8/7 Әдістемелік нұсқау Жалпы білім беретін мектептің 8/7-сынып мұғалімдеріне арналған құрал қазақстан тарихы


§ 42. ХІХ ғасырдың 80—90 жылдарындағы



Pdf көрінісі
бет80/128
Дата06.12.2023
өлшемі1,11 Mb.
#195358
түріОқулық
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   128
Байланысты:
e2c00f623344b2127e520f0c84e29d6b

§ 42. ХІХ ғасырдың 80—90 жылдарындағы
әкімшілік-аймақтық реформалар
1-сабақ. «Түркістанды басқару туралы» ереже және оның салдарлары.
сабақтың мақсаты
Патша үкіметінің 1884 жылғы «Түркістан өлкесін басқару туралы» 
ережесінің мазмұны мен салдарларын таныстыру
зерттеу сұрағы
«Түркістанды басқару туралы» Ережені енгізу неліктен қажет болды?


75
Оқулық
ХІХ ғасырдың 80—90 жылдарындағы әкімшілік-аймақтық реформалар. 
148–150 бет.
ресурстар
История Казахстана.Энциклопедический справочник. - Алматы, 2010.
Елтұтқа. Ел тарихының әйгілі тұлғалары: оқу құралы»(М.Жолдасбекұлы,Қ.
Салғараұлы, А.Сейдімбек). — Астана,2001.
Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан 
отаршылдық және тоталитарлық жүйелер қыспағында. 3-кітап. - Алма-
ты,2016.
Тірек сөздер: Отар, түркістан өлкесі, ереже, комиссия.
Көрнекілік. 
«Түркістанды басқару туралы ереженің схема түрінде көрсетілген құры-
лымы. Жобадан үзінділер.
Мақсатты айқындау
Оқытушы «Түркістанды басқару туралы» Ереженің мазмұнымен таныстыру 
барысында бұл құжаттың басты мақсаты Түркістан өлкесін орталық Ресейдің 
басқару жүйесіне енгізу болып табылатынын оқушыларға түсіндіреді. 
дамытушылық маңызы. Түркістандағы Ресей отарлауының шаруашылық-
тық және рухани салдарлары күні бүгінге дейін өзінің жағымсыз қорытын-
дыларын қалдырғанын оқушыларға ұғындыру.
Тәрбиелік маңызы. Түркістан өлкесін Орталық Ресейден басқарудың қолға 
алынуы шын мәнінде осы аймақты тәуелсіздіктен айыру болып табылатынын 
оқушыларға айта келе оларды тәуелсіз елді құрметтеу рухында тәрбиелеу.
сабақтың деректік материалдары
Оқытушы «Түркістанды басқару туралы» ереженің кейбір тұстарынан 
үзінділер пайдаланады. Оқушылар оқулықтың 164-бетінде көрсетілген 
сауалдарға жауап береді. 
1. Патша үкіметі өзінің Қазақстан мен Түркістанды отарлау саясатын 
арнайы Ережелер шығарып, заңдастыруға неліктен ұмтылды?
2. 1886 және 1891 жылдардағы әкiмшiлiк басқарудағы өзгерiстердi 
1867-1868 жылдардағы реформамен салыстыра талдап, арнайы кесте құрас-
тырыңдар:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   128




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет