Реферат Тақырыбы: Бүйрекүсті безі Орындаған: Махмұт Н.Ғ Қабылдаған: Тажиметов Б. М тобы: 108



бет1/5
Дата24.09.2024
өлшемі87,26 Kb.
#205002
түріРеферат
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Бүйрекүсті безі


Астана Медицина Университеті
«Адам анатомиясы» кафедрасы

Реферат
Тақырыбы:Бүйрекүсті безі

Орындаған: Махмұт Н.Ғ
Қабылдаған: Тажиметов Б.М
Тобы: 108

Жоспар


I Кіріспе 2
II Негізгі бөлім 3
1.1Бүйрекүсті безінің Голотопиясы,скелетотопиясы,синтопиясы.Макроскопиялық құрылысы 3
1.2Бүйрекүсті безінің микроскопиялық құрылысы 5
1.3Қыртысты затының гормондары 6
1.4Милы затының гормондары 7
1.5Паранглийлер 7
1.6Бүйрекүсті безінің эмбриогенезі 8
ІІІ Қорытынды 8
ІV Пайдаланылған әдебиеттер 9


I Кіріспе


Бүйрекүсті безі — бүйректің ішкі және жоғарғы (адамда — артқы) жағында орналасқан, пішіні бүйрекке ұқсас, бірақ мөлшері тіптен майда, жұп ішкі секреция (эндокринді) безі.


Бүйрекүсті безі — шығу тегі екі түрлі жеке құрылымнан (мезодерма спланхнотомынан және жүйке түтігі қыршаларынан) дамып қалыптасады. Ол сыртынан тығыз дәнекер ұлпалы қапшықпен (капсуламен) қапталған. Бүйрекүсті безінің сыртқы жағында орналасқан қыртысты заты — қуыстық мезодермадан қалыптасқан интерренальды денеден, ал ішкі бозғылт заты — симпатикалық түйіндермен бірге жүйке қыршаларынан жетілетін супраренальды мүшеден қүралған. Бүйрекүсті безінің бозғыл заты нейроэндокринді бездерге жатады. Бездің қыртысты затын құрайтын пішіні мен мөлшері әртүрлі безді жасушалар (эндокриноциттер), өз кезегінде пішіні әртүрлі эндокриноциттер бағандарынан құрылған үш: шумақты (доғалы), будалы және торлы аймақтар түзеді. Шумақты аймақ эндокриноциттері — минералокортикоид гормондарын, будалы аймақ жасушалар — глюкокортикоид гормондарын, ал торлы аймақ эндокриноциттері — андроген гормондарын бөледі. Минералокортикоид гормондары — альдостерондар организмдегі су және түз алмасуын, ал глюкокортикоид гормондары — кортикостерон, кортизон, гидрокортизон көмірсу, протеин және липид алмасуын реттеуге қатысады. Андроген гормоны — аталық жыныс гормоны тестостеронға ұқсас. Бүйрекүсті безінің ішкі жагындағы бозғылт затты — медуллалы эндокриноциттер (нейроэндокринді хромаффиноциттер) құрайды. Ақшыл түсті эпинефроциттер (нейроэндокриноциттер) - адреналин, ал күңгірт түсті норэпинефроциттер - норадреналин гормондарын бөледі



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет