2-сабақ. Тақырып: Көтерілістің барысы, батырлары, жеңілуі және тарихи маңызы Оқыту мақсаты 7.3.1.6 – ұлт-азаттық көтеріліс басшыларының рөліне баға беру.
зерттеу сұрағы: Кенесары хан бастаған ұлт-азаттық көтерілісінде халық батырлары қандай
рөл атқарды?
Тірек сөздер: Наурызбай батыр, Ағыбай батыр, Иман батыр, Жанайдар
батыр, Жәуке батыр, Сұраншы батыр, Байзақ батыр, Сыпатай батыр, Жола-
ман батыр, Бұқарбай батыр, Байсейіт батыр
Оқулық Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс. 111-121 беттер.
ресурстар Елтұтқа. Ел тарихының әйгілі тұлғалары: оқу құралы»(М.Жолдасбекұлы,Қ.
Салғараұлы, А.Сейдімбек). - Астана,2001.
Қазақстан(Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан
отаршылдық және тоталитарлық жүйелер қыспағында. 3-кітап. - Алматы,
2016.
Көрнекілік Астана қаласындағы Кенесарының ескерткіші (оқулықтың 115-беті). Жа-
найдар батырдың Қарағандыдағы, Ағыбай батырдың балқаш қаласындағы,
Жоламан Тіленшіұлының суреті, Сұраншы мен Саурықтың Алматы
қаласындағы ескерткіші, Бұқарбай батырдың ескерткіші (оқулықтың 115-
120 беттері).
Мақсатты айқындау Кенесары Қасымұлын көтерілісте қолдаған халық батырларының бейнесін
ашу. Кенесарының қырғыз манаптарымен қарым-қатынасының қасіретті
салдарларын анықтау.
дамытушылық маңызы. Кенесары көтерілісіне қатысқан халықтық
батырлардың бейнесі және ерліктері бүгінгі қазақ халқының жас ұрпағын
ерлікке, отаншылдыққа тәрбиелеуде үлкен рөл атқарып отырғанын
оқушыларға түсіндіріп, мұның бүгінгі тәуелсіз қазақ елі үшін зор маңызын
айқындау.
49
Тәрбиелік мақсаты. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозға-
лысқа қатысқан тарихи тұлғалардың және қазақтың ең соңғы ханының
мемлекетшілдігінің, ерліктері мен батырлықтарының негізінде оқушылар
бойында отаншыл, халықшыл қасиеттерді қалыптастыру.