8/7 Әдістемелік нұсқау Жалпы білім беретін мектептің 8/7-сынып мұғалімдеріне арналған құрал қазақстан тарихы



Pdf көрінісі
бет105/128
Дата06.12.2023
өлшемі1,11 Mb.
#195358
түріОқулық
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   128
Байланысты:
e2c00f623344b2127e520f0c84e29d6b

сабақ түрі мен әдісі
Тарихи, әдеби дискурс, дөңгелек үстел.  Интербелсенділік, сауалнамалық, 
логикалық.
сабаққа қатысты ескертпелер
Сабақты өту барысында басты назарда ұсталатын мәселелер: 
1. Қазақ халқының ішекті музыка аспаптарының түрлері.
2. Қазақ халқының үрмелі музыкалық аспаптары. 
3. Қазақ халқының соқпалы аспаптарының түрлері. 
Мұғалім сабақты ғаламтор желісіне қосылған интерактивті тақта арқылы, 
ұлттық музыкалық аспаптардың бірегей, жақсы сақталған үлгілерімен таны-
стырады әрі тыңдайды. Қалалық жердегі мектеп оқушыларына сол өңірдегі 
сақталған музыкалық аспаптармен таныстыра отырып өткізуге және мұражай 
қызметкерін қысқа уақытқа шақыруға болады. Сабақ барысында ғаламтор 
желісіне қосылған интерактивті тақта арқылы Ықылас Дүкенұлы атындағы 
Республикалық музыкалық аспаптар мұражайының сайтына кіріп, мұражайда 
сақталған аспаптардың бірегей үлгілерімен таныстырса, сабақ қызықты өтеді. 
Егер оқушылар арасынан ұлттық музыкалық аспаптардың бірінде ойнайтын-
дары болса, оларға ойнап беруге мүмкіндік болады. 
Бағалау мүмкіндігі
Оқушы білімін бағалауға ұсынылатын сұрақтар:
1. Қазақ домбырасының құрылымының атауларын айтамыз
2. Қобыз құрылымы қандай?
3. Қазақтың музыкалық аспаптарының қазіргі кезеңдегі қолданыс аясы 
қандай?
Қосымша тапсырма 
Қазақ халқының музыкалық аспаптарының түрлері мен ұлттық ерек-
шеліктері туралы не білеміз?


101
Білімін шыңдауға берілген тесттен 3 дұрыс жауабын тап!
1. Домбыраның бөліктерін көрсетіңіз:
А) Кедір-бұдыр, сап; 
Е) Қол, аяқ, тұтқа;
В) Құлақ, тиек;
F) сағақ, ойық;
С) Адырна, сазсырнай;
G) Кернеу, мойын;
д) Мойын, шанақ; 
H) Ішек, тиек, аяқ.
Тесттен 3 дұрыс жауабын тап!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   128




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет