra үлкен иінінде артериялық доға түзеді. Осы артериялық доғалардан асқазанның барлық бөліктері, ал a.gastricaе breves арқылы асқазанның артқы қабырғасы қанмен жабдықталады.
Веналары: Асқазаннан веналық қанның ағысы артерияларға аттас веналар арқылы v.lienalis-ке, одан v.portae-ға жалғасады; сонымен қатар, v.gastrica dextra және v.prepylorica тікелей v.portae-ға ашылады.
Асқазанның иннервациясы (22,23-суреттер): ағза бойындағы нерв талшықтары асқазан өрімін (plexus gastricus) құрайды:
а) афференттік иннервация: plexus gastricus нервілерінің құрамындағы, асқазаннан орталыққа (жұлын және миға) бағытталған импульстерді өткізетін, сезім талшықтарымен атқарылады
Достарыңызбен бөлісу: |