Тақырып 5. Жасушалардың биологиялық мембраналары. Плазмалық мембрана
Мақсаты: Биологиялық мембраналардың молекулалық және құрылымдық құрылысымен және плазматикалық мембарананың мысалында олардың атқаратын қызметімен танысу. Биологиялық мембаранлардың маңызын түсіну.
Тапсырмалар.
1) фосфолипид молекуласының, липидты биқабаттың және плазматикалық мембрананың фрагментінің сызбанұсқасын сызып, липидті биқабаттың ақуыз молекулаларымен түзетін әр түрлі ассоциацияларын көрсету.
2) Плазматикалық мембрана бетінің морфофункционалды құрылысын қарастыру. Арнайы жасушааралық қосылыстардың құрылымын қарастыру.
3) Мембрана арқылы заттарды тасымалдау процестерін қарастыру. Унипорт, симпорт, антипорттарды көрсетіп, суреттерін салу.
4) Эндоцитоз процесі кезіндегі плазматикалық мембрананың белсенді қызметімен танысу. Эндо және экзоцитоз үрдістеріндегі мембрана матриксінің молекулаларының қайта топтасуы кезіндегі, плазматикалық мембраналардың конформациялық өзгергіштіктерінің сызбанұсқасының суретін салыңыздар.
5) плазмолиз бен деплазмолиз құбылыстарының негізінде плазмалемманың өткізгіштігін қарастырыңыздар. Жасушаның тургор, бұрыштық, ойыс және дөңес плазмолиз күйлерінің суретін салып, жасушаның негізгі бөлімдерін көрсетіңіздер.
Тапсырманы орындау бойынша әдістемелік нұсқау. Тақырып бойынша теориялық материалды мұқият оқып, талдау жасаңыз. Жұмысқа кіріспес бұрын, жұмыстың мағынасы мен мақсатын ұғыну керек, жұмыс барысы кезінде не істеу керектігін, оны қалай рәсімдеу керектігін мұқият оқып, түсіну. Зертханалық жұмысты орындау әдістемесімен танысып, тапсырмаларды және зертханалық жұмысты орындау барысын дәптеріңізге жазу қажет. Тапсырмаларды орындаңыздар, жұмыстың барысын суреттеп айтыңыздар және лайықты қорытындылар шығарыңыздар. Жұмыс соңында бақылау сұрақтарға жауап беріңіздер.
Бағалау кезінде қисындылық, жүйелілік, хабарлылық ескеріледі.
Әдебиеттер:Н:1-3, Қ:1-8; ИК: 1-6.
Достарыңызбен бөлісу: |