8/7 Әдістемелік нұсқау Жалпы білім беретін мектептің 8/7-сынып мұғалімдеріне арналған құрал қазақстан тарихы



Pdf көрінісі
бет117/128
Дата06.12.2023
өлшемі1,11 Mb.
#195358
түріОқулық
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   128
Байланысты:
e2c00f623344b2127e520f0c84e29d6b

сабақтың деректік материалдары
“Аш қасқырдың қойға ұмтылғаны сияқты, мен балаларды оқытуға қызу 
кірістім және мені өте қанағаттандыратыны – бұл балалар әлдеқандай үш 
айдың ішінде орысша және татарша оқуды және тіпті жазуды үйреніп 
алды... Қысқасы, бұл жастар 4 жылдық курсты бітіргеннен кейін тәп-тәуір 
сөйлейтін және жаза алатын болады. Кейіннен парақор болмауы үшін олардың 
адамгершілігіне де ықпал жасауға бар күшіммен тырысамын” (
Ыбырай Ал-
тынсарин, 1864 жыл 16 наурыз
сабақ түрі мен әдісі
Тұлғатану, дөңгелек үстел (мұғалім–модератор, оқушылар–атысушылар). 
Дискурс, ақпараттылық, ғылымилылық.
сабаққа қатысты ескертпелер
Сабақты өту барысында басты назарда ұсталатын мәселелер: 
1. Ыбырай Алтынсариннің еңбек жолы. 
2. Ыбырай Алтынсариннің “Қазақ хрестоматиясы” оқулығы. 
3. Ыбырай Алтынсариннің балаларға арнап жазған еңбектері. 


115
4. Ыбырай Алтынсарин ашқан оқу орындары. 
Тақырыпты жүргізуде сабаққа ардагер ұстаздың бірін, Қазақ әдебиеті 
пәнінің мұғалімін шақыруға болады. Бұл сабақта да кітапхана мен кітап 
қорынан көрмесін ұйымдастыру керек. Оған Ыбырай Алтынсариннің 
шығармаларынан бөлек, Ыбырай Алтынсарин туралы жазылған еңбектерді 
де қоюға болады. Газет, журнал мақалаларын да қамту керек. Мектеп 
кітапханашысы да сабаққа қатысып, 3 минут уақытқа өз пікірін айтып, кітап 
қорымен қысқаша таныстырып өту керек. 
Бағалау мүмкіндігі
Оқушы білімін бағалауға ұсынылатын сұрақтар:
1. Ыбырай Алтынсариннің балаларға арналған қандай шығармалары бар?
2. Ыбырай Алтынсариннің қандай өлеңін жатқа білесіңдер?
3. Ыбырай Алтынсарин ұстаздарға арнап қандай еңбектер жазған?
Қосымша тапсырма
Ыбырай Алтынсариннің балаларға арналған шығармаларын оқып, өз 
пікірлеріңді айтыңдар. 
Ыбырай Алтынсариннің өлеңдерінің бірін жатқа айту.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   128




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет