8/7 Әдістемелік нұсқау Жалпы білім беретін мектептің 8/7-сынып мұғалімдеріне арналған құрал қазақстан тарихы



Pdf көрінісі
бет70/128
Дата06.12.2023
өлшемі1,11 Mb.
#195358
түріОқулық
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   128
Байланысты:
e2c00f623344b2127e520f0c84e29d6b

Тірек сөздер: Хиуа хандығы, Маңғыстау өңірі, Форт-Александровск, Иса 
Тіленбаев, Досан Тәжиев
ресурстар
1. Халық тарих толқынында. Ғылыми серия: мақалалар жинағы. – Т.1-
2. – Астана, 2013.
2. Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан 
отар шылдық және тоталитарлық жүйелер қыспағында. 3-кітап. – Алматы, 2016.
Көрнекілік
Көтеріліс болған аудандардың карталары.
Мақсатты айқындау
Маңғыстау өңірінде болған халық көтерілістерінің сипатын және салдар-
ларын анықтау.
Дамытушылық маңызы.
Маңғыстау өңіріндегі халық көтерілістерін 
басқарған тұлғалардың бүгінгі күні жас ұрпақты тәрбиелеудегі маңызын 
оқушыларға ұғындыру.
Тәрбиелік мақсаты.
Маңғыстау өңіріндегі көтерілістердің қазақ халқының 
ғасырлар бойы келе жатқан ерлік дәстүрінің жалғасы болып табылатынын 
оқушыларға түсіндіру арқылы оларда отаншылдық сезімді көтеру.
сабақтың деректік материалдары
Оқытушы оқушыларды 1870 жылғы Маңғыстау көтерілісіне басланысты 
шығарма жаздырады. Осы екі көтерілістің басты ерекшеліктерін тезис түрінде 
көрсетеді. Оқытушы оқулықтың 149, 150-бетіндегі «Біліміңді тексер» тап-
сырмаларын оқушылардың орындауын қадағалайды:
1. Орал, Торғай облыстарындағы, Маңғыстаудағы көтерiлiстер болған 
аймақтарды картаға түсіріп, көрсет. 
2. Көтерiлiстердің барысына талдау жасайтын хронологиялық кесте жаса:
Оқиғалар мерзімі
Оқиғалар
Нәтижелері
3. Көтеріліске қатысушылардың бірі ретінде естелік-эссе жазып бер. 
4. Орал, Торғай облыстарына, Маңғыстау аймағына байланысты Ресей 


66
империясының, Хиуа және Бұқара хандықтарының ұстанымдарын анықтай 
түсетін кесте жаса:
Ресей империясының 
ұстанымы
Хиуа хандығының 
ұстанымы
Бұқара эмиратының 
ұстанымы
5. 1870 жылғы Маңғыстаудағы қозғалыстың өзінен бұрынғы көтерілістермен 
салыстырғанда өзiне тән ерекшелiктерi қандай болғанын анықтайтын салыс-
тырмалы кестені жаса:
Сырым 
Датұлы 
бастаған 
көтеріліс
Исатай 
Тайманұлы 
бастаған 
көтеріліс
Есет 
Көтібарұлы 
бастаған 
көтеріліс
Жоламан 
Тіленшіұлы 
бастаған 
көтеріліс
Досан 
Тәжіұлы 
бастаған 
көтеріліс


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   128




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет