8/7 Әдістемелік нұсқау Жалпы білім беретін мектептің 8/7-сынып мұғалімдеріне арналған құрал қазақстан тарихы



Pdf көрінісі
бет125/128
Дата06.12.2023
өлшемі1,11 Mb.
#195358
түріОқулық
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   128
Байланысты:
e2c00f623344b2127e520f0c84e29d6b

сабақтың деректік материалдары
Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы, Құрбанғали Халид 
шығармалары сабақтың негізгі деректік материалдарын құрайды. Олардың 
еңбектерінен үзінділер дайындап, оқушыларға оқып беріп, оқушыларға толық 
оқуға ұсыну керек
сабақ түрі мен әдісі 
Пәнаралық сабақтастық. Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мәшһүр Жүсіп 
Көпейұлы, Құрбанғали Халид еңбектеріне тек қана тарихи дерек көзі ретінде 
ғана емес, қазақ халқының рухани мұрасы ретінде қарау. Әдебиет пәнімен 
байланыста өту. Сыни ойлау, сыни талдау. 
сабаққа қатысты ескертпелер
Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы, Құрбанғали Ха лидтың 
өмірімен олардың құнды еңбектерімен таныстыру керек. Мәшһүр Жүсіп 
Көпейұлының “Наурыз” атты шығармасындағы мәліметтерді оқи отырып, 
қазіргі күнгі Наурыз мерекесінен қандай айырмашылықтар барын талқылау. 
Бағалау мүмкіндіктері
сабақты қорытындылау барысында Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мәшһүр 
Жүсіп Көпейұлы, Құрбанғали Халид шығармаларының аттарын, олардың 
қазақ тарихынан алатын орындары жайлы өз ойларын айтуды ұйымдастыру 
керек. 
Қосымша тапсырмалар
Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы, Құрбанғали Халид 
өмір жолдарымен таныса отырып, осылардың бірі туралы “Тұлға” атты эссе 
жаз.
Білімін шыңдауға берілген тесттен 3 дұрыс жауабын тап!
1. Шәкәрім Абайдың қандай туысы болатынын анықта:
А) Шәкірті;
В) Құнанбайдың үшінші әйелі Айғанымның ұлы;
С) Абайдың Оспаннан кейінгі інісі;
Д) Абайдың екінші әйелі Айгерімнен туған ұлы;
е) Құнанбайдың бәйбішесі Күнкеден туған Құдайбердінің баласы;


123
F) Абайдың ағасы Тәкежанның үлкен ұлы;
G) Абайдың інісі Құдайбердінің кіші ұлы;
H) абайдың нағашы інісі.
Тесттен 2 дұрыс жауабын тап!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   128




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет