8/7 Әдістемелік нұсқау Жалпы білім беретін мектептің 8/7-сынып мұғалімдеріне арналған құрал қазақстан тарихы



Pdf көрінісі
бет121/128
Дата06.12.2023
өлшемі1,11 Mb.
#195358
түріОқулық
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   128
Байланысты:
e2c00f623344b2127e520f0c84e29d6b

жиырма бірінші сөз
Аз ба, көп пе, адам баласы бір түрлі мақтаннан аман болмағы – қиын іс. 
Сол мақтан деген нәрсенің мен екі түрлісін байқадым: біреуінің атын үлкендік 
деп атаймын, біреуін мақтаншақтық деймін. Үлкендік – адам ішінен өзін-
өзі бағалы есеп қылмақ. Яғни, надан атанбастығын, жеңіл атанбастығын, 
мақтаншақ атанбастығын, әдепсіз, арсыз, байлаусыз, пайдасыз, сұрамшақ, 
өсекші, өтірікші, алдамшы, кеселді – осындай жарамсыз қылықтардан 
сақтанып, сол мінездерді бойына қорлық біліп, өзін ондайлардан зор есеп-
темек. Бұл мінез – ақылдылардың, арлылардың, артықтардың мінезі. Олар 
өзімді жақсы демесе, мейлі білсін, жаман дегізбесем екен деп азаптанады. 
Екінші, мақтаншақ деген біреуі “демесін” демейді, “десін” дейді. Бай десін, 
батыр десін, қу десін, пысық десін, әрдайым не түрлі болса да, “десін” деп 
азаптанып жүріп, “демесінді” ұмытып кетеді. Ұмытпақ түгіл, әуелі іс екен 
деп ескермейді. Мұндай мақтаншақтардың өзі үш түрлі болады. Біреуі жатқа 
мақтанарлық мақтанды іздейді. Ол – надан, ләкин надан да болса адам. 
Екіншісі өз елінің ішінде мақтанарлық мақтанды іздейді. Оның надандығы 
толық, адамдығы әбден толық емес. Үшіншісі өз үйіне келіп айтпаса, я 
ауылына ғана келіп айтпаса, өзге кісі қостамайтын мақтанды іздейді. Ол – 
наданның наданы, ләкин өзі адам емес.
Жатқа мақталсам екен деген елім мақтаса екен дейді. Еліме мақталсам 
екен деген ағайыным мақтаса екен дейді. Ағайынның ішінде өзі мақтау іздеген 
өзімді өзім мақтап жетем дейді.
Отыз екінші сөз
Білім-ғылым үйренбекке талап қылушыларға әуелі білмек керек. Талаптың 
өзінің біраз шарттары бар. Оларды білмек керек, білмей іздегенмен табылмас.
Әуелі – білім-ғылым табылса, ондай-мұндай іске жаратар едім деп, дүниенің 
бір қызықты нәрсесіне керек болар еді деп іздемекке керек. Оның үшін білім-


119
ғылымның өзіне ғана құмар, ынтық болып, бір ғана білмектіктің өзін дәулет 
білсең және әр білмегеніңді білген уақытта көңілде бір рахат хұзур хасил 
болады. Сол рахат білгеніңді берік ұстап, білмегеніңді тағы да сондай білсем 
екен деп үміттенген құмар, махаббат пайда болады. Сонда әрбір естігеніңді, 
көргеніңді көңілің жақсы ұғып, анық өз суретімен ішке жайғастырып алады.
Егер дін көңілің өзге нәрседе болса, білім-ғылымды бір-ақ соған себеп 
қана қылмақ үшін үйренсең, ондай білімге көңіліңнің мейірімі асырап алған 
шешеңнің мейірімі секілді болады. Адамның көңілі шын мейірленсе, білім-
ғылымның өзі де адамға мейірленіп, тезірек қолға түседі. Шала мейір шала 
байқайды.
Екінші – ғылымды үйренгенде, ақиқат мақсатпен білмек үшін үйренбек 
керек. Бахасқа бола үйренбе, азырақ бахас көңіліңді пысықтандырмақ үшін 
залал да емес, көбірек бахас адамды түземек түгіл, бұзады. Оның себебі 
әрбір бахасшыл адам хақты шығармақ үшін ғана бахас қылмайды, жеңбек 
үшін бахас қылады. Ондай бахас хусідшілікті зорайтады, адамшылықты 
зорайтпайды, бәлкім, азайтады. Және мақсаты ғылымдағы мақсат болмай-
ды, адам баласын шатастырып, жалған сөзге жеңдірмекші болады. Мұндай 
қиял өзі де бұзықтарда болады. Жүз тура жолдағыларды шатастырушы 
кісі бір қисық жолдағы кісіні түзеткен кісіден садаға кетсін! Бахас – өзі де 
ғылымның бір жолы, бірақ оған хирслану жарамайды. Егер хирсланса, өз 
сөзімшіл ғурурлық, мақтаншақтық, хусідшілік бойын жеңсе, ондай адам 
бойына қорлық келтіретұғын өтіріктен де, өсектен де, ұрсып-төбелесуден де
қашық болмайды.
Үшінші – әрбір хақиқатқа тырысып ижтиһатыңмен көзің жетсе, соны 
тұт, өлсең айрылма! Егерде ондай білгендігің өзіңді жеңе алмаса, кімге пұл 
болады? Өзің құрметтемеген нәрсеге бөтеннен қайтіп құрмет күтесің?
Төртінші – білім-ғылымды көбейтуге екі қару бар адамның ішінде: 
бірі – мұлахаза қылу, екіншісі – берік мұхафаза қылу. Бұл екі қуатты зорайту 
жаһатінде болу керек. Бұлар зораймай, ғылым зораймайды.
Бесінші – осы сөздің он тоғызыншы бабында жазылған ақыл кеселі деген 
төрт нәрсе бар. Содан қашық болу керек. Соның ішінде уайымсыз салғырттық 
деген бір нәрсе бар, зинһар, жаным, соған бек сақ бол, әсі ресе, әуелі – құданың, 
екінші – халықтың, үшінші – дәулеттің, төртінші – ғибраттың, бесінші – 
ақылдың, ардың – бәрінің дұшпаны. Ол бар жерде бұ лар болмайды.
Алтыншы – ғылымды, ақылды сақтайтұғын мінез деген сауыты болады. 
Сол мінез бұзылмасын! Көрсеқызарлықпен, жеңілдікпен, я біреудің орынсыз 
сөзіне, я бір кез келген қызыққа шайқалып қала берсең, мінездің беріктігі 
бұзылады. Онан соң оқып үйреніп те пайда жоқ. Қоярға орны жоқ болған 
соң, оларды қайда сақтайсың? Қылам дегенін қыларлық, тұрам дегенінде 
тұрарлық мінезде азғырылмайтын ақылды, арды сақтарлық беріктігі, қайраты 
бар болсын! Бұл беріктік бір ақыл, ар үшін болсын!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   128




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет