Cабақта қолданылатын стратегиялар



Дата27.09.2020
өлшемі210,92 Kb.
#81334
Байланысты:
Cабақта қолданылатын стратегиялар
26.09.2020. Интербелсенді әдістер., 26.09.2020. Интербелсенді әдістер., 28.09.20 Зачетқа дайындық docx, 28.09.20 Зачетқа дайындық docx

Cабақта қолданылатын стратегиялар

Құрастырған: Абызбек Г.Т.

1 деңгей мұғалімі


Жамбыл атындағы мектеп-лицейі

Таза тақта.

Таза тақта.

Оқушылар өткен тақырып бойынша тақтаға сұрақтар немесе ережелер жазып тақтаны толтырады, содан кейін әр сұраққа жауап беріп, өшіріп отырады. Соңында барлық сұрақтарға жауап бергенде тақта таза болып шығады.

Ыстық орындық

Ыстық орындық

Тақтаның алдына орындық қойылады. Ол ыстық орындық. Оған өз еркімен немесе мұғалімнің шақыруымен бір оқушы отырады. Қалған оқушылар тақырып бойынша сұрақтар қояды. Кей жағдайда ыстық орындыққа мұғалім де отыруға болады.

Қар кесегі

Бір оқушы тақырып бойынша бір тұжырым айтады. Екінші оқушы оның айтқанын қайталап, өзінің тұжырымын айтады. Үшінші оқушы алдыңғы екі оқушының айтқанын қайталап, өзінің тұжырымын айтады. Сөйтіп жалғаса береді.

Миға шабуыл

Миға шабуыл

Өткен тақырыптар бойынша сұрақтар қойылады. Оқушылар тез жауап беруі керек. Оңай сұрақтардан бастап қиындатуға болады.

Сұрақтар қобдишасы

Ортаға сұрақтар жазылған қобдиша қойылады. Оқушылар кезектесіп бір сұрақты алады да жауап береді. Кей жағдайда оқушылар сұрақтар құрастырып қобдишаға салып, сосын оған жауап бергізуге де болады.

Құндылықтар спектрі

Құндылықтар спектрі

Өтілген материалдар бойынша сөздер, түсініктер, суреттер және т.б. Оқушыларға беріп оны құндылығы жағынан орналастыруды сұраңыз. Оқушы түсінігін тыңдаңыз

Әңгімелесетін әріптестер (жұппен жұмыс)

Әңгімелесетін әріптестер (жұппен жұмыс)

Өткен сабаққа сілтеме жасауды көздейтін бастапқы немесе бүкіл сыныпқа арналған тапсырма ретінде оқушылар әріптестерімен:

жаңа оқылған 3 факті туралы;

оларға жеңіл болып көрінгендер туралы

оларға қиын болып көрінгендер туралы

алдағы уақытта оқығысы келген нәрселер туралы ақпарат алмасады.



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет