Тақырып 2. Жасушаның құрылысы және функциясы
Мақсаты: Организмнің негізгі құрылымдары - жасуша және жасушасыз құрылымдармен танысу.
Тапсырмалар:
1) Жасушалар сызбасынан әртүрлі жасушаларды табу, әр жасушаның ядросы бар екендігіне, олар көк түске боялатынына көз жеткізу. Ядроның айналасында қызғылт түсті, сырты цитолеммамен қоршалған цитоплазма орналасқан. Жасушалар арасындағы цитолемма әр жасушаның шегін көрсете бір-бірімен тығыз байланысып жатады. Осындай екі жасушаның суретін салып, мыналарды белгілендер: I - цитолемма; II - цитоплазма: 15 - Гольджи аппараты, 2 - центросома, 3 - митохондрий, 4 - протеин түйіршіктері, 5 - торша көпіршіктері, 6 - май түйіршіктері; III - ядро: 7 - кариолемма (ядроның қабығы), 8 – кариоплазма (ядроның шырыны), 9 - гетерохроматин, 11 - домалақ денешіктер (ядрышко). Екінші сызбада: 1 - призма тәрізді жасушалар, 2 — текше жасуша, 3 — жайпақ жасуша, 4 - домалақ жасушалар: а - сегментті ядролы, б — дөңгелек ядролы, 5 - ұршык тәрізді жасуша, 6 - өсінділі жасуша, 7 - құты тәрізді жасуша, 8 — кірпікше жасуша, 9 - тарамыстағы жасуша, 10 — сперматозоид, 11 — мегакариоцит, 12 - эритроцит.
2) Қанқа көлденең жолақты бұлшық ет талшықтарының кесінділерін кіші, үлкен ұлғайтқыштарда карап, олар симпластқа мысал екенің түсініп, көптеген ядролары барын көріп, ұзына бойында және көолденең кесіндідегі бейнелерін суретке салып алып, атластың 49 суретімен танысып, мыналарды белгілеу қажет: 1 - сарколемма, 2 - саркоплазма, 3 ядро, 4 — ұзына бойдагы кесінділер, 5 -олардың арасындағы дәнекер ұлпалар.
3) Жасуша және жасушасыз құрылымдарга мысал бола алатын жалпы студенттерге көрсетілетін көрініс препараттарды қарап, олардың суретін салмай-ақ, еске сақтау кажет.
4) Жасушаның субмикроскоптық (электронды микроскоптағы) құрылысының кестесін салып , мыңаларды дұрыс белгілеп алу керек: 1 - цитолемма; 2 - пиноцитоз көпіршіктері; 3 - центросома; 4 - гиалоплазма; 5 - эндоплазмалық тор: а - жарғақ, б - рибосомалар: 6 - жасушаның ядросы; 7 - байланыс түрлері, 8 - ядро саңлауы; 9 - ядрышко; 10 - Гольджи аппараты; 11 - көпіршіктер: 12 - митохондрийлер; 13 — лизосомалар; 14 - фагоцитоз түрлері; 15 - цитолемманын жаргақпен байланысы
Тапсырманы орындау бойынша әдістемелік нұсқау. Тақырып бойынша теориялық материалды мұқият оқып, талдау жасаңыз. Жұмысқа кіріспес бұрын, жұмыстың мағынасы мен мақсатын ұғыну керек, жұмыс барысы кезінде не істеу керектігін, оны қалай рәсімдеу керектігін мұқият оқып, түсіну. Зертханалық жұмысты орындау әдістемесімен танысып, тапсырмаларды және зертханалық жұмысты орындау барысын дәптеріңізге жазу қажет. Тапсырмаларды орындаңыздар, жұмыстың барысын суреттеп айтыңыздар және лайықты қорытындылар шығарыңыздар. Жұмыс соңында бақылау сұрақтарға жауап беріңіздер.
Бағалау кезінде қисындылық, жүйелілік, хабарлылық ескеріледі.
Әдебиеттер:Н:1-3, Қ:1-8; ИК: 1-6.
Достарыңызбен бөлісу: |