б) эфференттік иннервация: орталықтан (ми және жұлыннан) асқазанға бағытталған (вегетативтік, секреторлық) импульстерді өткізетін симпатикалық және парасимпатикалық нервілермен атқарылады (22,23-суреттер):
Эфференттік симпатикалық иннервация сызбасы:
преганглилік талшықтар: nucleus intermediolateralis-тен немесе nuclei sympathici thoracicae et lumbales-тен басталады (жұлынның V-XІІ кеуде, L1-2 сегменттерінің бүйір мүйізіндегі вегетативтік ядролар) →жұлынның алдыңғы түбіршігі → rami communicantes albi → truncus sympathicus → n.splanchnicus major et minor (VІ-XІ) → plexus coeliacus→ plexus aorticus abdominalis→ ganglia celiaca et mesentericum superius–теаяқталады (түйіспе, синапс);
постганглилік талшықтар: ganglia celiaca et mesentericum superius–тен басталады → plexus coeliacus et plexus mesentericus superior →plexus gastricus (асқазан артерияларын қоршап орналасады) → rr.gastrici → асқазанның қабырғасында тармақталады;
функциясы: асқазанның бұлшықет қабатын босатады, яғни перистальтикасын бәсеңдетеді, қысқышын(m.sphincter pylori) жиырылтады (асқазанда газ жинақталады, жие кекіру, лоқсу), қантамырларын жіңішкертеді және биологиялық белсенді заттардың (гастрин, серотонин, гистамин т.б) секрециясын реттейді;