Тақырыбы: «Бастауыш сыныпта мазмұндама жұмысын жүргізу тәсілдері»



Дата19.12.2016
өлшемі38,19 Kb.
#4211
Тақырыбы: «Бастауыш сыныпта мазмұндама жұмысын жүргізу тәсілдері»
Ұстаздардың алдында тұрған басты міндеттердің брі- Отан сүйетін еңбексүйгіш, кез келген жағдайда шешімін тауып шыға алатын жеке тұлға тәрбиелеу. Мұның бәрі тіл арқылы жүзеге асады. Баланың тілі бай болса, оның ойы да кең болады. Сондықтан баланың тілін байытып, ой- өрісін кеңейте түсу үшін, өз ойын жазбаша жеткізе білудің маңызы өте зор. Оқу мен жазуды жаңа меңгерген бірінші сынып оқушыларына мазмұндама, шығарма жазып кету бірден оңайға түспейтін кез -келген бастауыш сынып мұғалімі жақсы біледі. Оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін түрлі түсті суреттермен жұмыс жасалады. Мазмұндама дегеніміз белгілі бір шығараманың, мәтіннің мазмұнын ауызша немесе жазбаша түрде баяндап беру. Бұл оқушылардың алаған білімдерін тиянақтап, тілін дамыту мақсатын көздейді. Мазмұндаманы екінші төртінші сыныптарда бірте бірте күрделендіре жүргізіледі. Оқушылар ауызша мазмұндауға толық төселіп болғанға дейін жазуға кірісер алдында оқушылармен ауызша әңгіме өткізіп, жазу жұмысына дайындау міндетті түрде қажет болады. Мәтіннің көлемі біріншісынып үшін 40-50 сөз. Екінші сынып үшін 50-60 сөз. Үшінші сынып үшін 60-80 сөз. Төртінші сынып үшін 80-90 сөз болған дұрыс. Мазмұндамаға екі баға қойылады

  1. сауаттылығына

  2. мазмұндылығына

Бастауыш сыныптарда мазмұндаманы мына сияқты материалдар бойынша жаздыруға болады.

  1. дайын мәтін бойынша

  2. сурет бойынша

  3. шығармашылық жолмен

  4. кино, бейнефильм бойынша

Енді өзімнің екінші сыныбымда өткізген «Қарлығаш пен торғай» атты мазмұндамаға тоқталып өтейін.

Мақсаты: а) мазмұндама жазуға үйрету, мазмұндаманың жазу әдісімен таныстыру.

ә) құстардың аттарымен таныстыра отырып сабақты жоспарлы түрде жүйелі баяндауға ықпал ету.

б) құстарды қорғауға, достық көмекке, адамгершілікке үйрету.

Корнекі құралдар: тексті көркем түрде жазу, құстардың суретін салу, жоспар жазу, мақал мәтел, сюжетті сурет.

Әдістер: сұрақ жауап, демонстрациялау, түсіндіру, байқау.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

Балалар, бүгін біз мазмұндама жазуды үйренеміз. Мазмұндама жұмысы берілген тақырып бойынша жазылады. Бүгінгі жазатын мазмұнамамыздың тақырыбы «Қарлығаш пен торғай» Барлығымыз мұқият тыңдаймыз. Мен мына мәтінді сендерге оқып беремін. Балалар, мәтіннің мазмұнын түсіндік пе? Шығарманың өн бойындағы ойды ашу үшін сұрақ жауап әдісін ұйымдастырамын.

-Қарлығаш не салды?

-Қарлығаш ұя салды.

-Қарлығаштың дайын ұясын не тартып алды?

-Торғай қарлығаштың ұясын тартып алып, өзі орналасып алды.

-Торғайды қуып шығуға несі жетпеді?

-Торғайға қарлығаштың жалғыз өзінің шамасы келмеді.

-Қарлығаш көмекке басқа қарлығаштарды неге шақырады?

-Шамасы келмеген соң.

-Қарлығаштар түгел жиналып не істеді?

-Қарлығаштар торғайды үйінен қуып шықты.

-Қарлығаш өзінің ұясына қайта келді ме?

-Қарлығаштар өзінің ұясына қайтадан келіп қоныстанды.

Бұдан кейін балалардың назарын тақтадағы мақал- мәтелдерге аударамын.

Досы көпті жау алмайды,

Ақылы көпті дау алмайды.

деген мақалды алдын-ала дайындап жазып әкелемін. Оны сабақ барысында тақтаға іліп, мәнін тақырыппен байланыстыра түсіндіремін. Қарапайым сөзбен айтқанда досың көп болса басыңа қиын жағдай түскенде жалғыз қалдырмайды, Қатты қиналған кезде қол ұшын береді. Бұдан кейін балалардың құстар туралы білімін кеңейту үшін тақтаға құстардың суретін ілемін.

-Балалар, құстар екі топқа бөлнеді. Үй құстары және жабайы құстар. Үй құстары адамның асырауымен өседі, етін жейміз, жүнін пайдаланамыз. Жабайы құситардың да үйде тұрақтап өспегенменен табиғатқа тигізер пайдасы зор. Ағаштарды зиянды жәндіктерден тазартады, еліміздің, табиғи байлығымыздың сәні болып саналады. Үй құстарына мыналар жатады: қаз, үйрек, күркетауық, тауық. Ал жабайы құсатарға қарға, сауысқан, көгершін, торғай, қарлығаш. Балалар бүгін біздің жазатын мазмұндамаыздың тақырыбы Қарлығаш пен торғай болғандықтан тақтадағы суреттен қарлығаш пен торғайды ажыратып алайық.

-Балалар, тақтадағы суреттен қарлығашты, торғайды ажырата аламыз ба?

-Иә.

-Ендеше, қарлығаш жайлы айтып өтейік. Қарлығаш адамдар жүретін жерде жүреді. Оның басқа құстардан ерекшелігі ұясын сарайдың ішіне, адам жүретін жерлерге салады. Қарлығаш өте киелі құс. Оның ұясын бұзуға боламайды.



Мазмұндама барысы толығырақ түсінікті болу үшін, оқушылар оны жүйелі түрде баяндау үшін жоспар құрамын. Бұл жоспар шығарма кейіпкерінің толық іс әрекетін ашуға көмектеседі.

ЖОСПАР


  1. Қарлығаштың ұя салуы.

  2. Дайын ұяны торғайдың тартып алуы.

  3. Әлі жетпеген қарлығаштың достарын шақыруы.

  4. Достарының көмееке келуі.

  5. Қарлығаштың қайтадан үйіне қоныстануы.

Осы жоспарды үйден арнайы плакатқа жазып, дайындап әкелемін. Дайын жоспарды тақтаға ілемін. Осы жопар арқылы яғни осы жоспарды пайдалана отырып 1-2 оқушыға мазмұндама жұмысынан түсінгенін айтқызамын. Содан кейін балалардың назарын тақтаға аударып,

-Осы мазмұндама текстінің ішінде сендерге түсініксіз сөз бар ма? «Иә» деп жауап береді

Мұғалім: Ол қандай сөздер? деп сұрайды.

Сонда оқушылар: Дайын, шамасы, түгел, қуып шықты, қоныстанды деп жауап береді.

Ендеше осы сөздерге жеке- жеке тоқталып өтейік деп сөздік жұмысын жүргіземін.

Дайын- салынып біткен.

Қоныстанды -орналасты

Түгел- барлығы



Шамасы- күші, әлі жетпеді деген мағынада.

Осы жоспар бойынша балалар мазмұндаманы жазып аяқтайды.
Каталог: uploads -> doc -> 0ef4
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0ef4 -> Сабақтың тақырыбы Адамдардың қысқы еңбегі Жалпы мақсаты
0ef4 -> 1. Білімділік: ХІХ ғасырдың аса көрнекті сазгері, күй атасы Құрманғазы Сағырбайұлының өмір жолы, күйлері, олардың шығу тарихы туралы түсінік беру


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет