114
ресурстар
1. Ыбырай Алтынсарин. Таңдамалы шағармалар. Алматы: Ғылым, 1994.
2.
Сүйінішәлиев
Х. ХІХ ғасыр әдебиеті. Хрестоматия. Алматы: Ана тілі,
1992.
3. Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 3-том. –
Алматы: Атамұра, 2002. 768 б.
Көрнекілік
Фотослайд, Ыбырай Алтынсариннің шығармалар жинағының, еңбек терінің
мұқабасы түсірілген суреттер.
Мақсатты айқындау
Ыбырай Алтынсариннің “өнегелі өмір” жолдары мен ағартушылық, шы-
ғармашылық жолдарымен, еңбектерімен, қоғам дамуында атқарған істе рімен,
Қазақстан тарихында алатын орнын жас ұрпаққа түсіндіру.
Оқушыларға
Ыбырай Алтынсариннің орыс-қазақ мектептеріне арнап жазған “Қазақ хре-
стоматиясы”, “Қазақтарға орыс тілін үйретуге ал ғашқы басшылық” атты
оқулықтарымен таныстырып, оқулықтарға орыс жазушыларының балаларға
арналған шағын шығармаларымен қоса,
өзінің жазған өлең, әңгімелері,
еңбектерінің тәрбиелік маңызын, оның орыс-қазақ мектептері мұғалімдеріне
оқулық, көмекші құрал ретінде орыс педагогтары
мен жазушыларының
еңбектері мен оқулықтарын аударып ұсынудағы тәжірибесін айтып жеткізу.
Дамытушылық маңызы.
Ыбырай Алтынсариннің ұстаздық қызметі,
ұстаздық, ағартушылық қызметін таныстыру
арқылы оқушылардың оны
“Ұлттық тұлға” ретінде тануына қол жеткізу. Ыбырай Алтынсариннің
еңбектерін оқушыларға таныстыру, оқыту арқылы оқушылардың санасын,
көзқарасын “ұлттық идеология” тұрғысынан қалыптастыру.
Тәрбиелік маңызы.
Ыбырай Алтынсариннің
ұстаздық қызметі арқылы
оқушыларды ұстазды құрмет тұтуға, еңбектерін оқыту арқылы үлкенді
сыйлауға, жамандық пен жақсылықты, сараңдық пен жомарттықты, шындық
пен жалғандықты ажырата білуге, ой-санасын қалыптастыра білуге, өзін-өзі
тәрбиелей білуге, өзін-өзі тани білуіне тәрбиелеу.
Достарыңызбен бөлісу: