14
сабақтың барысы. Аңырақай шайқасынан кейінгі қазақ жүздерінің
ішкі және сыртқы саяси жағдайын талдау арқылы қазақ елінің аса күр-
делі саяси жағдайға тап балуының себептерін айқындау керек. Жоңғар
шапқыншылығының қазақ халқының әлеуметтік-демографиялық, мигра-
циялық және сауда-экономикалық жағдайын өзгертуінің барысын өткен
сабақтармен байланыстыра отырып талдау, патшалық Ресей үкіметі неліктен
қазақ билеушілерінің жоңғарларға қарсы күресте одақтас болу туралы
ұсынысын қабылдауға мүдделі болмауын көрсетеді.
Білімді бағалау мүмкіндіктері: Әбілхайыр хан хатының тарихи маңызы ту-
ралы пікірталас ұйымдастыра отырып, оқушылардың қарастырылып отырған
кезеңдегі саяси, тарихи жағдайды жалпы бағалай білу мен қоры тынды жасай
алу мүмкіндіктеріне байланысты бағаланады.
Қосымша тапсырма.
Оқулықта берілген Әбілхайыр ханның Ресей бодандығына өту жөніндегі
әрекеттерін қалай бағалауға болады? “Бұл ханның жеке басының қам-
қарекетін ойлағаннан туындаған әрекеті ме, әлде халқының тәуелсіздігі мен
тұтастығын сақтап қалу жолындағы күресінің нәтижесі ме” атты тақырыпта
эссе дайындау.
§10. XVIII ғасырдың 30-50-жылдарындағы Қазақстандағы ресей
империясының саясаты
сабақтың мақсаты: 7.3.1.2. – қазақ хандығының ішкі саяси жағдайын
талдау.
7.3.2.2. – қазақ хандығының сыртқы саясатының нәтижелерін анықтау.
зерттеу сұрағы: қазақ хандығының ішкі саяси жағдайының шиеленісуінің
салдары қандай болды?
Достарыңызбен бөлісу: