118
кейде
жақсылықты берік ұстап, кейде жамандықты берік ұстап кетесің,
соның жаман, – депті.
– Ей, ақыл! Сенің айтқандарыңның бәрі де рас. Сенсіз ешнәрсе табыл-
майтұ ғыны да рас. Жаратқан тәңіріні де сен танытасың, жаралған
екі дүниенің жайын да сен білесің. Бірақ сонымен тұрмайсың, амал да, айла
да – бәрі сенен шығады. Жақсының, жаманның екеуі нің де сүйенгені, сен-
гені – сен; екеуінің іздегенін тауып беріп жүрсің, со ның жаман, – депті. –
Сен үшеуіңнің басыңды қоспақ – менің ісім, – депті. Бі рақ сонда билеуші,
әмірші жүрек болса жарайды. Ақыл, сенің қырың көп, Жүрек сенің ол көп
қырыңа жүрмейді. Жақсылық айтқаныңа жаны-діні құмар болады. Көнбек
түгіл қуанады. Жаманшылық айтқаныңа ермейді. Ермек түгіл жиреніп,
үйден қуып шығарады.
– Қайрат, сенің қаруың көп, күшің мол, сенің де еркіңе жібермейді. Орын-
ды іске күшіңді аятпайды. Орынсыз жерге қолыңды босатпайды. Осы үшеуің
басыңды қос, бәрін де жүрекке билет, – деп ұқтырып айтушының аты ғылым
екен. Осы үшеуің бір кісідей менің айтқанымдай табылсаңдар, табанының
топырағы көзге сүртерлік қасиетті адам – сол. Үшеуің ала болсаң, мен жүректі
жақтадым. Құдайшылық сонда, қалпыңды таза сақта, құдай тағала қалпыңа
әрдайым қарайды
деп кітаптың айтқаны осы, – депті.
Достарыңызбен бөлісу: