Реферат Тақырыбы:Өңеш,асқазан,көкбауыр топографиясы. Қабылдаған: Жұмабекова А. М орындаған: Затыбек Б. Ж тобы: 313 «А»



бет12/12
Дата14.12.2021
өлшемі494,06 Kb.
#127085
түріРеферат
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
Топан 10 пз

Көкбауырдың қандандырылуы. Негізгі қандандырушы — көкбауыр артериясы, ол құрсақ бағанының тармағы . Көкбауыр артериясы көбінесе ұйқы безінің жоғарғы қырының артынан өтіп, сирегірек бездің қырымен, ал 6% жағдайда без қырынан жоғарырақ жатады. Көкбауыр артериясының жеке өзгергіш тіктері: 1) артерия магистралды қүрылған, көкбауыр қақпасына дейін тармақтар бермейді;

2) артерия шашыранды құрылған, қақпаға жетпей-ақ тармақтанады. Көкбауыр ішіндегі жоғарғы және төменгі бірінші қатардағы веналардың қосылуынан, қақпадан 3 —5 см жерде құрылып, lig. phrenicolienalis арасында, ұйқы безі құйрығының алдында жатады. Содан кейін, ұйқы безінің жоғарғы қыры арқылы өтіп, бездің артқы бетіндегі жүлгеде орналасады. Ұйқы бездің басына жақын жерде, қақпа венасының бір саласы ретінде талақ венасы жоғарғы шажырақай венасына қосылады. Көкбауыр жоғары орналасып, қозғалысы аз және диафрагмалды көкбауыр байламы қысқа болса, талақққа торако-абдоминалды жолмен ену керек. Егер көкбауыр төмендеу орналасса, диафрагма-көкбауыр байламы үзын болса, ағзаны операциялық ену жолына шығару оңайланады. Бұндай кезде көкбауырға операциялық ену, қабырға доғасына параллелді, одан 2 — 3 см төменде жүргізілуі керек. Көкбауырдың нервтенуі келесі нервтермен атқарылады: 1) құрсақ өрімінің сол жақ бөлігімен; 2) пп. splanchnici-мен; 3) оң жақ кезбе нервпен; 4) сол жақ диафрагмалды өріммен. Осы тармақтар тітіркенсе, құрсақтың жоғарғы бөлігінде белбеу тәрізді өтетін ауырсыну және сол жақтағы френикус симптомы пайда болуы мүмкін.



Пайдаланылған әдебиеттер:

  • Клиникалық анатомия. Идирисов Ә.А.

  • Адам анатомиясы. Рақышев А.

  • Адам анатомиясы. Атлас. 1 том. Жумабаев У.Ж.

  • Ғаламтор желісі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет