113
құрамынан сабаққа “Шоқантану” бойынша пікір айтуға қонақ шақырса да
болады. Оқушыларға Шоқан Уәлиханов туралы түсірілген көркем фильмдер
мен деректі фильмдерді көруді ұсыну керек. Факультатив сабаққа таңдаулы
оқушыларға “Шоқантанудан” баяндама, ғылыми жоба қорғауға тақырып
беру керек. Факультатив, үйірменің қорытынды отырысында “Шоқан мен
оның достарының” арасындағы диалогтан көрініс ұйымдастыруға да болады.
Алтынемел аймағында тұратын мектептер осы тақырыптағы сабақты Шоқан
Уәлихановтың мұражайында өтуі керек. Нәтижесінде, осы тақырыпты жүргізу
әдістемесін “әдістемелік журналдарда” (”Қазақ тарихы”, “Мектептегі ғылыми
жұмыс” т.б.) жариялап тәжірибемен бөлісу қажет.
Бағалау мүмкіндігі
Оқушы білімін бағалауға ұсынылатын сұрақтар:
1. Шоқан Уәлихановтың ғылыми экспедицияларының бағыттары.
2. Шоқан Уәлихановтың орыс ғалымдары және ағартушылармен рухани
байланысының нәтижесі неде?
Қосымша тапсырма
Шоқан Уәлиханов туралы ғалымдар мен зиялы қауым өкілдерінің
естеліктерімен танысып, талдау жасаңдар.
Достарыңызбен бөлісу: