8/7 Әдістемелік нұсқау Жалпы білім беретін мектептің 8/7-сынып мұғалімдеріне арналған құрал қазақстан тарихы



Pdf көрінісі
бет18/128
Дата06.12.2023
өлшемі1,11 Mb.
#195358
түріОқулық
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   128
Байланысты:
e2c00f623344b2127e520f0c84e29d6b
4-ВАРИАЦИЯЛЫҚ ҚАТАРЛАРДЫҢ НЕГІЗГІ СИПАТТАМАЛАРЫ, !! Programma konferentsii IMA-2022 (1), 7 - сынып Сүйіспеншілік пен достық тарауы бойынша Екі дос тақырыбындағы ҚМЖ
сабақтың деректі материалдары: Карта, тарихи суреттер, тарихи құ-
жаттардан үзінділер берілген слайд. 
сабаққа қатысты әдістемелік нұсқаулық: оқушылардың танымдық 
қызығушылығын артырып, ынталадыру үшін Жоңғар хандығының құ лауы, 
оның себептері мен салдарларына қатысты мәселелер туралы өз көзқарастарын 
белсенді түрде талдауға қатыстыру, басқа жеке тұлғалық және өзінің 
көзқарастарының негіздерін түсінуге жағдай жасау. Пікірсайыс әдісі өз 
мақсатына жету үшін оқушылардың өз ойларын анық және дәл тұжырымдау 
іскерлігінің болуын, дәйекті дәлелдерді құрастыра білуін талап етіп, оларды 
ойлауға, өз пікірінің дұрыстығын дәлелдеуге, ой жарыстыруға жетелеу қажет. 
сабаққа қатысты ескертпелер: Аталған кезеңдегі қазақ жүздерінің күрделі 
ішкі-сыртқы жағдайының, 1745 жылы Қалдан Серен қайтыс болғаннан кейiн, 
Орталық Азиядағы саяси жағдайдың шиленісуі, Жоңғар мемлекетінің құлауы, 
1756 жылдың наурыз айында маньчжур-қытай әскерлерi Iлe өзенiн бойлай 
Қазақстан шекарасына дейiн жетуінің тарихи салдарларын талдау арқылы 
оқушыларды тарихтан сабақ алуға, мәліметтерді сыни тұрғыдан талдауға 
бағыттау керек. 
сабақтың барысы: Мәселені ХVІІІ ғасырдың 40-жылдарындағы қазақ-
жоңғар қатынастарының сипатын талдау барысында Орта жүз ханы Әбiлмәмбет 
пен белгiлi сұлтан Абылайдың жоңғар шапқыншылығына қарсы тойтарыс 
беру әрекеттерін баяндайды. Осындай күрделі жағдайдағы Ресей үкіметінің 
қазақтарды қорғау деген желеумен Оралдан, Сiбiрден әкелiнген зеңбiректердi, 
әскери бөлiмдердi Ертiс, Алтай өңiрiндегi бекiнiстерге орналастырып, отарлық, 
әсiресе шаруашылық мүддесiн бiрiншi орынға қоюының барысы талданады. 
1745 жылы жоңғар билеушiсi Қалдан Сереннің қайтыс болуына байланы-
сты Жоңғарияда билiк үшiн iшкi бақталастық күшейiп, бұл мемлекет саяси 
жағынан ыдырай бастады. Ендi әлсiреген Жоңғар хандығынан қазақтар ыға 
қойған жоқ.
Жоңғария мемлекетiнiң құлауының барысын түсіндіре отырып, Қалдан 
Сереннің қайтыс болуынан кейінгі ішкі жағдай мен Жоңғар тағына үміткер 
Әмірсанаға Орта жүздiң белдi сұлтандары Абылай мен Әбiлпайыздың қолдау 
көрсетуінің себептері айқындалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   128




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет