85. Өнер. Өнер тану Құлахмет Қожықов – қазақ театры мен киносының тұңғыш суретшісі



бет1/22
Дата05.11.2016
өлшемі2,16 Mb.
#565
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
85. Өнер. Өнер тану
Құлахмет Қожықов – қазақ театры мен киносының тұңғыш суретшісі. - Астана: Фолиант, 2014. - 320 б.

Бұл басылым қазақ мәдениетінің көрнекті қайраткері, республикамыздың ұлттық сахна және кино декорациясы өнерінің негізін салушысы Құлахмет Қожықовтың өмірі мен шығармашылығына арналған. Кітап-альбомның жарыққа шығуы қайраткердің туғанына 100 жыл толуына орайластырылып отыр. Кітапта суретшінің театрдағы және кинодағы жұмыстары мен Ұлы Отан соғысы жылдарында Орталық Біріккен киностудияда С. Эйзенштейнмен және басқа да кеңес киносының майталмандармен кездесуі, олармен бірлесіп еңбек еткендері және «Қазақфильмдегі» одан кейінгі жұмысы жайлы баяндайтын естеліктері пайдаланылған. Альбомда декорациялық театр және кино эскиздері, тұғырлы кескіндемелік және графикалық туындылары, спектакльдер мен кинофильмдерге арналған костюмдер және отбасылық мұрағаттан алынған фотосуреттер бірінші рет жарыққа шығып отыр. Кітап суретшілерге, театртанушыларға, кинотанушылар мен өнертанушыларға, өнерсүйер қауымға және Қазақстан өнері мен мәдениетіне ықыласты барлық оқырман қауымға арналған.




Нурекеев М. Кітап-альбом. - Алматы: «Өнер» баспасы, 2015. - 240 б.

Қазақ өнеріндегі тұлпар тұлғалар ғасырдың әр кезеңінде қылаң беріп, оқ бойы озық көрініп отырады... Оның әрқайсысын ұақыт белгілейді, халық таңдайды. Мейірман Нұрекеев - XX ғасырдың 70-інші жылдарында өнер сахнасына шығып танылып, 90-ыншы жылдардың аяғына қарай фәни дүниемен қош айтысқан қайталанбас тұлға.

1972 жылы М.Нүрекеев Арқалықтағы жаңа ашылған музыкалық драма театрында актерлік қыз-метін бастады да, кейіннен Қазақтың балалар және жасөспірімдер театрының, сонан соң М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының сахнасына көтеріліп, ондаған спек-такльдерде сан түрлі рольдерді сомдады, «Қазақфильм» киностудиясында түсірілген әлденеше көркем фильмдерде негізгі рольдерді орындап шықты.

Алайда өнер шеберінің актерлік жарқын тұлғасы 80-інші жылдарда қазақ сахнасының інжу-маржанына айналған «Тамаша» ойын-сауық отауындағы қойылымдармен ерекше биік сипат алған болатын.

«Өнер» баспасынан Мейірман Нұрекеевтің 70 жылдығына орай жарық көріп отырған осы кітап-альбомда актердің балалық шағынан басталатын өмір жолын, кейінгі - өнердегі ол шыққан биік кезеңдерді, сахнада және фильмдерде орныққан, «Тамашадағы» аңқау, аңғал, күлкілі образ-дарды бейнелейтін фотосуреттер және замандастарының естеліктері топтастырылды.

Өзі де адал, аңқау, сырбаз қалпында қазақ халқының есінде қалған Мейірман Нурекеевтей актерді бағалай алатын әр адам үшін бұл басылым ерекше құнды.







Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет