Тақырып 11,12. Ядроның морфофункционалды құрылысы
Мақсаты: Цитологиялық препараттардан және электронды фотосуреттерден интерфазадағы ядроның құрылысымен танысу.
Тапсырмалар.
1) Өсімдік жасушаларындағы ядроның құрылымын пияз қабықшасының цитологиялық препараттарынан микроскоптың кіші өлшемімен және (5) 53-54 беттердегі №20,21 электронды микросуреттер-препараттардан өсімдік жасушасы ядросының ультроқұрылымымен танысу. Ядроның құрылымын сызба-нұсқа түрінде суретке түсіру. Саңылаулар комплексі мен ядро мембранасының үзіндісінің суретін салу.
2) Жануар жасушаларының ядросының құрылысымен танысу. Тышқанның сүйек миының жасушаларының ядросының құрылымымен танысу, (5) 47-50, 54-60 беттерден № 22, 23, 24, 25 препараттарды қараңыз. Әр түрлі жануарлар жасушаларының пішініне, көлеміне, санына қөңіл аударыңыздар.
Тапсырманы орындау бойынша әдістемелік нұсқау. Тақырып бойынша теориялық материалды мұқият оқып, талдау жасаңыз. Жұмысқа кіріспес бұрын, жұмыстың мағынасы мен мақсатын ұғыну керек, жұмыс барысы кезінде не істеу керектігін, оны қалай рәсімдеу керектігін мұқият оқып, түсіну. Зертханалық жұмысты орындау әдістемесімен танысып, тапсырмаларды және зертханалық жұмысты орындау барысын дәптеріңізге жазу қажет. Тапсырмаларды орындаңыздар, жұмыстың барысын суреттеп айтыңыздар және лайықты қорытындылар шығарыңыздар. Жұмыс соңында бақылау сұрақтарға жауап беріңіздер.
Бағалау кезінде қисындылық, жүйелілік, хабарлылық ескеріледі.
Әдебиеттер:Н:1-3, Қ:1-8; ИК: 1-6.
Достарыңызбен бөлісу: |