107
редакция жасауымды және баспагер табуымды өтінді. Өз жұмысым қиын
болса да, бұл істің жеңіл еместігіне қарамастан, Шоқан Уәлиханов аруағының
ризалығы үшін және шығыстануға үлес болсын деп бас тартпай, оның жазба-
ларын қарап шығуға келістім. Бұл жұмыс мен ойлағаннан да күрделі болып
шықты. Өкінішке қарай, Г.Н. Потанин маған түпнұсқамен салыстырылмаған
көшірмені беріпті, ал олардың біразының түпнұсқасын табу мүмкін болмады.
Кейіннен, Потанин мырза арқылы Уәлихановтың бастапқы жазбаларын
алдым. Оны К.К. Гутковскийдің қызы К.К. Гутковскаядан алдым.
Менің
өтінішім бойынша Г.Н. Потанин мен Н.М. Ядринцев Шоқан Уәлиханов ту-
ралы естелік жазды. Сондай-ақ, менің қолыма оның отандасы, Түркістан
өлкесінде қызмет еткен және 1891 жылы Ресей консулы қызметінде жүріп
Джидда қаласында тырысқақ ауруынан дүние салған И.И. Ибрагимовтың
естелігі түсті. Уәлихановты жақсы білетін С.Я. Капустин бұл басылымнан
бөлек, оның толық өмірбаянын
жазып шықпақ ойы болған, бірақ онда
Уәлиханов туралы еш мағлұмат айтылмаған, кіріспе сөзбен ғана шектеліпті.
Орыс географиялық қоғамының кеңесі,
менің мәлімдемемнен кейін
Уәлихановтың шығармалар жинағын басуға қажет қаражатты бөлуге шешім
қабылдады, солайша мен баспа ісіне кірістім. Бірақ мені өте қынжылтқан
жағдай: Уәлихановтың негізгі жұмысы “1858-1859 жылдардағы Алты-
шар немесе Қытай провинциясы Нан-Лудың (Кіші Бұхар) алты шығыстық
қаласының жағдайы туралы” деп аталатын мақаласының түпнұсқасын ала
алмадым, бұл мақала қоғамның “Жазбаларында” ұқыпсыз редакцияланған,
өте көп қате кеткен. Тек мақаланы теру кезінде мен Уәлихановтың Сыртқы
істер министрлігі мұрағатында сақталған есебімен танысу мүмкіндігіне ие
болдым. Есеп көшірмеші қолымен жазылған, кей жерлеріне Уәлиханов өзі
түзету енгізген.
Бұл мәтіннің осы томдағы барлық күмәнді тұстарын мен бөлек орнала-
стырдым (398-403 бб.), қалған қосымшалар өзгеріссіз берілді. Бұл ғасырдағы
Шығыс Түркістан туралы біздің мағлұматтарымыз негізінен ол жаққа барып
келген сібірлік көпестер арқылы жиналды. Осы саладағы ең тамаша еңбек
біздің казак корпусында қызмет еткен қырғыз сұлтаны Уәлихановтың еңбегі
болып табылады. 50-жылдардың басында ол Шығыс Түркістанға саудагер
ретінде барып біраз қолжазба жинады. Ол Шығыс Түркістан болып саналатын
Жоңғария мен Алтышардың (Алты қала) сипаттамасын жасады. Бұл еңбек
1861 жылы жарық көрген “Географиялық қоғам жазбаларында” жарияланған.
А.Н. Пыпин.
Достарыңызбен бөлісу: